"Қару мен оқ-дәрінің ұрлануы, жоғалуы не әскери қызметшінің әскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері қолбасшылығының және әскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 351 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 501 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21391 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қару мен оқ-дәрінің ұрлануы, жоғалуы не әскери қызметшінің әскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері қолбасшылығының және әскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15530 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қару мен оқ-дәрінің ұрлануы, жоғалуы не әскери қызметшінің әскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері қолбасшылығының және әскери полиция органдарының ден қою қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қаруымен БӨБТК әскери қызметшіні іздестіру және оны ұстау үшін іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын қылмыстық қудалау органының сұрау салуы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен келісу бойынша әскери техника бөлінеді.".

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әскери қызметші берілуден (қаруды тапсырудан) бас тартқан кезде ҚР ҚПК 128-бабы, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 22) тармақшасы және "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59, 60 және 61-баптары негізінде оны ұстауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері жүргізеді. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен келісу бойынша әскери техника бөлінеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2020 жылы "__"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады