"Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 843 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21543 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 843 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10035 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген құтқарушылардың денсаулық жағдайының сай келуіне және оларды медициналық куәландырудан өткізуге қойылатын талаптарда:

      1-тармақта:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) невротикалық, депресивті, стресске байланысты, соматофорлық, мінез-құлықтық бұзылулар және тұлғаның бұзылуы анықталған жағдайларда психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар), құтқарушының жұмысқа кәсіби жарамдылығы туралы мәселені дәрігерлік комиссия шешеді;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар) бойынша, оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар)";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Құтқарушыларды ауысым алдындағы медициналық куәландыру еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін, оның ішінде осы ауысымда психоактивті заттарды қолдануға байланысты жай-күйлер мен аурулардың белгілерін анықтау мақсатында жұмыс ауысымы басталар алдында (төтенше жағдайды жою барысында жұмыс ауысымы аяқталғанға дейін және аяқталғаннан кейін) жүргізіледі".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады