"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 124-бабының 4- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары
1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 124-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі - ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.
2. ЖТМК түрлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша айқындалады.
Өлшемшарттың әрқайсысына салмақтық коэффициент, өлшемшарт шкаласы, мәні мен балл беріледі.
ЖТМК тізбесіне 7-10 балл жинаған технологиялар енгізіледі.
3. ЖТМК түрлерін ММК қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары өзіне мыналарды қамтиды:
технологиялардың республикалық деңгейден өңірлік деңгейге трансферт деңгейі (облыстық және қалалық маңызы бар, оның ішінде жекеменшік клиникалар) географиялық тұрғыдан қағидаты (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер) бойынша 5 (бес) және одан көп өңірлерде 75 %-дан жоғары;
шығын сыйымдылығы – Кодекстің 124-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесіне кіретін барлық қызметтердің орташа арифметикалық құнынан төмен қызмет құны;
сирек - 100 000 адамға шаққанда жылына 1 реттен артық емес қызмет көрсету;
қайтыс болу жағдайлары мен асқынулардың үлес салмағы орташа жылдық 10 % мәннен төмен.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өлшемшарттар жиынтықта қаралады, бұл ретте 4 өлшемшартқа сәйкес келетін технологиялар алып тасталады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
№ | Өлшемшарт | Салмақтық коэффициент | Өлшемшарт шкаласы | Мәні | Өлшемшарт баллы |
1 | Инновациялылық (жаңалық) | 0,2 | Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт пайдаланылады | 10 | 2 |
Технология әлемде 5-10 жылдан бері пайдаланылады | 7,5 | 1,5 | |||
Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда | 2,5 | 0,5 | |||
Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда | 0 | 0 | |||
2 | Ресурс сыйымдылығы | 0,4 | Технологияны пайдалану қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы, елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етеді | 10 | 4 |
Технологияны пайдалану қымбат қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді | 7,5 | 3 | |||
Технологияны пайдалану елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етеді | 2,5 | 1 | |||
Технологияны пайдалану пайдалану қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді, елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді. | 0 | 0 | |||
3 | Бірегейлігі | 0,4 | Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ | 10 | 4 |
Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық | 7,5 | 3 | |||
Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі | 2,5 | 1 | |||
Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен | 0 | 0 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.11.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Жоғары технологиялық медициналық көмек коды | Жоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы |
Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері | ||
1 | 00.50 | Бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай импланттау (CRT-P) |
2 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
3 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
4 | 35.23 | Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру |
5 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру |
6 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
7 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау |
8 | 37.66 | Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
9 | 35.33 | Аннулопластика |
10 | 81.042 | Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі,алдыңғы жету әдісі |
11 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
12 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау |
13 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
14 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
15 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау |
16 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
17 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
18 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
19 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
20 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
21 | 50.52 | Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды транспланттау |
22 | 55.62 | Қайтыс болған донордан бүйректі транспланттау |
23 | 50.59 | Бауырды басқа транспланттау |
24 | 86.66 | Терінің аллотранспланттау |
25 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері | ||
1 | 92.291 | Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы |
2 | 92.321 | Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі |
3 | 92.201 | Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы |
4 | 92.202 | Қуықасты безінде орналасқан обырдың интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия) |
5 | 92.247 | Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия |
6 | 92.203 | Әйелдің жыныс жолдарының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия |
7 | 54.970.059 | Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC) |
8 | 86.310.058 | Электрохимиотерапия |
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері | ||
1 | 00.50 | Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P) |
2 | 00.51 | Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D) |
3 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау |
4 | 00.93 | Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу |
5 | 01.53 | Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы |
6 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
7 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
8 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау |
9 | 03.93 | Жұлын нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
10 | 20.95 | Электромагниттік есту аппаратын импланттау |
11 | 33.5 | Өкпені транспланттау |
12 | 33.6 | "Жүрек – өкпе" кешенін аралас транспланттау |
13 | 35.05 | Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру |
14 | 35.11 | Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
15 | 35.12 | Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
16 | 35.121 | Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы |
17 | 35.14 | Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
18 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
19 | 35.23 | Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқа ауыстыру |
20 | 35.33 | Аннулопластика |
21 | 35.55 | Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою |
22 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
23 | 35.83 | Артериялық діңді толық қалпына келтіру |
24 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
25 | 35.91 | Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы |
26 | 35.9900 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу |
27 | 35.991 | Митралдық тесікті клиптеу |
28 | 36.1000 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау |
29 | 36.16 | Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау |
30 | 37.32 | Жүрек аневризмасын тілу |
31 | 37.35 | Парциалдық вентрикулоэктомия |
32 | 37.36 | Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау |
33 | 37.51 | Жүректі транспланттау |
34 | 37.66 | Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
35 | 37.76 | Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру |
36 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау |
37 | 37.941 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру |
38 | 37.96 | Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау |
39 | 38.12 | Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы |
40 | 38.34 | Анастомозбен қолқаның резекциясы |
41 | 38.341 | Қолқа доғасының үзігін түзету |
42 | 39.28 | Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау |
43 | 39.591 | Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы |
44 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
45 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
46 | 39.73 | Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау |
47 | 39.731 | Қолқаның коарктациясын стенттеу |
48 | 41.01 | Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау |
49 | 41.04 | Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау |
50 | 41.05 | Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау |
51 | 41.06 | Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау |
52 | 41.10 | Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау |
53 | 50.52 | Өлімнен кейінгі донордан бауырды транспланттау |
54 | 50.59 | Бауырды басқа транспланттау |
55 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
56 | 52.80 | Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған |
57 | 55.5016 | Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия |
58 | 55.62 | Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі транспланттау |
59 | 56.7404 | Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия |
60 | 63.8301 | Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия |
61 | 69.921 | Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама |
62 | 69.922 | Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
63 | 69.923 | АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама |
64 | 69.924 | АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
65 | 78.191 | Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану |
66 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
67 | 81.042 | Эндокорректор бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
68 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі бекітуі арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
69 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
70 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
71 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
72 | 81.9610 | Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру |
73 | 86.66 | Теріні аллотранспланттау |
74 | 99.791 | Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау |
75 | 92.291 | Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);
2) "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20381 болып тіркелген, Қазақстан Республикасыың Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған).