Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 96 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қазанда № 21433 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "___" "_____________"

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілді

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң), "Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18180 болып тіркелген), "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 болып тіркелген), сондай-ақ "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Талаптар Ұлттық пошта операторын және қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және орталық депозитарийге (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда және Бағалы қағаздар рыногы турлы заңда көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – ұйымның КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      3) клиент – ұйымдардың қызметтерін алатын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға және (немесе) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру процестеріне ұйымдарды қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ);

      5) цифрлық актив - криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;

      6) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      7) шот – ақша, бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарын қоса алғанда, ұйымдардың клиенттердің активтерін есепке алуды жүзеге асыруды көздейтін ұйымдар мен клиенттер арасындағы іскерлік қатынастарды көрсету тәсілі;

      8) іскерлік қатынастар – ұйымдардың клиентке бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметке жататын қызметтерді (өнімдерді) ұсынуы жөніндегі қатынастар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында ұйымдар ішкі бақылауды:

      1) ұйымның КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ұйымдардың басқару органы немесе атқарушы органы КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.

      Ұйымдар ішкі бақылау қағидаларын ұйымдар қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін, ұйымдардың мөлшерін, сипаты мен күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып орындайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, ұйымдар оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және ұйымдардың ішкі құжаттары не ұйымдардың басқару органдары немесе атқарушы органдары бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, ұйымда жоғары білімі, ұйымда кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі, не қаржы қызметтерін ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес мінсіз іскерлік беделі бар, ұйымдағы ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және олардың сақталуына жауапты ұйымның басшы қызметкерлерінің немесе ұйымның өзге де басшыларының қатарынан ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінен төмен емес адам (бұдан әрі - жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі - КЖ/ТҚҚ) айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) нысаналы қаржы санкцияларын қолдану және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуы тұрғысынан клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      3) Тізбеден және ЖҚҚТҚ тізбесінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер алып тасталған кезде нысаналы қаржы санкцияларын қолдануды тоқтату тәртібі;

      4) ұйымдар қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкерлердің, ұйымдардың басқару органдарының және атқарушы органдарының өздеріне белгілі болған, ұйымдардың қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      5) ұйымдарды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды сипаттау (бар болса);

      6) КЖ/ТҚҚ мақсатында ұйымдардың ішкі аудит қызметтерінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті дайындау және ұйымдардың басқару органдары мен атқарушы органдарына ұсыну, оның ішінде топ (болған кезде) шеңберінде шоғырландырылған негізде ұсыну тәртібі;

      7) КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі;

      8) бөлімшенің КЖ/ТҚ бойынша функцияларының, оның ішінде КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымдардың басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларының, өкілеттіктерінің, жауапты қызметкердің ұйымдардың басқару органдарымен және атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      9) ұйымдардың Қазақстан Республикасында және сол сияқты одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі, оның ішінде КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бойынша бақылаудың қосымша шараларын және рәсімдерін қолдану және оларды төмендету тәртібі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. КЖ/ТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және ұйымдардың басқару органымен немесе атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымдарда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарлар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуын бақылау;

      3) ұйымдардың басқару органдарын және (немесе) атқарушы органдарын Тізбеде, ЖҚҚТҚ тізбесінде тұрған анықталған клиенттер және нысаналы қаржы санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарлар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасасқан шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуді тоқтата тұруы не бас тартуы туралы шешімдер қабылдау не ұйымдардың басқару және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      6) ұйымдардың басқару органдарына және (немесе) атқарушы органдарына КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;

      7) ұйымдардың басқару органдарын және лауазымды тұлғаларын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) ұйымдардың басқару органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚ мақсатында, оның ішінде қаржылық топ шеңберінде (болған жағдайда), ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымдардың басқару органдарымен және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      9) ұйымдардың КЖ/ТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша ұйымдар бөлімшелерінің өзара іс-қимылының ішкі тәртібін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей үйлестіру.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:

      1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      2) ұйымның бөлімшелеріне операциялар жүргізуге қатысты нұсқаулар беру;

      3) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      4) ұйымның бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі, бірақ олармен шектелмейді.

      9. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 7 және 8-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер бар болса, осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      10. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйымның Талаптардың 7-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ ұйымның бизнес-бөлімшелері жүзеге асыратын функцияларымен қоса атқарылмайды.

      11. Ұйым ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында ұйымның ішкі бақылау талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйымдар КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Ұйым КЖ/ТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасын іске асыру кезінде КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-1-бабының 6-тармағына сәйкес кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

      14. КЖ/ТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне қатысты КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттердің типі бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді және көрсетілетін қызмет/өнімдер тәуекелі) ескере отырып, мыналарға:

      клиенттің тәуекел деңгейіне;

      ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) клиенттің тәуекелдеріне және ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне алдын алу іс-шараларының тізбесін, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімін, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылауды көздейтін жүйелі мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейін тағайындау тәртібі, мерзімдері және қайта қарауға арналған негіздер.

      15. Ұйым жыл сайынғы негізде кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет және (немесе) оны ұсыну тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жүзеге асырады.

      Ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу рәсімдерін өзгертуді, операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну шарттарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адам, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) шетелдік қаржы ұйымдары;

      3) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтен басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілген өкілдері);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметін көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналымына байланысты өзге де қызметтерді ұсынатын тұлғалар;

      4) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      5) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      6) кредиттік серіктестіктер;

      7) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      9) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      10) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      11) Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оларды бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.

      18. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызмет жүргізуге, осындай шет мемлекеттерден клиенттерге қызмет көрсетуге, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Операциялары КЖ/ТҚ тәуекелін ұлғайтатын шет мемлекеттер:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар;

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметінің және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің өзге де лицензияланатын түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметінің және бағалы қағаздар рыногы ұйымдарының қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" 2002 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген);

      4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      19. Ұйымның КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері (өнімдері, операциялары), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету;

      2) халықаралық нарықтарда дербес брокерлік қызмет көрсету;

      3) активтерді сенімгерлік басқару;

      4) номиналды ұстаушыдағы қаржы ұйымдарының, инвестициялық пай қорларының шоттары;

      5) кастодиандардың, брокерлердің орталық депозитарийдегі шоттары;

      6) шетелдік қаржы ұйымдарының ұйымдағы шоттары;

      7) ұйымның ішкі бақылау ережелерінде айқындалатын қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып, ақпарат беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер және іскерлік тәжірибелер.

      20. Ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал ететін мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйым уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) ұйымның уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      21. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру аясында ұйым Талаптардың 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттары мен факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін өзге де санаттар мен факторларды ескерумен клиенттерді жіктеу бойынша шаралар қабылдайды.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ұйымның қолында бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпараттардың талдауының нәтижелері бойынша белгілейді және ұйым әзірлеген тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағалайды.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

      22 Талаптардың 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттары мен факторларын пайдаланумен тәуекелді бағалау операциялар (іскерлік қатынастар) мониторингі нәтижелерінің негізінде клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты жүргізіледі.

      Ұйым оларға қатысты тәуекелдерді бағалау бұрын жүргізілмеген және (немесе) олармен іскерлік қатынастар бұрын орнатылмаған клиенттер (клиенттер тобы) бойынша іскерлік қатынастар бұрын орнатылғанға дейін алынған деректердің негізінде бастапқы тәуекелді бағалау жүргізеді.

      22-1. Ұйымдар:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. Талаптар 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      23. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйымдар клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның клиенті (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады).

      Клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндәну үшін негіздер болған кезде клиент-заңды тұлғаға өзге түрде заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды жүзеге асыратын не клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым мүддесіне орай ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Егер тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, заңды тұлға құрмай-ақ жеке-дара атқарушы органның не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы басшысының не шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі.

      КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес ұйым тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23-1. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 2, 3-1-тармақтарының және 7-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2, 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, ұйымдар:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасаған;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет жасаған);

      3) клиент КЖ/ТҚ типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жасаған;

      4) клиент ерекше операция (мәміле) жасаған;

      5) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің анықтығына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайларда клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алу мен тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің анықтығына тексеру жүргізеді.

      Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің болуы туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3, 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      Ескерту. Талаптар 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      24. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, ұйым іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.

      25. Талаптардың 23-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді ұйымдар клиенттің досьесіне енгізеді, ол ұйымда клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақталады.

      Ұйымдар ішкі құжаттарға сәйкес досье жүргізетін Клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жеке тұлғалар;

      2) заңды тұлғалар;

      3) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымдар.

      Ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйымдар клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерін тиісінше тексеру шараларына ұйым сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрату бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе қаржы мониторингінің басқа субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Егер ұйымдар шетелдік қаржы ұйымы қабылдаған клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенсе, ұйымдар осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттеуге және қадағалауға жататынын және шетелдік қаржы ұйымы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының талаптарына ұқсас, тиісті тексеру шараларын қолданатынын, сондай-ақ тиісті тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қарым-қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Қаржы тобының қатысушылары болып табылатын ұйымдар қажет болған кезде, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай топтың басқа қатысушылары қабылдаған, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларына сүйенеді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Клиент қолма-қол ақшасыз төлем немесе ақша аударымын жүзеге асырған не оның пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем немесе ақша аударымы түскен кезде орталық депозитарий төлем құжатында немесе КЖ/ТҚ туралы заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген клиент туралы мәліметтердің болуын және қаржы ұйымына және төлем (аударым) қатысушысына ақшаның берілуін бақылайды.

      27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде ұйымдар мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      Ұйымдар клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Ұйымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) ұйымның басшы қызметкерлерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақша және (немесе) өзге де мүліктің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Көші-қон карточкалары туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты алу талап етілмейді.

      Ұйымдар жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын) бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      азаматтығы;

      туған күні және жері;

      заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;

      жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);

      қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін).

      Ұйымдар заңды тұлға-клиентті (клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары)) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);

      орналасқан немесе тіркелген мекенжайы;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент - заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;

      басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға) қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;

      қызмет сипаты;

      бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.

      Ұйымдар клиентті-заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумағында) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса),

      орналасқан мекенжайы;

      негізгі қызметті жүргізу орны;

      қызмет сипаты;

      басқаруындағы (меншігіндегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар трасттар мен заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.

      29. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымдардың іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары;

      3) ұйымдар клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын шетелдік жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ бойынша (бар болса) талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтаудың және құпиялылығын қамтамасыз етудің ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу ерекшеліктері;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      11) клиенттердің (олардың өкілдерінің) ұйымның сұратуы бойынша бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсыну ерекшеліктері.

      Егер ұйымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, ұйымдар мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:

      ұйымдардың сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдардың лауазымды адамдарының тізбесін;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған ұйымдар мен тұлғалар арасында жасалған шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымдарға ұсыну рәсімі мен мерзімдерін;

      ұйымдарға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдар қабылдайтын шараларды қоса алғанда, ұйымдардың сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру рәсімін;

      ұйымдардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді ұйымдарға берудің мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, сәйкестендіру жүргізу тапсырылған адамдармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімі және мерзімдерін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымдардың лауазымды адамдарының тізбесін;

      ұйымдарға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, ұйымға сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ережелерді;

      клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жөніндегі талаптарды орындау мақсатында ұйымдардың оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.

      Ұйымдардың өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптар енгізуіне рұқсат етіледі

      Шарт негізінде клиенттерді (олардың өкілдерін) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген бенефициарлық меншік иелерін тиісті түрде тексеру шараларын қолдануды шетелдік қаржы ұйымына тапсырған ұйымдар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін ескереді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-1. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мекенжайға баруды қоса алғанда, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. Талаптар 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29-2 Ұйымдар қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды

      Ескерту. Талаптар 29-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      30. Клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды уәкілетті органға жолдау бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      31. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде ұйым клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу бойынша, cондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін ұйым қор қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 25-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.

      32. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның көрсететін қызметінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде болуын тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және аталған тізбеге өзгерістер енгізілуіне (тізбенің жаңартылуы) қарай жүзеге асырылады.

      33. Клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін ұйымдар клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдерін, сондай-ақ ұйымның қолда бар КЖ/ТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) күрделі, ерекше, күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйымдар клиент белгілі бір уақыт кезеңінде, бірақ кемінде соңғы айда жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйымдар дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері негізінде жасалған әдеттегіден тыс және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптардың 21, 31 және 32-тармақтарында көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      3) ұйымдардың бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      4) жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерінің клиент операциясының түрі туралы шешімді қабылдау тәртібін, негізін және мерзімін;

      5) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу әдістері) және сақтау тәртібін;

      6) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операцияларына қатысты ұйым қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібін және сипаттауды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді;

      7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлар беру тәртібі;

      8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы ұйымдардың басқару органдарын, атқарушы органдарын және ұйымдардың лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған ұйым қызметкері осындай операция туралы хабарламаны КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      36. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты - ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі құжаттардың талаптарын орындау үшін қажет білім мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      37. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабы 8-тармағында көрсетілген, Қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес жасалады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      38. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады