"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21404 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 8 қазаны
№ 309 бұйрығымен
бекітілген

"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

1-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.10.2023 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.10.2023 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – қорытындыны (рұқсат құжатын) не осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Қорытынды (рұқсат құжаты) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге арналған қорытындының (рұқсат құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптары ескеріле отырып жасалады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.10.2023 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.10.2023 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде қарауға жатады.

      Шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Еуразиялық экономикалық
  комиссия алқасының шешіміне
  сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті
  және өндірістік) сынақтарын
  және (немесе) ғылыми-
  зерттеулер жүргізу үшін
  өсімдіктерді қорғаудың
  тіркелмеген құралдарының
  (пестицидтердің) үлгілерін
  әкелуге арналған қорытынды
  (рұқсат құжаты) беру"
  мемлекеттік қызметін көрсету
  қағидаларына
  1-қосымша

"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.10.2023 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледi.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжатын) беру туралы өтініш;
2) тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілеріне арналған инвойстың немесе тауарлық-көліктік жүкқұжаттың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда).

9.

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;
2) қорытынды (рұқсат құжатын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) пестицидтердің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарын жүргізу жоспарында тіркелмеген пестицидтердің болмауы;
5) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шарттың болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Еуразиялық экономикалық
  комиссия алқасының шешіміне
  сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті
  және өндірістік) сынақтарын
  және (немесе) ғылыми-
  зерттеулер жүргізу үшін
  өсімдіктерді қорғаудың
  тіркелмеген құралдарының
  (пестицидтердің) үлгілерін
  әкелуге арналған қорытынды
  (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша
  Нысан

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру туралы өтініш

      № ____/______20

      Кімге_______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қорытынды беруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше

      мемлекеттердің мемлекеттік билік органының атауы)

      Кімнен _________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін – толық ресми атауы, заңды мекенжайы почталық мекенжайы,

      елі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін – аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі, тұрғылықты мекенжайы, почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Қазақстан Республикасының аумағына_______________________________

      (тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарын/ тіркелмеген өсімдіктерді қорғау

      құралдарының шектелген санын – керегін көрсету қажет) әкелуге қорытынды беруді

      сұраймын.

      Орнын ауыстыру түрі _____________________________________________

      (орнын ауыстыру түрі)

      ________________________________________________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (Еуразиялық экономикалық одақтың

      сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

      (ЕАЭО СЭҚ ТН коды)*)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі










      Алушы/жөнелтуші _______________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      Межелі ел/жіберуші ел ____________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі _____________________________________

      Негіздеме: ______________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат:

      Инвойс немесе тауарлық-көліктік жүк құжат __________________________

      (нөмірі, күні)

      Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізуге және (немесе)

      ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шарт

      _________________________________________________________________

      (шарттың нөмірі, қол қойған күні, орындаушы ұйымның атауы, почталық мекенжайы)

      Транзит елі __________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Электрондық цифрлық қолтаңба __________ Күні__________________

      _____________________________________________________________

      (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)

      <*> жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.

      Ескертпе: өтініш нысаны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтардың 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-тармақтарының талаптары ескеріле отырып толтырылады.

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының шешіміне
сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті
және өндірістік) сынақтарын
және (немесе) ғылыми-
зерттеулер жүргізу үшін
өсімдіктерді қорғаудың
тіркелмеген құралдарының
(пестицидтердің) үлгілерін
әкелуге арналған қорытынды
(рұқсат құжаты) беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Қорытынды (рұқсат құжаты)

      №____/______20 /________

      ________________________________________________________________________________

      (қорытынды беруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органының атауы)

      Берілді _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, почталық мекенжайы, елі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      Орнын ауыстыру түрі _____________________________________________________________

      (орнын ауыстыру түрі)

      ________________________________________________________________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі)            (ЕАЭО СЭҚ ТН коды*)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші _________________________________________________________________

      (Атауы, заңды мекенжайы, ел)

      Межелі ел/жіберуші ел ____________________________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________________

      Негіз: __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат ________________________________________________________________

      Транзит елі ______________________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Қорытынды дейін жарамды _____________ ___________________________________________

      (Лауазымы)

      _______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Электрондық цифрлық қолтаңба _______________ Күні_______________

      <*> – жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының шешіміне
сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті
және өндірістік) сынақтарын
және (немесе) ғылыми-
зерттеулер жүргізу үшін
өсімдіктерді қорғаудың
тіркелмеген құралдарының
(пестицидтердің) үлгілерін
әкелуге арналған қорытынды
(рұқсат құжаты) беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидасына
3-қосымша
  Нысан

[Уәкілетті органның
атауы]



[Уәкілетті органның
атауы]

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Берілген күні: [Берілген күні]

      [Көрсетілетін қызметті алушының атауы]

      Тіркеу орны:

      Облыс: [Облыс]

      Аудан: [Аудан]

      Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен]

      [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [ЖСН/БСН]

      Тіркеу күні [күні]

      Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болса), тегі]



      [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады