"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 209-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының қол жеткізуі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушы |
М. Шоранов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушы 2020 жылғы 27 қазаны № ҚР ДСМ-158/2020 бұйрығына қосымша |
Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының қол жеткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының қол жеткізуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйес туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 209-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының қол жеткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағзалардың (ағзаның бөлігін) және тіндердің (тіннің бөлігін) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – ағзалардың (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігін) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісім беру немесе бас тарту құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген кәмелетке толған және іс-әрекетке қабілетті адамдардың дерекқоры;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) қайтыс болғаннан кейінгі донор - он сегіз жастағы және одан асқан, бас миының біржола семуі расталған, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тін бөлігі) реципиентке транспланттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам;
4) республикалық трансплантаттаушы үйлестіруші (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының штаттық қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттаушы үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және Қазақстан Республикасындағы трансплантаттау қызметінің мәселелері жөніндегі медициналық ұйымдардың ведомствоаралық тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін дәрігер;
5) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы - ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы, ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
3. Тіркелімге енгізілген деректер құпиялы ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, үшінші тұлғаларға ұсынылмайды.
2-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының қол жеткізу тәртібі
4. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдары қол жеткізе алады (бұдан әрі – уәкілетті тұлғалар).
5. Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы денсаулық сақтау ұйымдары мен мамандары үшін ақпараттық қызметтер ұсынатын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – ақпараттық қызмет жөніндегі ұйым) оған Тіркелімге қолжетімділік ұсыну үшін лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың (бұйрықтардың) көшірмесімен бірге уәкілетті тұлға (тұлғалар) туралы деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайда) 3 (ұш) жұмыс күн ішінде ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Ақпараттық қызмет жөніндегі ұйым уәкілетті тұлғаларға ағзалардың (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігін) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтар туралы деректерді қарау құқығымен Тіркелімге қолжетімділік ұсынады.
7. Адамның қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру туралы тірі кезінде ерік білдіруіне қатысты мәліметтер уәкілетті тұлғаларға тек:
1) авторландырылған қолжетімділік;
2) қайтыс болғаннан кейінгі донордың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда ғана қолжетімді болады.
8. Уәкілетті тұлғамен республикалық трансплантаттаушы үйлестіруші лауазымындағы еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының хаты және сәйкес бұйрығының негізінде, олардың алынған күнінен бастап бір жұмыс күнінің ішінде Тіркелімге қолжетімділік ақпараттық қызмет жөніндегі ұйыммен бұғатталады.
9. Уәкілетті тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздікті орындалуын бақылауды Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы жүзеге асырады.