Аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 909 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18033 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 909 бұйрығымен
бекітілген

Аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) аккредиттеу кезінде "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген және аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету тәртібін (бұдан әрі – метрологиялық бақылап тексеру) айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың талаптары өнімдерге сынақ, өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу жүргізу құқығына белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлғаларға, сондай-ақ аккредиттеу кезіндегі заңды тұлғаларға қолданылады.

2-тарау. Аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету тәртібі

      3. Метрологиялық бақылап тексеру метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық, ұлттық стандарттарға немесе халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан шама бірліктері өлшемдерін беру жолымен жүзеге асырылады.

      4. Шама бірліктерінің мөлшерін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан аккредиттеу субъектілерінің эталондарына беру калибрлеу жолымен жүзеге асырылады.

      Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда, олардың барабар дәрежесі Халықаралық өлшем және салмақ бюросының (KCDB BIPM) негізгі салғастыруларының дерекқорында расталған шама бірліктерінің өлшемдерін басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан беруге рұқсат етіледі.

      5. Сынақтар, калибрлеу немесе салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын қосалқы өлшемдерге арналған құралдарды қоса алғанда, шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдарына калибрлеу жүргізіледі.

      6. Калибрлеу:

      1) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен оның аккредиттеу саласы шеңберінде;

      2) Қазақстан Республикасы аумағында тиісті калибрлеуді қамтамасыз ететін аккредиттелген калибрлеу зертханаларымен жүргізіледі.

      7. Қазақстан Республикасында қажетті калибрлеуді жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, калибрлеу басқа елдердің калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктері эталондардың халықаралық салғастыруларына қатысумен расталған және BIPM KCDB-те тіркелген ұлттық метрологиялық институттармен жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның (ILAC) немесе ILAC танылған Өңірлік келісімдерін өзара тану туралы Келісімнің қол қоюшысы болып табылатын, тиісті калибрлеуді қамтамасыз ететін, Аккредиттеу жөніндегі органмен аккредиттелген басқа елдердің калибрлеу зертханаларымен калибрлеуді жүргізу рұқсат етіледі.

      9. Осы Қағидалардың 4-8-тармақтарын орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, бақылап тексеруді Қазақстан Республикасы аумағында аккредиттелген салыстырып тексеру зертханаларында, ал олар болмаған жағдайда, ұлттық заңнамаға сәйкес уәкілетті шетелдің салыстырып тексеру зертханаларында салыстырып тексеру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады