Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21411 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 26-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 9 қазаны
№ 516 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – Қарулы Күштер) метрологиялық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;

      2) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету – өлшемдердің бірлігі мен талап етілетін дәлдігін сақтауға, қару-жарақ пен әскери техниканы (бұдан әрі – ҚӘТ) жауынгерлік қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін жай-күйде ұстау үшін өлшенетін параметрлерді бақылаудың дұрыстығын арттыруға бағытталған ғылыми және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені;

      3) метрология – өлшемдер, олардың бірлігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары және талап етілетін дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым;

      4) метрологиялық бақылау – метрологиялық қызмет лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі қызметі;

      5) метрологиялық қызмет – қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы;

      6) өлшем – шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан да көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;

      7) өлшем бірлігі – өлшемнің жай-күйi, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;

      8) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердi, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тiркеудi есепке алу құжаты;

      9) өлшем құралы (бұдан әрі – ӨҚ) – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

      10) ӨҚ метрологиялық аттестаттау –жалғыз данада жасалған немесе әкелінетін ӨҚ-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгiлеу (растау);

      11) ӨҚ салыстырып тексеру – ӨҚ-ның міндетті метрологиялық талаптарға сәйкес келуін растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;

      12) ӨҚ салыстырып тексерушi – ӨҚ салыстырып тексеруді жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;

      13) ӨҚ салыстырып тексеру әдiстемесi – орындалуы ӨҚ-ның метрологиялық сипаттамаларға белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкiндiк беретiн операциялар мен қағидалар жиынтығы;

      14) ӨҚ сынау – сынау объектiлерiне әртүрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып, ӨҚ-ның белгiленген нормаларға сәйкестiгі дәрежесiн айқындау үшiн жүргізілетін операциялар жиынтығы;

      15) ӨҚ-ға техникалық қызмет көрсету – пайдалану, тасымалдау және сақтау кезінде оларды ақаусыз жай-күйде ұстауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар кешені;

      16) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      17) шама бiрлiгiнiң эталоны – уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бекiтiлген мөлшерiн осы шамадағы басқа ӨҚ-ға беру мақсатында шама бiрлiгiн (шама бiрлiгiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған ӨҚ.

2-тарау. Метрологиялық қамтамасыз ету тәртібі

      3. Қарулы Күштерде метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мақсаты әскерлерді (күштерді) жауынгерлік әзірлікте, ҚӘТ-ны арналуы бойынша қолдануға әзірлікте, жеке құрамның жауынгерлік қабілетін ұстау болып табылады.

      4. Метрологиялық қамтамасыз ету Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету құрамында, оның ішінде оларды жедел және тылдық қамтамасыз ету мүддесінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      5. Метрологиялық қамтамасыз ету мынадай негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырылады және жүргізіледі:

      1) ӨҚ-ға метрологиялық қызмет көрсету;

      2) ҚӘТ объектілеріне метрологиялық қызмет көрсету;

      3) ӨҚ-ның, шама бірліктері эталондарының жай-күйі мен қолданылуын, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылау;

      4) әскери бөлімдердің жеке құрамын метрологиялық даярлау.

      6. Әскери бөлімдер мен мекемелерде тікелей пайдалану кезінде ҚӘТ объектілерін метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) ӨҚ пайдалану мен сақтаудың тиісті жағдайларын жасау;

      2) ӨҚ дұрыс қолдануды ұйымдастыру;

      3) ӨҚ салыстырып тексеруді уақтылы ұйымдастыру;

      4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

      7. Қарулы Күштердің түрі мен әскер тегінде, өңірлік қолбасшылығында, әскери бөлімі мен мекемесінде ҚӘТ метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) жүзеге асырады. Метрологиялық қамтамасыз ету ӨҚ-ны дұрыс пайдалануды, уақтылы салыстырып тексеру, жөндеу жүргізуді және техникалық жай-күйін ұдайы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      8. Әскери бөлім мен мекеменің метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) салыстырып тексеруге қажеттіліктер мен метрологиялық және жөндеу органдары салыстырып тексеретін және жөндейтін ӨҚ туралы мәліметтер негізінде Қорғаныс министрлігінің метрологиялық және жөндеу органдарына ӨҚ-ны салыстырып тексеруге және жөндеуге ұсыну кестесін жасайды.

      9. Жыл сайын әскер түрлері, тектері, өңірлік қолбасшылықтар, әскери бөлімдер мен мекемелер метрологиялық қызметтерінің бастықтары (штаттан тыс метрологтар) жоғары тұрған метрологиялық қызметке ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйі туралы жылдық есеп беруді ұсынады.

      10. Қарулы Күштерде ҚӘТ метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін бақылауды жылдық жоспарлармен әскери бөлімдер мен мекемелерді тексеру арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы жүзеге асырады.

      11. Қарулы Күштерде метрологиялық бақылау өлшеу құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайтын техникалық сипаттағы қағидалар, ережелер мен талаптар кешенін қамтиды.

      12. Метрологиялық бақылаудың негізгі міндеттері өлшемдердің бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету, ӨҚ паркін жүйелі түрде жетілдіру, ӨҚ-ны қолдануға ұдайы әзірлікте ұстау, ӨҚ салыстырып тексеруді және жөндеуді ұйымдастыру, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды бақылау болып табылады.

      13. ӨҚ метрологиялық бақылау әскери бөлімдерді мынадай негізгі мәселелер бойынша тексеру арқылы жүзеге асырылады:

      1) ӨҚ пайдалану бойынша есепке алу мен құжаттардың бар болуы және дұрыс жүргізілуі;

      2) бөлімшелерде, қызметтерде және жалпы әскери бөлімде пайдаланылатын ӨҚ-ның техникалық жай-күйі, оны күтіп-ұстау және сақтау;

      3) белгіленген мерзімге сәйкес ӨҚ-ны уақтылы салыстырып тексеру;

      4) ӨҚ-ны сақтау;

      5) жеке құрамның ӨҚ-ны пайдалануға дайындығы.

      14. Әскер тегінің, өңірлік қолбасшылықтың метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) жылына бір реттен сиретпей барлық әскери бөлімдерде метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін тексереді.

      15. Әскер түрінің метрологиялық қызмет бастығы екі жылда бір реттен сиретпей барлық әскери бөлімдерде метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін тексереді.

3-тарау. Өлшеу құралдарын пайдалану

      16. ӨҚ әскери техниканың түрі болып табылады және Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізін құрайды. ҚӘТ қолдану тиімділігі, оларға қызмет көрсету және басқа да жұмыстар жүргізу қауіпсіздігі, жеке құрамның денсаулық жағдайын айқындау дұрыстығы, қоршаған ортаның параметрлерін бағалау дәлдігі, сапаны бақылау нақтылығы және материалдық-техникалық құралдарды, азық-түлікті және басқа да материалдық құндылықтарды есепке алу және жұмсау дұрыстығы олардың ақаусыздығы мен арналуы бойынша пайдалануға ұдайы әзірлігіне байланысты. Әскерлерде ӨҚ-ның ақаусыздығы және оларды қолдану дұрыстығы өлшем дәлдігі мен бірлігін айқындайды.

      17. ӨҚ-ға эталондар, шамалар, өлшеу аспаптары мен шамаларды түрлендіргіштер (бергіштер), өлшеу қондырғылары, өлшеу жүйелері мен кешендері, соңдай-ақ басқа да техникалық құрылғылар жатады.

      18. ӨҚ-ны тікелей пайдаланатын әскери бөлімдердің жеке құрамы олардың техникалық сипаттамаларын, техникалық қызмет көрсету қағидаларын білуге, өлшемдер жүргізе білуге, пайдалану процесінде олардың ақаусыздығын және уақтылы салыстырып тексерілуін қадағалауға міндетті.

      19. Өлшеу кезінде қолданылатын, мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерінде метрологиялық талаптар белгіленген ӨҚ олардың түрі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестатталғаннан және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР ӨМЖ тізілімі) тіркелгеннен кейін қолдануға шығарар алдында, жөндеуден кейін және пайдалану кезеңінде салыстырып тексеруге жатады.

      20. ӨҚ бастапқы, кезеңдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық салыстырып тексерулерге ұшырайды.

      Бастапқы салыстырып тексеруге ӨҚ-ның әрбір бірлігі жатады.

      Пайдалануда немесе сақтауда тұрған ӨҚ ҚР ӨМЖ тізілімінде көрсетілген салыстырып тексерудің белгіленген кезеңділігінен (салыстырып тексеру арасындағы интервалдан) кейін кезеңдік салыстырып тексеруге жатады.

      Кезектен тыс салыстырып тексеру:

      1) сақтаудан және тасымалдаудан кейін (оның ішінде жөндеуден кейін) қоймадан алынған ӨҚ-ны пайдалануға беру;

      2) оларға салыстырып тексеру арасындағы интервалдың жартысы өткеннен кейін жасаушы өткізбеген ӨҚ-ны тұтынушыға жөнелту алдында жүргізіледі.

      Инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде олардың ақаусыздығын, соңғы салыстырып тексеру нәтижелерінің дұрыстығын анықтау, қабылданған салыстырып тексеру арасындағы интервалды нақтылау және ӨҚ иелері өкілдерінің қатысуымен пайдалану дұрыстығын анықтау үшін жүргізіледі.

      ӨҚ сараптамалық салыстырып тексеру метрологиялық сипаттамалар, ӨҚ-ның ақаусыздығы, пайдалануға жарамдылығы және оларды дұрыс пайдалану бойынша даулы мәселелер туындаған кезде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша талабы (өтініші) бойынша жүргізіледі. Өтініште сараптамалық салыстырып тексерудің мақсаты және оның қажеттілігін тудырған себеп көрсетіледі.

      21. Салыстырып тексерудің оң нәтижелері ӨҚ-ға немесе пайдалану құжаттамасына салынатын салыстырып тексеру таңбасының бедерімен, салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.

      Егер салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ӨҚ қолдануға жарамсыз деп танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексеру таңбасының бедері өшіріледі және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, қолданыстағы салыстырып тексеру туралы сертификат жойылады және қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама жазылады.

      22. Егер ӨҚ олардың мәні нормаланған дәлдікпен (индикаторлар) бағаланбай, өлшемдер объектісі параметрлерінің бар болуын немесе өзгерісін қадағалау немесе объектіге ықпал ететін сигналдарды дайындау үшін қолданылатын болса, олар кезеңдік салыстырып тексеруге ұшырамауы мүмкін.

      ӨҚ-ны индикаторлар разрядына ауыстыруды әскери бөлім метрологиялық қызметінің бастығы (штаттан тыс метролог) жүргізеді.

      Индикаторлар разрядына ауыстырылатын ӨҚ тізбесі ӨҚ түрін, зауыттық нөмірін, қолдану саласын көрсетумен жасалады және осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери бөлім командирінің бұйрығымен бекітіледі.

      Индикаторлар разрядына ауыстырылған ӨҚ корпусының беткі жағында "И" əрпі жазылады.

      23. Түрін бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын ӨҚ белгіленген тәртіппен калибрленеді.

      Түрін бекіту туралы сертификаттың қолданылу кезеңінде қолдануға шығарылған ӨҚ-ны қолдануға және салыстырып тексеруге жол беріледі.

      Сонымен қатар, ӨҚ, егер олар мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылмаған жағдайда, сондай-ақ:

      1) егер орнатылған екі ӨҚ ҚӘТ объектісінің сол бір параметрін өлшеу (бақылау) үшін пайдаланылса. Салыстырып тексерілетіндер қатарынан алып тасталған ӨҚ-ның ақаусыздығын ӨҚ пайдаланатын жеке құрам оның көрсеткіштерін салыстырып тексерілген ӨҚ көрсеткіштерімен салыстыру арқылы айқындайды;

      2) егер орнатылған екі ӨҚ олардың арасындағы тәуелділік белгілі ҚӘТ объектісінің екі параметрін өлшеу (бақылау) үшін пайдаланылса, онда сенімділігі анағұрлым жоғары және дәлдігі төмен осы ӨҚ-ның біреуі салыстырып тексерілетіндер қатарынан алып тасталады. Салыстырып тексерілетіндер қатарынан алып тасталған ӨҚ-ның ақаусыздығын ӨҚ пайдаланатын жеке құрам оның көрсеткіштерін салыстырып тексерілген ӨҚ параметрлері мен көрсеткіштері арасындағы белгілі тәуелділік бойынша айқындалып өлшенетін (бақыланатын) параметр мәнімен салыстыру арқылы айқындайды;

      3) егер орнатылған дәлдік сыныбы 2,0 және одан төмен (2,5; 4,0) электр өлшеу аспаптары және дәлдік сыныбы 4,0 қысым аспаптары ҚӘТ объектісінің қолдануға әзірлігі туралы шешім қабылдау үшін, сондай-ақ жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылмаса;

      4) егер ӨҚ зерделеу объектісі болып табылса (оның құрылымы мен жұмыс істеу қағидатын зерделеу мақсатында бөлшектенуге жатады) және қолданыстағы оқу-жаттығу техникасының параметрлері мен режимдерін нормаланған дәлдікпен бақылау үшін, сондай-ақ жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылмаса. Оқу-жаттығу (көрсету) мақсаттары үшін қолданылатын ӨҚ-ға анық көрінетін "У" белгісі салынады;

      5) егер ӨҚ ұзақ сақтауда болса;

      6) егер ӨҚ шама бірлігінің эталоны ретінде пайдаланылса (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 909 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері және заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес калибрлеуге жатады), кезеңдік салыстырып тексеруге жатпайды.

      24. Қажетті техникалық құжаттаманы, дәлдік сыныбы тексерілетіндерден төмен емес салыстырып тексерілген ӨҚ-ны пайдаланумен ҚӘТ-ға техникалық қызмет көрсетуді (регламенттеу жұмыстарын) жүргізу кезінде орнатылған ӨҚ және броньды танк, автомобиль, инженерлік техниканы пайдалануды бақылау құралдары әскери бөлім инженерлік-техникалық құрамының күштерімен және құралдарымен техникалық тексеруге жатады.

      25. Техникалық тексеру кезінде сырттан қарап-тексеру, аспаптың қателігін және ӨҚ шәкілінің жұмыс белгілерінде көрсеткіштердің өзгеруін бағалау, көрсеткіштің нөлдік белгіге қайтып оралмауын айқындау жүргізіледі.

      26. ӨҚ-ның техникалық жай-күйін есепке алу ҚӘТ есепке алу жөніндегі қолданыстағы басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      ӨҚ-ның техникалық жай-күйін есепке алу, салыстырып тексеру және жөндеу кітабында жазбалар ӨҚ түрлері бойынша жеке әрбір бөлімше үшін осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      27. Қарулы Күштерде ӨҚ салыстырып тексеруді аккредиттелген метрологиялық органдар жүзеге асырады.

      Қарулы Күштер метрологиялық органдарының күштерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде осы ӨҚ салыстырып тексеруді шарт негізінде мемлекеттік метрологиялық қызмет зертханаларында немесе осы қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінде жүргізуге жол беріледі.

      28. ӨҚ-ны салыстырып тексеруге берер алдында олар майлаудан, ластанудан, шаңнан тазартылады және жұмыс істеуіне тексеріледі.

      29. Оттегі, агрессивті сұйықтықтар мен газдар қолданылатын жүйелерде пайдаланылатын ӨҚ салыстырып тексеруге олардың майсыздандырылғанын немесе бейтараптандырылғанын растайтын арнайы орталармен жұмыс істейтін ӨҚ-ның майсыздандырылғаны (бейтараптандырылғаны) туралы анықтамамен бірге осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Анықтамаға әскери бөлімнің командирі қол қояды және ол елтаңбалы мөрмен куәландырылады.

      30. Ақаулы (нақты істен шыққан немесе механикалық зақымданулармен) ӨҚ салыстырып тексеруге ұсынылмайды, олар жөндеуге жолданады. ӨҚ-ны салыстырып тексеруге дайындау кезінде бекіту ұяшықтарында пластикадан жасалған пломбаларды, өздігінен желімденетін лейблдар мен металл таңбалардың бедерін бұзуға жол берілмейді. Метрологиялық органға салыстырып тексеруге қабылдау кезінде пломбалар мен бедерлер бұзылған жағдайда олардың жұмыс істеуін тексеру жүргізіледі. Салыстырып тексеруге ұсынылатын ӨҚ толтырылған құжаттамамен (формулярлармен, паспорттармен, сипаттамалармен, нұсқаулықтармен, графиктермен, кестелермен), сондай-ақ штаттық құрал-сайманмен және оларды салыстырып тексеру және реттеу үшін қажетті керек-жарақпен жиынтықталады. Әскери бөлім формулярды жоғалтқан жағдайда әскери бөлім командирінің қолтаңбасымен және әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталған телнұсқаны ұсынады.

      31. Эталондар, сондай-ақ жұмыс істеу кезінде түзетулерді ескеруді талап ететін ӨҚ алдыңғы салыстырып тексеру туралы сертификаттармен бірге ұсынылады.

      32. ҚӘТ объектісіне орнатылған ӨҚ тікелей оларды пайдалану орындарында салыстырып тексеріледі. Оларды салыстырып тексеру бойынша барлық жұмыстар объектіге салыстырып тексерілетін ӨҚ-ны барлық қажетті қосуды (ажыратуды) жүзеге асыратын әскери бөлім өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      33. Пайдалану орындарында оларды салыстырып тексеру мүмкін болмайтын ӨҚ объектіден бөлшектенеді және салыстырып тексеруге көшпелі метрологиялық топтың (бұдан әрі – КМТ) жұмыс орындарына ұсынылады. ӨҚ-ны салыстырып тексеру үшін бөлшектеуді және салыстырып тексеруден кейін оларды монтаждауды объектіні пайдаланатын адамдар жүзеге асырады.

      34. ӨҚ-ны салыстырып тексеруге метрологиялық органға және кері қарай жеткізу өлшеу аспаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін арнайы дайындалған ыдыста ӨҚ пайдаланатын әскери бөлімдердің күштерімен және құралдарымен жүзеге асырылады.

      35. Әскери бөлімнен (мекемеден) салыстырып тексеру үшін қабылданған ӨҚ-ға, салыстырып тексеруге (жөндеуге) қабылданған ӨҚ-ға осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қабылдау-тапсыру ведомосы жасалады. Бірінші данасы метрологиялық органның ісінде қалады, екіншісі әскери бөлімнің өкіліне беріледі және ӨҚ-ны салыстырып тексеруден алу үшін негіз болады.

      36. Қолдану және сақтау процесінде ӨҚ техникалық қызмет көрсетілуге жатады. ӨҚ-ға техникалық қызмет көрсету:

      1) арналуы бойынша қолдануға әзірлігін айқындау;

      2) жұмысқа ұдайы әзірлікті қамтамасыз ету;

      3) қолдану және тасымалдау процесінде істен шығу мен ақаулықтардың туындауының алдын алу, оның ішінде ӨҚ метрологиялық сипаттамаларының рұқсат етілген мәндердің шегінен шығуының алдын алу;

      4) қолдану мерзімін ұзарту;

      5) істен шығуларды, ақаулықтарды және олардың туындау себептерін анықтау және жою мақсатында жүргізіледі.

      37. ӨҚ арналуы бойынша пайдаланылған кезде бақылап қарап-тексеру (бұдан әрі – БҚТ), № 1 және № 2 техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК-1, ТҚК-2) жүргізіледі.

      38. БҚТ күн сайын ӨҚ-ны пайдалану кезінде, жұмыс, марш, сабақтар, оқу-жаттығулар, тасымалдау алдында және олардан кейін, сондай-ақ марш жасау кезіндегі аялдауларда жүргізіледі. Егер ӨҚ пайдаланылмаса, онда БҚТ тоқсанына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

      ӨҚ-ны БҚТ:

      1) шәкілдердің, қорғаныш әйнектердің бүтіндігін, басқару органдары бекіткіштерінің сенімділігін бекіту таңбасының механикалық зақымдануларының болмауын, люфттердің болмауын, оқшаулау төсемдерінің бүтіндігін, жалғағыш сымдар мен қоректендіру кабельдерінің ақаусыздығын тексеру үшін сыртқы қарап-тексеруді (ӨҚ-ны ашпай);

      2) сыртқы бетінен шаңды және ылғалды сүртуді;

      3) ажыратқыштардың бұрандаларын тазартуды және майлауды;

      4) көрсеткіштерге нөлді орнату мүмкіндігін, теңшеу тұтқаларын ауыстыру жеңілдігін, ажыратып-қосқыштардың бекітілу нақтылығын және көрсеткіштердің тиісті шәкілдердегі белгілерге сәйкес келуін, жазбалардың жай-күйін тексеруді;

      5) ӨҚ техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеуін тексеруді;

      6) анықталған кемшіліктерді жоюды қамтиды.

      39. ТҚК-1 жылына бір рет немесе қысқа мерзімді сақтауға қою кезінде жүргізіледі. Егер салыстырып тексеру арасындағы интервал бір жыл және одан аз болса, осы ӨҚ-ға ТҚК-1 жүргізілмейді, тек ТҚК-2 ғана орындалады.

      ТҚК-1:

      1)БҚТ 1 – 5-тармақтарының операцияларын;

      2) қажет болған кезде лак-бояу жабындарын қалпына келтіруді;

      3) қосалқы құралдар мен керек-жарақтың (бұдан әрі – ҚҚК) жай-күйі мен жиынтықталуын тексеруді;

      4) анықталған кемшіліктерді жоюды;

      5) пайдалану құжаттамасын жүргізу дұрыстығын тексеруді қамтиды.

      БҚТ, ТҚК-1 ӨҚ пайдаланатын жеке құрам ӨҚ-ны ашпай жүргізеді.

      40. ТҚК-2 салыстырып тексеру кезеңділігімен жүргізіледі және онымен қоса немесе ұзақ сақтауға қою кезінде жүргізіледі.

      ТҚК-2:

      1)ТҚК 1 – 5-тармақтарының операцияларын;

      2) талап етілетін метрологиялық сипаттамаларды қамтамасыз ету үшін ӨҚ-ны кезеңдік салыстырып тексеруді;

      3) ӨҚ-ны консервациялауға қоюды (егер бұл оларға арналған пайдалану құжаттамасында көзделсе, ӨҚ-ны ұзақ сақтауға қою кезінде орындалады) қамтиды.

      ТҚК-2 2-тармақшасы метрологиялық органдардың немесе олардың КМТ күштерімен және құралдарымен орындалады, қалғандарын – ӨҚ пайдаланушы жеке құрам орындайды.

      41. ТҚК-1, ТҚК-2 жүргізу нәтижелері жүргізілген күнін көрсете отырып, ӨҚ формулярына енгізіледі және оған ТҚК жүргізген адам қол қояды.

      42. Автоматтандырылған бақылау жүйелеріне (бұдан әрі – АБЖ) техникалық қызмет көрсетуді АБЖ пайдаланатын жеке құрам не ҚӘТ объектісін пайдаланатын жеке құрам орындайды. АБЖ салыстырып тексеруді метрологиялық органдардың жеке құрамы орындайды.

      43. ӨҚ-ны ақаусыз және қолдануға жарамды жай-күйде ұстаудың қажетті шарты оларды уақтылы жөндеу болып табылады.

      ӨҚ жөндеу Қарулы Күштердің жөндеу және метрологиялық органдарында жүзеге асырылады.

      Қарулы Күштердің жөндеу және метрологиялық органдарының күштерімен жөндеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде шарт негізінде осы ӨҚ-ға жөндеу жүргізуге жол беріледі.

      44. Жөндеуге берілетін ӨҚ ластанудан тазартылады, формулярға сәйкес жиынтықталады және тасымалдауға арналған техникалық талаптарға сәйкес оралады. Жолданатын құжаттама (формулярлар, паспорттар, кестелер) соңғы пайдаланылған күні толтырылады.

      Жөндеуге жөнелту кезінде ӨҚ аспаптың жиынтығына кіретін құралдармен және керек-жарақпен жиынтықталады. Формуляр жоғалған жағдайда әскери бөлім командирінің қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылған толтырылған телнұсқа ұсынылады.

      ӨҚ-ны жөндеуге және кері қарай жеткізу теміржол, әуе, су немесе автомобиль көлігімен арнайы контейнерлерде немесе штаттық ыдыста әскери бөлім өкілінің бірге жүруімен жүргізіледі. Жөндеуге қабылдау кезінде ӨҚ-ның жиынтықталуы және жалпы техникалық жай-күйі, оларға арналған құжаттаманың бар болуы және ресімдеу дұрыстығы тексеріледі.

      45. Жөндеуге қабылданған ӨҚ-ға екі данада қабылдау-тапсыру ведомосы жасалады, оның біреуі әскери бөлімнің өкіліне беріледі және жөндеуден алу үшін негіз болып табылады.

      Жөндеу (метрологиялық) органының жөнделген ӨҚ-ны беруі ол бойынша ӨҚ жөндеуге тапсырылған қабылдау-тапсыру ведомосына қабылдаушының қол қоюымен және жөндеу (метрологиялық) органының мөрімен куәландырылған орындалған жөндеу туралы формулярда жөндеу (метрологиялық) органының жазбасымен ресімделеді.

      46. ӨҚ пайдаланудың құрамдас бөліктерінің бірі оларды сақтауды ұйымдастыру болып табылады.

      ӨҚ-ны мерзімдер бойынша сақтау қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. ӨҚ-ны ұзақ сақтауға қою қоймаларда, базаларда, әскери бөлімдерде құжатталады және "Негізгі ережелер, құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі" ҚР СТ 2.3-ке сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      ҚӘТ жиынтығына кіретін ӨҚ ҚӘТ сақтауды ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттар негізінде ұзақ сақтауға қойылады.

      47. ӨҚ пайдалану құжаттарында көрсетілген жағдайларда сақталады және басқа мүлік түрлерінен бөлек жылытылатын үй-жайларда орналастырылады. ӨҚ-ны басқа мүлік түрлерінен бөлек сақтау мүмкін болмаған кезде оларды ортақ үй-жайларда, бірақ міндетті түрде жеке шкафтарда немесе жеке стеллаждарда сақтауға жол беріледі.

      ӨҚ сақтау және оларға техникалық қызмет көрсету кезінде ӨҚ бар жәшіктерді төңкеруге және сырғытуға, сондай-ақ ӨҚ бар бір үй-жайда электролит толтырылған аккумуляторларды, қышқылдарды, сілтілерді және химиялық белсенді булар мен газдар бөлетін материалдарды, шіритін немесе ылғал бөлінетін азық-түлік өнімдері мен заттарды, тез тұтанатын сұйықтықтарды, майланған ескі шүберек пен жағармай материалдарын бірге сақтауға жол берілмейді. ӨҚ-ны тікелей күн сәулесі түсетін терезе алдында орналастыруға жол берілмейді.

      48. ӨҚ-ны ұзақ сақтауға беру соңғы салыстырып тексеру күні, сақтау жағдайлары, сондай-ақ консервациялау және орау түрі көрсетіле отырып, актімен ресімделеді, осындай ӨҚ салыстырып тексеру оларды пайдалану алдында жүргізіледі.

      49. ӨҚ тасымалдау тасымалдауға дайындықты, олардың ақаусыздығын және жиынтықтығын қамтамасыз ете отырып, белгіленген жағдайларда оларды әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдауды қамтиды.

      Тасымалдау автомобиль, теміржол және әуе көлігімен жүзеге асырылады. Жасаушы кәсіпорынның штаттық орамы бар ӨҚ осы тығында тасымалданады, ал штаттық орамы жоқтар тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін ыдыста тасымалданады.

      50. ӨҚ-ны тасымалдауға дайындау жөніндегі жұмыс көлемі оларға немесе олар құрамына кіретін ҚӘТ үлгілеріне арналған пайдалану құжаттарында айқындалады және тасымалдау түріне, ұзақтығы мен жағдайларына байланысты болады.

      51. Тасымалдауға дайындау кезінде ӨҚ-ға теріс әсер етуді болдырмау үшін олардың ақаусыз жай-күйін қамтамасыз ету бойынша мынадай бірқатар шаралар қабылданады:

      1) магниттік электр жүйесінің ӨҚ-сына сыртқа шығаратын жолды тұйықтап бекіту, бұл ретте көпшекті аспаптар төменгі шекте бекітіледі;

      2) көрсеткіш тілін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетілген белгілер мен бөлімдерге орнату;

      3) аспаптардың алмастыру блоктарын бекітетін бұрандаларды бұрау;

      4) кабель қосқышын, қоректендіру кабелін, ауыстырғыштарды ҚҚК орамына реттеп салу;

      5) аспапты, ҚҚК-ны, пайдалану құжаттарын реттеп салу жәшігіне оларға бөлінген орындарға салу;

      6) реттеп салу жәшігін тасымалдау ыдысына салу;

      7) ылғалдан қорғау мақсатында реттеп салу жәшігіне ылғал сіңіргіш материал салу;

      8) реттеп салу жәшігі мен тасымалдау ыдысының қабырғалары арасындағы кеңістікті амортизациялайтын материалмен (жоңқа, гофрленген картон) толтыру.

      Штаттық тасымалдау ыдысы болмаған кезде ӨҚ-ны соққы салмағынан және климаттық факторлардан сенімді қорғайтын басқа да ыдысты пайдалануға жол беріледі.

      52. Эталондарды тасымалдау кезінде олардың сақталуын (ішкі амортизаторы бар арнайы тасымалдау жәшіктері) қамтамасыз ететін қосымша шаралар қолданылады.

      53. Пайдалану құжаттарына формуляр (немесе паспорт), техникалық сипаттама, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, әрекет ету қағидаты туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің құжаттары жатады. Пайдалану құжаттамасы онда ӨҚ-ның техникалық жай-күйін және оларды пайдалану жөніндегі басқа да мәліметтерді көрсету мақсатында жүргізіледі. Пайдалану құжаттамасын жүргізу кезінде мынадай қағидалар сақталады:

      1) пайдалану құжаттамасындағы жазбалар таза және анық жүргізіледі;

      2) жазбаларды өшіруге жол берілмейді;

      3) формулярдың жеке бөлімдері парақтарының пайдаланылуына қарай осы бөлімдер үшін белгіленген нысан бойынша қосымша парақтарды желімдеуге рұқсат етіледі;

      4) жасалған жапсырулар туралы мәліметтер формулярдың "Ерекше белгілер" бөліміне енгізіледі және ӨҚ бекітіліп берілген бөлімше командирінің қолтаңбасымен куәландырылады.

      Пайдалану құжаттамасын дұрыс жүргізуді басшылық құжаттарда белгіленген мерзімдерде қарамағында ӨҚ бар бөлімше командирлері және қызмет бастықтары, әскери бөлімдер метрологиялық қызметтерінің бастықтары (штаттан тыс метрологтар) және басқа да лауазымды адамдар бақылайды.

      54. Формулярдың "Наразылықтар туралы мәліметтер" және "Ақаулықтарды есепке алу" бөлімдерінде бөлімше командирі немесе ӨҚ бекітіліп берілген адам барлық наразылықтар мен істен шығуларды есепке алуды жүргізеді, олардың туындау себептерін және оларды жою бойынша қабылданған шараларды көрсетеді.

      55. ӨҚ-ны беру (қайдан және қайда) және жауапты адамға бекітіп беру туралы мәліметтерді бөлімше командирі бұйрықтың (нарядтың) күнін, нөмірлерін және әскери бөлімдерді көрсете отырып, формулярдың "Пайдалану кезіндегі бұйымның қозғалысы және оны бекітіп беру туралы мәліметтер" бөліміне енгізеді.

      56. ӨҚ жөндеу туралы мәліметтерді жөндеуді тікелей жүзеге асыратын адам формулярға енгізеді және лауазымды адамның қолтаңбасымен және жөндеу органының мөрімен куәландырылады. Осындай ӨҚ формулярында жөндеуден кейін ӨҚ-ға салыстырып тексеру жүргізу туралы метрологиялық органның белгісі болуға тиіс.

4-тарау. Өлшеу құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

      57. Әскери бөлімде жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ӨҚ-ны пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын жасауға, жеке құрамның жарақаттануын және кәсіби ауруларын болдырмауға бағытталған.

      58. Жеке құрамды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытып-үйрету жауынгерлік даярлық процесінде, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруді өткізу арқылы жүргізіледі.

      59. Нұсқау берудің мынадай түрлері болады: кіріспе нұсқау беру, жұмыс орнында бастапқы нұсқау беру, кезеңдік (қайта) нұсқау беру, күнделікті нұсқау беру, жоспардан тыс нұсқау беру.

      60. ӨҚ пайдаланушы адамдар электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс істеу қағидалары мен шараларына оқытылып-үйретілгеннен, біліктілік комиссиясы білімін тексергеннен, тәжірибелі маманның басшылық етуімен жұмыс орнында тағылымдамадан өткеннен және денсаулық жағдайының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін дербес жұмыс істеуге жіберіледі.

      61. Оттегі, улы, агрессивті сұйықтықтар және газдар қолданылатын жүйелерде пайдалануға арналған қысымды ӨҚ-ны қауіпсіз пайдалану тәртібі жүйелерге арналған пайдалану құжаттамасында белгіленеді.

5-тарау. Көшпелі метрологиялық топтардың жұмысын ұйымдастыру

      62. Өлшеу техникасының жылжымалы зертханалары (бұдан әрі – ӨТЖЗ) ӨҚ-ға метрологиялық қызмет көрсетудің тиімділігі жоғары құралы болып табылады және метрологиялық органдардың, олардың КМТ-ның ұтқырлығын, өнімділігін арттырады. ӨТЖЗ вагон-зертханасы және автомобиль техникасы базасында жабдықталады.

      63. ӨТЖЗ базасында КМТ-ның жұмысы қызмет көрсетілетін гарнизондарды жүйелі түрде аралап шығу жолымен ұйымдастырылады, бұл ретте ӨТЖЗ гарнизонның бір әскери бөлімінің базасында немесе теміржол станциясында өрістетіледі және қолданылады. ӨТЖЗ өрістетілген орындарда электрмен қоректендіру және жабдық, ӨҚ-ны қолайлы жеткізу үшін кіретін жолдар қажет. ӨҚ-ны салыстырып тексеру және жөндеу үшін КМТ-ның жұмыс орнына және кері қарай жеткізу ӨҚ пайдаланатын әскери бөлімдердің күштерімен және құралдарымен жүргізіледі.

      64. Әскерлерде жұмыс істеу уақытында метрологиялық органның бастығы КМТ жетекшісін тағайындайды және оның құрамын айқындайды.

      65. Өңірлік қолбасшылық (әскери бөлім) метрологиялық қызметінің бастығы КМТ келер алдында ӨҚ-ны салыстырып тексерумен және жөндеумен толық қамту мақсатында:

      1) өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (әскери бөлім командирінің) материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасарының шешімімен жұмыс орындарын өрістету үшін қажетті жағдайлар жасауда, КМТ жеке құрамын орналастыруда КМТ-ға жәрдем көрсетеді;

      2) КМТ келгенге дейін күнтізбелік 7 – 10 күн бұрын өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (әскери бөлім командирінің) материалдық-техникалық қамтамасыз ету (қару-жарақ) жөніндегі орынбасары жазбаша өкіммен әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлерін және қызметтердің бастықтарын алда болатын салыстырып тексеру және жөндеу жұмыстары туралы хабардар етеді және ӨҚ-ны салыстырып тексеруге және жөндеуге дайындау және тапсыру тәртібі бойынша қажетті нұсқаулар береді;

      3) КМТ-ның жұмыс жоспарына ұсыныстар дайындайды.

      66. ӨҚ-ны салыстырып тексеруге және жөндеуге беретін әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері:

      1) жұмыс орындарын өрістету үшін қажетті жағдайлар жасауда КМТ-ға жәрдем көрсетеді;

      2) салыстырып тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдық, шығыс материалдары мен ҚҚК береді;

      3) КМТ-ның материалдық бөлігін күзетуді қамтамасыз етеді;

      4) белгіленген тәртіппен ӨТЖЗ-ны электр энергиясымен, отынмен (вагон-зертханаларын қосымша сумен) қамтамасыз етеді;

      5) әскери бөлім метрологінің КМТ жұмысына қатысуын қамтамасыз етеді және ӨҚ салыстырып тексеру және жөндеу жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      КМТ жұмыс істеген кезеңде ӨҚ-ға жауапты метрологтар ӨҚ салыстырып тексерумен және жөндеумен байланысты емес жұмыстарға тартылмайды.

      67. ҚӘТ үлгілеріне орнатылған ӨҚ, егер техникалық мүмкіндік қамтамасыз етілсе, бөлшектенбей салыстырып тексеріледі. Оларды салыстырып тексеру бойынша жұмыстар ҚӘТ үлгілері құрамында салыстырып тексерілетін ӨҚ-ны қажетті ауыстырып-қосуды жүзеге асыратын әскери бөлім өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда ӨҚ-ны салыстырып тексеру үшін бөлшектеуді және оларды салыстырып тексергеннен кейін монтаждауды ҚӘТ пайдаланатын адамдар жүзеге асырады.

      68. Жұмыс аяқталғаннан кейін КМТ жетекшісі гарнизонның әрбір әскери бөлімі үшін осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада акт-анықтаманы жасайды. Акт-анықтамада орындалған жұмыс туралы деректер, әскери бөлімді метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша кемшіліктерге талдау көрсетіледі. Акт-анықтамаларға КМТ жетекшісі, әскери бөлімнің командирі қол қояды және әскери бөлімнің мөрімен куәландырылады. Акт-анықтаманың бірінші данасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының мекенжайына, екіншісі – метрологиялық органға жолданады, үшіншісі – қызмет көрсетілген әскери бөлімнің ісінде қалады.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін
метрологиялық қамтамасыз ету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
(лауазымы, әскери атағы,
қолтаңбасы, инициалдары, тегі)
20___жылғы "___" _________

Индикаторлар разрядына ауыстырылған өлшеу құралдарының ТІЗБЕСІ

      ___________________________________________________________

      (әскери бөлім, мекеме)

Өлшеу құралдарының атауы, түрі

Зауыттық нөмірі

Орнатылған орны

Қолдану саласы

1

2

3

4





      Метрологиялық қызмет бастығы (штаттан тыс метролог) _______

      _________________________________

      (әскери атағы, қолтаңбасы, инициалдары, тегі)

      20___жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін
метрологиялық қамтамасыз ету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

№ ____ өлшеу құралдарының техникалық жай-күйін, салыстырып тексеруді және жөндеуді есепке алу кітабы

      _______________________________________

      (әскери бөлім)

      _______________________________________

      (бөлімше)

      Басталды 20____жылғы "____" ______________

      Аяқталды 20____ жылғы "____" _____________

      Мазмұны

Өлшеу құралдарының түрі

Кітаптың беттері

Өлшеу құралдарының түрі

Кітаптың беттері

бастапқы

келесі

бастапқы

келесі







      Сол жағы

      ________________________________________________

      (өлшеу құралдарының түрі)

Жазған күні

Өлшеу құралдары

Түрі және шифрі

Өлшеу шектері

Зауыттық №

Орнатылған орны

Салыстырып тексеру кезеңділігі

агрегат индексі

агрегат №

қай бөлімшеде бар

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Оң жағы

Соңғы салыстырып тексерілген күні немесе шығарылған жылы

Өлшеу құралдары салыстырып тексерілген күні

Өлшеу құралдарын жөндеуге жөнелткен және олардың жөндеуден қайтып оралған күні

Ескертпе

20___ ж.

20___ ж.

20___ ж.

20___ ж.

20___ ж.

бірінші

екінші

үшінші

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін
метрологиялық қамтамасыз ету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Арнайы ортамен жұмыс істейтін өлшеу құралдарының майсыздандырылғаны (бейтараптандырылғаны) туралы анықтама

      ____________________________________________________________ жүйеде жұмыс істейтін

      (жұмыс ортасының атауы)

      өлшеу құралдары _________________________________________________________________

      (түрлері және нөмірлері)

      майсыздандырылды (бейтараптандырылды)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (майсыздандыру немесе бейтараптандыру қашан және қалай жүргізілгенін көрсету)

      Әскери бөлімнің командирі ____________________

      (нөмірі)

      М.О.

