Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1024 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қазанда № 21477 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 19 қазаны
№ 1024 бұйрығымен
бекітілген

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімін айқындайды.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) салық төлеушілерге камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасын бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу мақсатында іске асырылады.

      3. Осы Қағидалар:

      Пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын;

      Пилоттық жобаны іске асыру аумағы (учаскесі) және (немесе) өңірін;

      Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілердің іс-қимылдарының дәйектілігін қамтитын Пилоттық жобаны іске асыру тәртібін;

      Пилоттық жобаның іске асыру мерзімін айқындайды.

      4. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай негізгі ұғымдар, қысқартулар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

      1) салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      2) "Астана-1" АЖ – электрондық нысанда ресімделген тауарларға арналған декларацияларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын "Астана-1" ақпараттық жүйесі;

      3) "БСАЖ" АЖ – салық есептілігін қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын, "Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесі;

      4) "ИДБ" АЖ – салық төлеушілер туралы мәліметтерді талдау жүзеге асырылатын, "Интеграцияланған деректер базасы" ақпараттық жүйесі;

      5) кедендік төлемдер – ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес бюджетке төленуге жататын кедендік алымдар, кедендік баждар;

      6) Комитет – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      7) мемлекеттік кірістер органы – Комитет, сондай-ақ Пилоттық жобаға қатысушы болып табылатын салық төлеуші аумағында тіркелген, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары;

      8) ҚҚС – қосылған құн салығы;

      9) "ТБЖ" АЖ – берілген тәуекел өлшемшарттары негізінде мемлекеттік кірістер органдарының бағдарламалық өнімдерінде бар тауарлар мен салық төлеушілер туралы мәліметтерді талдау және өңдеу жүзеге асырылатын, "Тәуекелдерді басқару жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      10) "ХҚР" АЖ – камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жіберілетін, "Хабарламаларды қою режимі" ақпараттық жүйесі;

      11) "ЭШФ" АЖ – электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын, "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі;

      12) Хабарлама – мемлекеттік кірістер органы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсілмен жіберген камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      13) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама;

      14) шешім – камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы Хабарламаны орындамаған деп тану туралы шешім.

2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар және Пилоттық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын аумақ (учаске) және (немесе) өңір, сондай-ақ Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі

      5. Мыналар:

      1) "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1082 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17992 болып тіркелген) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерді қоспағанда, ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын және ҚҚС төлеушілер ретінде тіркелген салық төлеушілер;

      2) мемлекеттік кірістер органдары Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.

      6. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі – 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін.

      Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.

3-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      7. Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылауды осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      8. Пилоттық жоба шеңберінде камералдық бақылау мемлекеттік кірістер органдарында бар салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін және тауарларға арналған декларацияны, уәкілетті мемлекеттік органдардың, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің немесе ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарының ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлар туралы деректерін, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының "Астана – 1" АЖ, "БСАЖ" АЖ, "ИДБ" АЖ, "ХҚР" АЖ, "ТБЖ" АЖ, "ЭШФ" АЖ бағдарламалық өнімдерінде бар салық төлеушінің қызметі туралы деректерді, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларында көзделген салық төлеушінің сыртқы экономикалық қызметі туралы өзге де мәліметтер мен құжаттарды тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып автоматтандырылған салыстыру және талдау жолымен жүргізіледі.

      9. Мемлекеттік кірістер органы Комитеттің ресми сайтына http://kgd.gov.kz Пилоттық жоба шеңберінде камералдық бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің тізбесін тоқсанына бір реттен жиі емес орналастырады.

      10. Камералдық бақылау Салық кодексінің 95-бабында белгіленген осындай кезең үшін салық есептілігін табыс ету мерзімі өткеннен кейінгі тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі және Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

      11. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – Хабарлама;

      тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – хабарлама ресiмделедi.

      Хабарлама осы Қағидаларға 1-қосымша сәйкес нысан бойынша салық төлеушіге салық есептілігінде бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жолданады.

      Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 96-бабы 1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінде ескерілетін, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекел дәрежесі елеусіз бұзушылықтарға қолданылмайды.

      12. Мемлекеттік кірістер органдары салық есептілігінде бұзушылықтар анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы мен тауарларға арналған декларациялардың тіркеу нөмерілерін қоса беру арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Салық кодексінің 115-бабы 1-тармағында анықталған тәртіп бойынша Хабарлама жолдайды.

      13. Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған Хабарламаны салық төлеуші оны табыс еткен (алған) күнінен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

      14. Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мемлекеттік кірістер органдары хабарламасы бар тапсырыс хатымен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жолдаған Хабарламаны қайтарған жағдайда, екіден кем емес куәгерлерді тарта отырып, Салық кодексінің 70-бабы 2-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау жүргізу күні осындай Хабарламаны табыс ету күні болып табылады.

      Бұл ретте салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салықтық зерттеп-қарау осындай хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен кейін жүргізіледі.

      15. Салық төлеуші (салық агенті):

      тауарларға арналған декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу;

      анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін Хабарлама бойынша салық есептілігін ұсыну жолымен анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда Хабарлама орындалды деп танылады.

      16. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеушінің анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсіндірме беріледі.

      Түсіндірмеде Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетілуі керек.

      Егер түсіндірмеде түсіндірмені ұсынған тұлғаның келіспеуі үшін негіз ретінде дәлелдемелерді растау ретінде құжаттар көрсетілсе, онда түсіндірмеде көрсетілген құжаттардың көшірмелері, тауарларға арналған декларациядан басқа, түсіндірмеге қоса беріледі.

      Түсіндірме ұсыну арқылы Хабарламаны орындау шеңберінде өзге де құжаттарды табыс ету талап етілмейді.

      17. Салық төлеуші түсіндірме берген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары түсіндірмені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған түсіндірмелерді және тауарларға арналған декларацияда және салық есептілігінде мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ескере отырып, талдау жүргізеді.

      18. Салық төлеушімен берілген түсіндірме мемлекеттік кірістер органымен қабылданған жағдайда, түсіндірмені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Хабарлама орындалды деп танылады.

      Егер талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші Хабарламаны орындамады деп белгілеген жағдайда, ол осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шешім шығарады және Салық кодексінің 96-бабы 4-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен салық төлеушіге жолдайды.

      19. Хабарламаға Комитетке немесе сотқа шағым берген кезде орындау мерзімі ішінде мұндай Хабарлама:

      1) Комитет шағымды қабылдаған күннен бастап – жазбаша шешім шығарылғанға дейін;

      2) сот шағымды (өтінішті) өндіріске қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      20. Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған шешімді салық төлеуші оны табыс еткен (алған) күнінен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

      Шешімді орындамаған жағдайда, шешіді орындау мерзімінен 10 (он) жұмыс күні өткенде мемлекеттік кірістер органы Хабарламада көрсетілген мәселелер мен салық кезеңі бойынша Кедендік реттеу туралы кодекстің 417-бабына сәйкес камералдық кедендік тексеруді тағайындайды.

      21. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді мынадай:

      1) салық төлеуші Хабарламаны орындамаған жағдайда – Хабарламаның орындау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      2) салық төлеушінің тұрған жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы Хабарламаны қайтарған жағдайда – қайтарылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шығарады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген тәртіпте мемлекеттік кірістер органы Шешім шығару арқылы Хабарламаны орындалмады деп танылған жағдайда, салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылмайды.

      22. Хабарламаны орындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      23. Хабарламаны салық төлеуші орындамаған кезде Хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің өтуі бойынша мемлекеттік кірістер органы Хабарламада көрсетілген мәселелер мен салық кезеңін қамтитын, Кедендік реттеу туралы кодекстің 417-бабының ережелеріне сәйкес камералдық кедендік тексеруді тағайындауға құқылы.

  Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану арқылы Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағына тауарларды әкелуді
жүзеге асыратын салық
төлеушілерді әкімшілендіру
бойынша пилоттық жобаны іске
асыру қағидалары мен мерзіміне
1-қосымша
  нысан

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      "____" ___________________ 20___ жыл                         № _____________

      _________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органның атауы)

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы __ _________ №_______ бұйрығымен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінің 11-тармағына сәйкес Сізді _______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агенттінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

                                    немесе толық атауы,

      __________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))

      20____ жылғы "____" ________ ______________________________________________

      ____________________________________________________________ салық есептілігі

                        (салық есептілігінің атауы мен салық кезеңі)

      бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Осы хабарлама мәлімет үшін жолданады.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)

      ____________________________________________________             ______________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)                         (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым:

      ________________________________________________                  ______________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда), қолы, күні)

      Мөр орны

Хабарлама салық төлеушіге
(салық агентіне) табыс етілді

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы

____________________________________

____________________________________

(мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)

_______________________________ Мекенжайы:

Хабарламасалық төлеушіге
(салық агентіне) жолданды

____________________________________

_____________________________________

____________________________________

(жіберу және (немесе алу) фактін ратсайтын құжат)


  Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану арқылы Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағына тауарларды әкелуді
жүзеге асыратын салық
төлеушілерді әкімшілендіру
бойынша пилоттық жобаны іске
асыру қағидалары мен мерзіміне
2-қосымша
  нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

20__ жылғы "___" ________

№ _____________

      ________________________________________________________________

                              (мемлекеттік органның атауы)

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы __ _________ №_______ бұйрығымен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінің (бұдан әрі – Қағидалар) 12-тармағына сәйкес Сізді

      ________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің)тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы)

      ________________________________________________________________

            (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))

      20____ жылғы "____" ________ ______________________________________________

      ____________________________________________________________ салық есептілігі

                        (салық есептілігінің атауы мен салық кезеңі)

      бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Осы хабарлама ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындауға жатады.

      Салық төлеуші (салық агенті):

      тауарларға арналған декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу;

      анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін Хабарлама бойынша салық есептілігін ұсыну жолымен анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда Хабарлама орындалды деп танылады.

      Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеушінің анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсіндірме беріледі.

      Осы Хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Қағидалардың 21-тармағында көзделген тәртіпте салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығаруына алып келеді..

      Мемлекеттік кірістер органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.

      Қағидалардың 19-тармағына сәйкес осы хабарламамен келіспеген жағдайда, салық төлеуші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Комитетке немесе сотқа шағымдануға құқылы.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік органның басшысы

      (басшының орынбасары)

      __________________________________________________             _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))                         (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым:

      __________________________________________________ _____________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)

      Мөр орны

      (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді
_______________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)

Салық төлеушінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған
жағдайда) немесе атауы
__________________________
Мекенжайы:
__________________________
__________________________

Хабарлама салық төлеушіге
(салық агентіне) жолданды
_______________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

  Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану арқылы Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағына тауарларды әкелуді
жүзеге асыратын салық
төлеушілерді әкімшілендіру
бойынша пилоттық жобаны іске
асыру қағидалары мен мерзіміне
3-қосымша
  нысан
  нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім

      20___жылғы "___" _________                                           № _____

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы __ _________ №_______ бұйрығымен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінің (бұдан әрі – Қағидалар) 18-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

                        (мемлекеттік кірістер органның атауы)

      20___ жылғы "____" __________ түсіндірмені қарау нәтижесі бойынша Сізге

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе салық төлеушінің

      (салық агентінің) толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (ЖСН/БСН))

      20___ жылғы "____" _______№____________ камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарылғаны туралы хабарлайды:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                    (себептері көрсетіледі)

      Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған шешімді салық төлеуші оны табыс еткен (алған) күнінен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органның

      басшысы (басшының орынбасары __________________             _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)                   (қолы)

      Мөр орны

      Шешімді алдым ___________________________________________________________

                        (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

                        атауы, қолы, күні)

Шешім салық төлеушіге табыс
етілді
__________________________________
(мемлекеттік кірістер органның лауазымды
тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда), қолы, күні)

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) немесе атауы:
_____________________
Мекенжайы:
_____________________
_____________________

Шешім салық төлеушіге жолданды
___________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін
растайтын құжат)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады