"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 қазаны № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығымен бекітілген |
Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғым:
тәуелсіз сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға.
2-тарау. Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу тәртібі
3. Тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган(бұдан әрі – мемлекеттік орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізеді.
4. Тізілім осы Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлғалардан (маманнан және (немесе) үміткерден) не денсаулық сақтау саласындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінен (бұдан әрі-субъект) берілген өтінімдер негізінде қалыптастырылады.
Өтінім демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін дүйсенбіден бастап жұмаға дейін мемлекеттік органның ресми сайтында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Тізілімге енгізу туралы өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) жоғары медициналық білімі туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
3) мәлімдеген мамандығы бойынша үздіксіз кемінде 7 жыл еңбек өтілінің бар екендігін растайтын құжат (еңбек кітапшасы не Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес басқа да құжат), сондай-ақ тәуелсіз cараптама жүргізу кезінде мәлімделген мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыруы қажет, кемінде 7 жыл еңбеук өтілі бар жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамынан басқаларға;
4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен (120 сағат) кем емес, соңғы 5 жыл ішінде қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжат;
5) "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейлерін беру және растау қағидаларын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі берген Біліктіліктің салалық негіздемесіне сәйкес біліктілік деңгейі 7.2 R-ден төмен емес, ал амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қызметкерлер үшін 7.2I-дан төмен емес көрсете отырып, тиісті мамандық/мамандану бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе бірінші және (немесе) жоғары біліктілік санатын беру туралы куәлік.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік орган кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.
Құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жіберген кезде өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады
7. Мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің маманы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.
Құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) көрсетілген мерзімдерде олардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындалады.
Дәлелді бас тарту мемлекеттік органның құжат айналымы жүйесінде тіркеледі және тәуелсіз сарапшының немесе субъектінің электрондық почтасына жіберіледі
Құжаттардың толық топтамасы болған кезде мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің маманы өтінімді кеңсе тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге үміткер тәуелсіз сарапшылардың деректерін тізілімге енгізеді.
8. Мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің маманы тізілімге енгізілген тәуелсіз сарапшылар деректерінің өзектілігін жылына екі рет тексереді.
3-тарау. Тәуелсіз сарапшыларды бірыңғай тізілімге енгізу және шығару негіздері
9. Тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін "Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21421 болып тіркелген) сәйкес бекітілген талаптарға сәйкес келетін өтінім берген жеке тұлға (маман және (немесе) үміткер) негіз болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Тәуелсіз сарапшыларды тізілімнен шығару негіздері болып табылады:
1) мемлекеттік органға күнтізбелік бір жылдың ішінде тәуелсіз сарапшының сараптама сапасына медициналық қызмет (көмек) саласындағы апелляциялық комиссияның қорытындысының нәтижесімен мемлекеттік органның шешімімен расталған бір және одан да көп негізделген өтініштердің келіп түсуі;
2) мемлекеттік органға тәуелсіз сарапшыдан оны тізілімнен шығару туралы өтініштің келіп түсуі;
3) тәуелсіз сарапшыға қатысты медициналық қызметпен айналысуға (мәлімделген мамандық бойынша) тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) тізілімге енгізу үшін негіз болған бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуының тоқтатылуы (мерзімі өткен);
5) медициналық қызмет (көмек) сапасына сараптама жүргізу бойынша қызмет мерзімі ішінде тізілімге енгізу үшін ұсынылған құжаттарда дәйексіз мәліметтердің анықталуы.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Пішін
Тәуелсіз сарапшылар тізілімі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тәуелсіз сарапшының ТАӘ (бар болса) | Тәуелсіз сарапшының мамандығы | Тәуелсіз сарапшының жұмыс орны | Байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта) | Медициналық қызметтер (көмек) сапасына сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісі | Тізілімге енгізілген күні | Ескертпе |
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.06.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тәуелсіз сарапшылар тізіліміне
____________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мамандығы бойынша ______________________________________________.
денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшы ретінде енгізуді сұраймын.
Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша
қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлға (маман және (не) үміткер) туралы мәліметтер:
1. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
_________________________________________________________________
(құжаттың түрі, кім берді, қолданылу мерзімі)
2. Жоғары медициналық білім туралы дипломның деректері:
_________________________________________________________________
(дипломның нөмірі, сериясы, жоғары оқу орнының атауы, нострификациялау күні
(бар болса)
3. Жұмыс орны туралы деректер:
_________________________________________________________________
4. Біліктілікке тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда
қосымша және бейресми білім алу туралы деректер:
_________________________________________________________________
(курстардың тақырыбы, біліктілікті арттыру туралы құжаттың берілген күні)
5. Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу бойынша
қызметтер көрсетуге үміткер жеке тұлға (маман және (немесе) үміткер) туралы
байланыс деректері
_______________________________________________________________
(телефон нөмірі, электрондық пошта)
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3)
4)
" "_____________ ____жыл қолы_____________