      __________________________________________

      (әскери атағы, қолтаңбасы, инициалдары, тегі)

      20____ жылғы "____" __________________

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін
метрологиялық қамтамасыз ету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

_________________ әскери бөлімнен (мекемеден) салыстырып тексеруге (ә/б, мекеменің нөмірі) (жөндеуге) қабылданған өлшеу құралдарына № ___ қабылдау-тапсыру ведомосы

      20___ жылғы "___" _________

      _____________________________________________

      (пошталық мекенжайы, телефоны)

Р/с №

Өлшеу құралдарының атауы, түрі немесе шифрі

Зауыттық нөмірі

Жиынтықтығы

Саны

Ескертпе

салыстырып тексеруге (жөндеуге) қабылданды

салыстырып тексеруден (жөндеуден) берілгені

салыстырып тексерілгені

оның ішінде реттелгені жөнделгені

қолдану үшін жарамсыз

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Қабылданған өлшеу құралдарының жиыны: __________________________________________

      (саны жазбаша)

      Қабылдадым __________________________ Тапсырдым ________________________________

      (қолтаңбасы, тегі)                        (қолтаңбасы, тегі)

      Салыстырып тексеруден аспаптарды алу мерзімі 20___жылғы "__" _________________

      Салыстырып тексерілген ӨҚ саны __________________ дана, оның ішінде салыстырып

      тексерілгені ________________________ дана және жарамсыздығы туралы (алынғаны туралы)

      хабарлаумен ақаусыз _________ дана: _______________________________________________

      Бердім 20___ жылғы "___"__________ _______________________________________________

      (әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)

      Алдым 20___ жылғы "___"__________ ______________________________________________

      (әскери атағы, қолтаңбасы, тегі және инициалдары)

      Құжат нөмірі ____________________________________________________________________

      (сенімхат, жеке куәлік немесе төлқұжат)

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін
метрологиялық қамтамасыз ету
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Акт-анықтама

      20___ жылғы "___"_____________

      ___________________________________________________________________________ өкілі

      (метрологиялық органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)

      және әскери бөлім өкілі _____________________________________________________ жасады

      (ә/б нөмірі, әскери атағы, тегі және инициалдары)

      20___ жылғы " " _________ " "_________ кезеңінде өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, реттеу және жөндеу жүргізілді

Р/с №

Өлшеу құралдарының атауы (түрлері бойынша)

Көшпелі топ жұмысының нәтижелері

салыстырып тексерілді, дана

жарамды деп танылды, дана

ақаулы деп танылды, дана

ақаулы деп танылғанның ішінен жөнделгені, дана

ақаулы болып қалды, дана

1

2

3

4

5

6

7

1

01 Геометриялық шамалар өлшемдері






2

02 Масса өлшемдері






3

03 Күш және қаттылық өлшемдері






4

04 Қысым өлшемдері






5

05 Вакуум өлшемдері






6

06 Қозғалыс параметрлерінің өлшемдері






7

07 Сұйықтықтар мен газдардың шығысы мен мөлшерінің өлшемдері






8

08 Тығыздық және тұтқырлық өлшемдері






9

09 Физикалық-техникалық өлшемдер






10

10 Жылу-физикалық және температуралық өлшемдер






11

11 Оптикалық-физикалық өлшемдер






12

12 Акустикалық өлшемдер






13

13 Электр шамаларының өлшемдері






14

14 Магниттік шамалардың өлшемдері






15

15 Уақыт пен жиілік өлшемдері






16

16 Радиотехникалық өлшемдер






17

17 Иондаушы сәулелену өлшемдері






Жиыны:






      1. Көшпелі топ салыстырып тексермеген өлшеу құралдары

Өлшеу құралдарының түрі

Зауыттық нөмірі

Қай объектіден

Қандай себеппен салыстырып тексерілмеген





      2. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі кемшіліктер мен қиындықтар: __________________________________

      3. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуын тексеру нәтижелері:

      1) ____________________________ 20___ жылғы " " ___________ № ____ бұйрығымен

      (кімнің бұйрығы)

      әскери бөлім метрологиялық қызметінің бастығы (штаттан тыс метролог) болып тағайындалды ___________________________________________________________________

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)

      2) ҚӘТ метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжаттардың болуы (нормативтік құқықтық актілер, бұйрықтар, жоспарлау құжаттары): ______________________

      3) өлшеу құралдарын есепке алу (техникалық жай-күйін есепке алу кітабының болуы, уақтылы және дұрыс толтырылуы, көшпелі топқа ұсынылған өлшеу құралдары санының есепке алу деректеріне сәйкестігі): __________________________________________________

      4) қарап-тексеру және салыстырып тексеру нәтижелері бойынша өлшеу құралдарының жай-күйі (механикалық зақымданудың болмауы, бекіту таңбалары мен пломбалардың болуы, өтінімдерді уақтылы ұсыну және ӨҚ-ны жөндеуге жөнелту, салыстырып тексерілмеген ӨҚ-ны пайдалану жағдайлары, олардың түрі және нөмірі): _________________________________

      5) пайдалану құжаттамасын жүргізу (ӨҚ-ға формулярлардың, паспорттардың болуы және олардың дұрыс толтырылуы): __________________________________________________

      Ұсыныстар

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      20 ___ жылғы " "____________ дейін осы ұсыныстардың орындалуы туралы ҚР ҚК метрологиялық қызметінің басшысына жоғары тұрған метрологиялық қызмет бастығы арқылы баяндалсын.

      Көшпелі топтың жетекшісі ___________________________________________________

      (метрологиялық органның атауы, ә/атағы, қолтаңбасы, инициалдары, тегі)

      Әскери бөлімнің метрологі _________________________________________________________

      (ә/б нөмірі, ә/атағы, қолтаңбасы, инициалдары, тегі)

      Анықтама-актімен таныстым, көшірмесін алдым

      Әскери бөлімнің командирі__________________________________________________

      (ә/б нөмірі, ә/атағы, қолтаңбасы, инициалдары, тегі)

      М.О.

      20___ жылғы "____"________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады