Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің "Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 562 және "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 739 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21553 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңының 29-бабы 1-тармақ 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің "Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18881 тіркелген; 2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілердің Эталлондық бақылау банкінде жарияланды) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қару мен патрондар олардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ оларға бөгде тұлғалардың рұқсатын болдырмайтын шарттардың сақталуымен құлыпқа жабылатын сефтерде немесе металл шкафтарда, жәшіктерде сақтау. Бұл ретте қару оқсыз оралған күйінде болады";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қаруды оқсыз оралған күйінде тасымалдау қажет (қапта, кобурада, арнайы тарада, кейстерде, футлярда).";

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) пайдаланатын қару модельдерінен атуға арналған қарудың патрондарын және зақымдаушы элеметтердің қуаты өздігінен ұлғайтылған патрондарды, қолдан жасалған зақымдаушы элементтерді (азаматтардың жеке пайдалану үшін жарақталған аңшылық атыс тегіс ұңғылы қарудың патрондарынан басқасы), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен патрондарды, атылмай қалған патрондарды қолдануға;";

      5-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қарудың құрама бөлшектері мен компоненттеріне өздігінен жөндеу жүргізуге, оларға тактикалық-техникалық сипаттамаларын өзгертетін конструктивтік өзгерістер енгізуге;";

      5-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) есірткі құралдарын, психотроптық, уытқұмарлық және басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланған күйде және (немесе) алкогольдік масаң күйде, зейінді төмендететін және ден қою жылдамдығын төмендететін дәрі-дәрмектің әсерінен, сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігінің және қару мен оның патрондарының сақталуының қаупін тудыратын қаруды алып жүруге, тасымалдауға және пайдалануға, оның патрондарын жарақтауға жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 тіркелген; 2019 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативті құқықтық актілердің Эталлондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланды) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының және оқ-дәрілерінің айналымы – заңды және тұлғалардың азаматтық қару мен оның патрондарын және бытыраны өндіру, сату (сауда), тапсыру, сыйлыққа тарту, марапаттау, мұраға қалдыру, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) патрон – қарудан атуға арналған, бастамашыл құралының гильзаларының (капсюль) көмегімен бір тұтасқа, лақтырылатын зарядты (аңшылық оқ-дәрі) және лақтырылатын керек-жарағын (оқ, бытыра) біріктіретін құрылғы;";

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) спортшыны тіркеу туралы куәлік - спортшының спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік аккредиттелген спорт Федерациясында тіркеуден өткенін растайтын және спорттық атыспен тұрақты айналысатын азаматтың мәртебесін растайтын құжат.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қару немесе патрондарды өндіруге лицензия беруді, қайта ресімдеуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 10352 болып тіркелген) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің біліктілік талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция департаменттері жүзеге асырады.

      Лицензияны рәсімдей үшін заңды тұлға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес аумақтық ішкі істер органға құжаттар ұсынады.";

      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте сатылатын қызметтік және азаматтық атыс ойық қарудан атылған оқ пен гильзаларды ұсынады.

      Отандық бақылау үшін атуларды дайындаушы-кәсіпорындар зауыт паспорттарында тисті жазбаларды енгізумен жүргізеді.

      Импорттық қарудың бақылау үшін атуларын ішкі істер органдары жүргізеді;";

      11-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) белгі беру қаруы, үрлемелі қуаты 7,5 Джоульдан (бұдан әрі - Дж) аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қару, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20674 болып тіркелді) соттылығының болуы немесе болмауы, "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 90760 болып тіркелді) диспансерлік (психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдар) есепте тұрғаны / не тұрмағаны туралы анықтаманы (медициналық қарсы көрсетпелерінің жоқтығы туралы (бұдан әрі психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардың анықтамалары) анықтамаларды және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне тексеруден өткені туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.

      Заңды тұлғаларға көрсетілген қару оны сатып алу рұқсаты бойынша сатылады.

      Арнайы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің органдарын қоспағанда (қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың көшірмесін немесе олардың арнайы мемлекеттік және құқыққорғау органдары қызметкерлері болып табылатыны туралы олардың Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда қызмет өткеру орнынан мөрмен басылған уәкілетті тұлғаның қол таңбасымен құжаттарды ұсынған жағдайында), азаматтық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдар, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері көрсетілген қаруды психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарынан анықтамаларды ұсынбай сатып алады.

      Көрсетілген тұлғалар ұсынған рұқсаттардың көшірмелері мен құжаттары есептік құжатамамен тізігіп, он жыл сақталады;

      Механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, және қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты жүргізгеннен кейін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша жұмыс істеп тұрған мамандандырылған дүкендерде қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жауынгерлік қарумен марапаттау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысымен бекітілген "Қару-жарақтың және әскери техниканың айналымы қағидаларымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады" (бұдан әрі - Қару-жарақтың және әскери техниканың айналымы қағидалары).

      Марапатқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған атыс қысқа ұңғылы ойық қару, сондай-ақ Заңның күшіне енуіне дейін, заңнамада белгіленген тәртіпте ішкі істер органдары оны алып жүруге және сақтауға рұқсат берген, атаулы қарумен марапаттауға құқығы бар лауазымды адамдардың, өкілдік және атқарушы органдарының бұйрықтары негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару жатады.

      33-тармақ алынып тасталсын.

      34-тармақ алынып тасталсын.

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Қарулы Күштері, басқа әскерлер, әскери құрылымдар, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары марапаттау қорын құру үшін осы тараумен көзделген атыс қысқа ұңғылы ойық қарудың бірыңғай данасын сатып алуға рұқсат етіледі.";

      40-тармақ алынып тасталсын.

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Қару-жарақ пен әскери техниканы айналымға жіберу ережесінің 63-тармағында көрсетілмеген лауазымды адамдардан алынған атыс қаруы марапаттар қатарына кірмейді және аумақтық ішкі істер органына тапсырылуы керек:

      1) жауынгерлік қол атыс және суық қару - өтеусіз кейін оны беруге тиісті ведомствоға тапсырумен;

      2) аңшылық қару осы Қағидалардың 119, 135 тармақтарына сәйкес оны сақтау мен алып жүруге рұқсатын берумен тіркеледі не болмаса оны сатып алуға рұқсаты бар тұлғаның иелігінен шығарылады.";

      43-тармақ алынып тасталсын;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Марапаттық қаруын музейге сақтау үшін тапсыруға оны ішкі істер органдары тиісті тіркегеннен және өзгертіп жасағаннан және оны ішкі істер органдарының теңгеріміне қою үшін ішкі істер органдарына ерікті түрде тапсырғаннан кейін рұқсат етіледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Заңды және жеке тұлғалар азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында алады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Барлық деңгейдегі спорттық федерациялар, мектептегі ұлттық командалар және спорт резерв дирекциялары, жоғары шеберлік спорт мектептері, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары, олимпиадалық даярлау орталықтары, балалар мен жасөспірімдер, спорт мектептері олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері, спорттық атыс бойынша спорттық клубтар және дене шынықтыру - спорт қоғамдары (бұдан әрі – спорттық ұйымдар) спорттық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ішкі істер органдары беретін рұқсат құжаттарының негізінде осы Қағидалардың 47-тармағында айқындалған тәртіпте спорттық қару мен оның патрондарын сатып алады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген).

      Қазақстан Республикасының азаматтары спорттық қаруды (қысқа ойық ұңғылыдан басқа) республикалық және өңірлік аккредитацияланған спорт федерацияларының қолдаухаты бойынша оларда атысқа байланысты спорт шеберіне кандидаттан (бұдан әрі-СШҮ) төмен емес разрядты көрсете отырып,спортшыны тіркеу туралы куәлігі бар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 "спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 тіркелген).

      Спорт федерациялардың қолдаухаттары бойынша азаматтармен сатып алынған спорттық қару мен оның патрондары спорттық қаруды сатып алуға қолдау көрсеткен федерация немесе спорттық ұйымның спорттық қару мен оның патрондарының нормаларында ескеріледі.

      Спорттық қаруды (тегіс ұңғылы және ұзын ұңғылы ойықты) сатып алуға рұқсат беру спорт федерациясына немесе спортшы құрамына кіретін ұйымға қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтер берілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Үш тегіс ұңғылы және екі ұзын ойық ұңғылы спорттық қаруды, әр бірлікке кемінде 3000 дана патронды иеленуге жол беріледі.

      Спорттық қаруды аңшылық есебінде пайдалануға жол берілмейді.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, азаматтық спорттық пневматикалық қаруды, дыбыстық белгі беруге пайдаланылатын белгі беру қаруын соттылығы жоқтығы туралы қару ұстауға соттылығының болмауы, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарынан анықтамаларды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 562 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы анықтамаларды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18881 тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары) және спортшының куәлігін ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары рұқсатсыз жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алуға құқылы.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Азаматтық атыс қаруды, газды тапаншалар мен револверлерді, электр қаруын азаматтар ішкі істер органдары беретін рұқсат бойынша сатып алады.

      Аңшылық суық жүзді қаруын атыс қаруын сақтау және алып жүру рұқсаты бойынша сатып алынады және аңшылық куәлігіне жазылады.

      Белгі беру қаруы, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған соттылығы жоқтығы туралы, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдарынан анықтамаларды және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін адамдар рұқсат алмай оларды жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар.

      Азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттары бар адамдар, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің органдарын қоспағанда (Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет өткеру орнынан мөрмен басылған уәкілетті тұлғаның қол таңбасымен құжаттарды ұсынған жағдайында), көрсетілген қаруды психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардың анықтамаларын ұсынбай сатып ала алады.

      Механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, және қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты жүргізгеннен кейін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша жұмыс істеп тұрған мамандандырылған дүкендерде қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қару алуға рұқсат беру үшін белгіленген талаптардың сәйкестілігіне, сондай-ақ арыз берушіні Заңның 19-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына және 4-тармақтың 2)-6) және 9) тармақшаларына сәйкестілігін тексереді.

      Қаруды ұстауға қарама қарсы көрсетпелердің жоқ болуы кезінде арыз беруші азаматтық қаруды сақтау жағдайларының болуына тұрғылықты тұратын жері және осы Қағиданың талаптарына сәйкестілігіне тексеріледі.

      Ұсынылған құжаттардың дұрыс емес және (немесе) ондағы құжаттардың қолдан жасалғаны белгілері анықталған жағдайда, ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтердің біліктілік талаптары немесе рұқсат талаптарына сәйкестілігін дәлелдеу үшін болмағанда және рұқсат алу мүмкіндігін жоятын Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлар туындағанда "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасына 1-қосымшаға 9-тармағына Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) белгіленген сәйкес рұқсат беруден бас тартылады.";

      74-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 мм дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды:

      қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өтпеген.

      Қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықтан өтпеген - механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды сатып алу кезінде;

      он сегіз жасқа толмаған;

      қару ұстауға медициналық қарсы көрсетілімдер бар;

      қару сақтауға арналған тиісті жағдайлары жоқ;

      сот шешімі қабылданғанға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталап жасаған;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-2, 436, 453 және 461-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаларға;";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау бойынша қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен потрондарын ғылыми, ақпараттық және танымдық (коллекцияға жинау) мақсаттарда коллекция (жиынтық) үшін жинау, сақтау белгіленген Біліктілікті талаптар және олардың тиістілігін растайтын құжаттар тізбесі тәртібінде ішкі істер органдары беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың коллекцияға жинау үшін қаруды сатып алу өзін-өзі қорғау үшін қаруды сатып алу кезінде осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Сатып алынған коллекциялық қаруы жетікүндік мерзімде сатып алуға рұқсат берген аумақтық ішкі істер органда тіркеледі.

      Коллекциялық қаруды жүзеге асыратын адамға ІІО-да бақылау-қадағалау ісі жүргізіледі, мұнда коллекция жасауға лицензиялар және қаруды сатып алуға рұқсаттарды беру үшін негіз болып табылатын материалдар, анықталған бұзушылықтар туралы материалдар, тексеру туралы баянаттар және актілер, лицензиялар мен рұқсаттарды бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртектердің көшірмелері және коллекциялық қаруының тізімі болады.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Коллекциялық қару мен патрондарға:

      1) қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме болып танылған қару, оның ішінде қолдан жасалған, заңсыз қайта жасалған немесе Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тыйым салынған қарулар, оның ішінде сот тәртібінде істерді қарау аяқталғаннан кейін;

      2) азаматтық және қызметтік қару болып табылмайтын шетелде жасалған қару;

      3) тәжірибелік партияда жасалған не Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және сертификатталған сынақтардан өтпеген қару;

      4) жауынгерлік қарудан жасалған массалық-габариттік макеттер;

      5) түпнұсқа бөлшектерінің, сондай-ақ сыртқы түрінің және көркем өңдеудің авторлық өзгерістері бар қару көшірмесін пайдаланбай конструкциясы мен көркем безендірілуін дәл көрсеткен жағдайда түпнұсқасы не өндірістен шығарылған сызба бойынша дайындалған қарудың көшірмелері;

      6) осы тармақта көрсетілген қарудың, оның ішінде сынақтық, үлгілік, жарақталмаған бос және оқу-жаттығу парондары;

      7) өндірістік немесе оқу үрдісін жүзеге асыру, зерттеу, әзірлеу, сынау не олардың көрсетілген мақсаттарда жасалған бірлі жарым даналары үшін арналған қарулар мен патрондар;

      8) қару моделдері (конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар, қару конструкциясында жасалған және оның әрекетін имитациялайтын);

      9) қару моделі болып табылмайтын конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар;

      10) қару және патрон муляжы (қару және патрон ретінде пайдалануға келмейтін сыртқы сипаты қарулар мен патрондарға ұқсас шығарылған бұйымдары);

      11) қысқа ұңғылы ойық және автомат қаруы.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Ішкі істер органдарында қаруды бір қару иесінен басқаға беру туралы құжаттарды ресімдеуге жол беріледі. Қаруды қайта рәсімдеу, берілетін қарудың есепке алу орны бойынша азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылауды (бұдан әрі - АҚҚАБ) жүзеге асыратын полиция органының қызметкері қару иесінің және қарудың осы түрін сатып алуға полиция органының рұқсаты бар адамның қатысуымен жүргізіледі.

      Жеке тұлға қаруды бір қару иесінен басқаға беруге құжаттарды ресімдеуге жүгінген кезде ресімделетін қару есебінде тұрған АҚҚАБ қызметкері "электрондық үкімет" порталы арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі - ЕЛ МДҚ) сатып алуға рұқсаттың бар-жоғын тексереді.

      Қару және (немесе) патрондарды сатқан жағдайда АҚҚАБ қызметкері ресімделетін қару туралы мәліметті ЕЛ МДҚ толтырады және оларды ЕЛ МДҚ арқылы сатып алуға рұқсат берген ішкі істер органына жолдайды.

      Қаруды сатып алуға рұқсат "жарамсыз" деген мәртебеде немесе оның ЕЛ МДБ болмаған жағдайда қаруды ресімдеуге жол берілмейді.

      Қаруды есептен шығару қаруды жаңа иесі оны есепке қою туралы хабарламасын алғаннын кейін ғана жүргізіледі.

      Қаруды ұрлау немесе жоғалтып алу жағдайында қару иесі біркүндік мерзімде қаруды ұрлау немесе жоғалтып алу фактісін анықтау сәттен бастап бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қызметтік немесе спорттық қару мен оның патрондарын есепке алу осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қару мен оның патрондарын есепке алу кітабында және осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналында жүргізіледі, олар нөмірленеді, тігіледі және аумақтық ішкі істер органының "Лицензиялық-рұқсат жүйесі" деген бедерімен арнайы мөрмен бекітіледі.

      Спортшылар сатып алған спорттық қару қызметтік қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда (спортшы тұратын ұйымның спорт федерацияларында) қаруды иесіне (спортшыға) беру туралы тиісті белгісі бар қару мен оның патрондарын есепке алу кітабына енгізіледі.";

      104-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) пломба салу құралдарының және пломба салу материалдарының болуы салыстырып тексеріледі, олардың деректемелері қарудың сақталуына жауапты тұлғаларда немесе ұйым басшыларында бар пломба салу құралдарынан ерекшеленеді.";

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Қару мен патрондардың іс жүзінде болуына салыстырып тексеруді комиссия қару мен патрондарын сақтау орындарын және қару мен патрондарымен сейфтерді, шкафтарды, пирамидаларды, жәшіктерді мөрмен басуын тексерумен бастайды.

      Қару мен патрондарының тексерілген сақтау орындарын ашу және қайта мөрмен басу оны қабылдау және беру үшін тек түгендеу комиссияның мүшелері, комиссия мүшелерінің біреуі болмаған жағдайында ұйым басшысы жүзеге асырады.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Қару мен патрондарды сақтау қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарында рұқсат алған заңды және жеке тұлғаларға рұқсат етіледі.

      Қызметтік, азаматтық, спорттық қаруды сақтауға жалпы рұқсаты қару бөлмесінің орналасқан мекенжайы бойында тіркелген барлық қаруларға беріледі.

      Заңды тұлғалардың қызметкерлеріне қызметтік қаруын алып жүру рұқсаты бір рұқсатта 5 бірлік қарудан артық емес, осы Қағидалармен бекітілген тәртіпте заңды тұлғаларға тіркелген қызметтік қаруға беріледі.

      Осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетілген табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне сақтау мен алып жүру рұқсаты облыстық атқарушы органның орман шаруашылықтарының мемлекеттік қызметкерлерін қаруландыру үшін бекітілген нормалардың 9-қосымшасына сәйкес және осы Қағидаларға аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу құқығы берілген заңнама тәртібінде бекітілген аңшылық және балық шаруашылықтарының жұмыскерлерін қаруландыру үшін бекітілген нормалардың 10-қосымшасына сәйкес тиісті нормаларға сәйкес беріледі.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай болмаған жағдайда ұйымдарға қаруды және патрондарды жабдықталған ОСП сақтауға жол беріледі. ОСП қару мен патрондар осы Қағидалардың 136-тармағында белгіленген тәртіпте сақталады. Қаруды ОСП тапсыру акт бойынша, осы Қағиданың 29-қосымшасына сәйкес ресімделеді. Онда қару мен оның патрондарын сақтайтын әрбір ұйым үшін жеке стеллаждар бөлінуі тиіс.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Ішкі істер органдарымен келісу бойынша қызметтік ойық және ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қару (карабиндерді, винтовкаларды, тапаншаларды, револьверлерді, мылтықтарды) мен оның патрондарын сақтау орманды қорғау және сақтау жөніндегі инженерінің, орман күтушінің, орман шеберінің, орман күзетшісінің, мемлекеттік инспекторлардың (қорықшылардың), аң аулаушылардың, мемлекеттік орман қорының учаскелерін және жануарлар дүниесі объектілерін тікелей күзетін, қорғауын жүзеге асыратын инспекторлардың, аңшылық және балық шаруашылықтары қорықшыларының тұрғылықты мекенжайлары бойынша рұқсат етіледі.

      Бұл ретте атыс қаруы осы Қағидалардың 135-тармағының талаптарына сәйкес сақталады.

      Орманды қорғау және сақтау жөніндегі инженері, орман күтушісі, орман шебері, орман күзетшісі, мемлекеттік инспекторлары (қорықшылары), аң аулаушылар, мемлекеттік орман қорының учаскелерін және жануарлар дүниесі объектілерін тікелей күзетін, қорғауын жүзеге асыратын инспекторлары, аңшылық және балық шаруашылықтарыының қорықшылары ұзақ уақыт (он күннен артық) болмағанда (іссапар, демалысқа шығу, емделу, әскери қызметін өткеру) қару осы қаруды сақтауға рұқсат берген ұйымның қару бөлмесіне тапсырылады.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Ішкі істер органдарының келісімі бойынша, атыспен байланысты аккредиттелген Республикалық спорт түрі бойынша федерациясының өтінішхаты бойынша дене шынықтыру және спорт саласында орындалатын жарғылық міндеттерге сәйкес спорт тегіс ұңғылы қаруды (спорт ұйымына бекітілген) СШК төмен емес разряды барларға Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамына мүше спортшылардың тұрғылықты жерлері бойынша сақтауға рұқсат етіледі. Бұл ретте, атыс қаруы осы Қағидалардың 135-тармағының талаптарына сәйкес сақталады.

      Қазақстан Республикасының азаматтары сатып алған спорт қаруына осы Қағидалардың 54-тармағының 2-абзацына сәйкес "спорттық" және спорт федерациясын, спортшыны қатыстыратын ұйымды көрсете отырып, спорт федерациясын көрсете отырып, спортшыны тағайындайды.

      Спортшылардың тұрғылықты жері бойынша спорттық қаруды сақтау дене шынықтыру және спорт саласында орындалатын жарғылық міндеттерге сәйкес атыспен байланысты аккредиттелген Республикалық спорт түрі бойынша федерациясына мүшелікті жыл сайынғы растау болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Спорттық қарудың иесі атыспен байланысты спортпен айналысуды тоқтатқан жағдайда дене шынықтыру және спорт саласында орындалатын жарғылық міндеттерге сәйкес атыспен байланысты аккредиттелген Республикалық спорт түрі бойынша федерациясының құрамынан шыққан жағдайда спорт ұйымына немесе қарудың тіркеу орны бойынша ішкі істер органына тапсырылады не азаматтық қаруды сату бойынша мамандандырылған дүкен арқылы сатылады.";

      мынадай мазмұндағы 131-1 тармақпен толықтырылсын:

      "131-1. Пневматикалық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы Білім министрілігінің орта (толық) жалпы білім беру оқу мекемелерінде, бастапқы кәсіби және орта кәсіби білім беру мекемелерінде сақтау мен пайдалануға:

      1) пневматикалық қаруын сақтауды және есепке алуды, сондай-ақ оларды дұрыс пайдалануын білім беру мекемелерінің басшылары және пневматикалық қару пайдаланылатын пәндер бойынша даярлықты жүзеге асыратын оқытушылар (қарудың сақталуына жауапты) дербес жауап береді;

      2) оқу мекемелерінің ғимараттарында пневматикалық қаруды сақтау үшін келесі талаптарға жауап беретін үй-жайлар қолданылуы мүмкін:

      басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшалануы тиіс, күрделі қабырғасы, темірбетон төбесі мен едені болу қажет;

      пневматикалық қару сақталатын үй-жайдың периметрі болып табылатын күрделі емес қабырғалар, темірбетон емес төбесі мен едені 5 мм. кем емес диаметрімен болат шыбықтан жасалған металл торлармен көркемделеді. Шыбықтар әр қиылыста 150х150мм ұяшықтар құрып, пісіріледі;

      құлыпқа жабылатын екі есігі болу қажет. Ішкі есіктері ішкі құлыппен. Ішкі торлы есіктер ішкі немесе аспалы құлпы болуы тиіс, қаруды сақтауға арналған бөлменің есік бунақтарын жиектеу темірден дайындалады;

      Үй-жайдың ішінен терезе ойығында немесе рамалар арасында болат торлары болуы тиіс. Қабырғаларды (арақабырғаларды) бекіту үшін есік, терезе ойықтарында орнатылатын торлар 5 мм кем емес болат шыбықтан жасалады;

      үй-жай дыбыстық сигнализаторлармен орнатылған автономды дабылмен жабдықталады, ол қару сақталатын кіру есігін, сейфті, шкафты ашуына не болмаса бұзуына іске қосылады. Автономды дабыл оқу мекеменің күзет бекетіне (күзетшіге) не болмаса үй-жайдың сыртқы жағына (көру және есту берікті бақылау қамтамасыз етілгенде) шығарылады;

      желдеткіш терезелерінде, техникалық люгінде және саңылауында темір торлар орнатылады.

      3) қаруды сақтауға арналған бөлмесінен екі жиынтық кілті бар. Бір жиынтық қарудың сақталуына жауапты тұлғада болады, екінші жиынтық – мөрмен басылған тубуста (пеналда) оқу мекемесінің басшысында сейфте сақталады.";

      133-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы Қағидалардың 132-тармағының 1), 2) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы. Сауда залы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, дүкенді жапқаннан кейін (жұмыс уақытынан тыс) сатып алу ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша жүзеге асырылатын қаруды, сондай-ақ қарудың патрондарын және оқ-дәріні онда қалдыруға жол берілмейді;";

      135-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй) электр желісіне және қосалқы электрмен қоректендіру көзіне тұрақты (тұрақты және қосалқы қоректендіру көзінің болуы) үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен (дабыл сигналын меншік иесінің немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонына немесе күзет ұйымына беру мүмкіндігі бар сигнализация) жабдықталады.

      Қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) ғана сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.

      Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі айқындайды;

      Егер жеке адамның қолында коллекциялық қару болса, оны сақтау орны оператор-компаниялардың орталық бақылау станциялары шығаратын дабыл беру жүйесімен жабдықталады;";

      135-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтау ішкі істер органдарының алдын ала жазбаша хабарламасынан кейін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын орталықтандырылған сақтау құқығына ішкі істер органдарының рұқ аты бар субъектілердің қару сақтауға арналған бөлмелерінде жол беріледі;

      5-ден (бесеуден) артық бірлік коллекциялық қаруын сақтау осы Қағидалардың 120, 121 және 122 тармақтарының тиісті талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады. Үй-жайдың болмауы жағдайында, көрсетілген санынан артық қару ОСП-да сақталады.

      Қарудың иесі осы Қағидаларының 27, 28-қосымшаларына сәйкес ОСП-да қаруды сақтауға шарт жасағаннан кейін қаруды сақтауға шарттың көшірмесін қоса бере отырып, қарудың тіркелген орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жазбаша хабарлайды.";

      Азаматтық және қызметтік қарулардың айналымын қадағалайтын полиция қызметкері хабарлама алғаннан кейін келісімшарт нөмірін және оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, қаруды сақтау орнын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интеграцияланған деректер банкінің ақпараттық жүйесіне жазбаны енгізеді.

      Келешекте келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қару мен оның патрондарының иесінің тұрғылықты жерінде сақтау шарттарын сақтау жүзеге асырылмайды.

      Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қарудың иесі оның қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, қаруды тіркеу орны бойынша ішкі істер органына келісімшартты ұзарту үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, келісімшарт автоматты түрде ұзартылған жағдайда (келісімшартты автоматты түрде ұзартудың шарттары түпнұсқа шартта көрсетілген) растайтын құжаттармен жазбаша түрде хабарлайды.

      Сақталған қарулар ОСП-ді әр тоқсан сайын тексеру кезінде тексеріледі;";

      135-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Азаматтық қаруды сақтау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 тіркелген) мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары тәртібінде қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарымен жүзеге асырылады.";

      135-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) атыс тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қаруы қоспағанда, белгі беру қаруын, механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды, өзін-өзі қорғау қаруын сақтау үй-жайларда орналасқан, құлыппен жабылатын, металдан, ағаштан немесе пластикадан жасалған шкафтарда (бұл ретте ағаштан немесе пластикадан жасалған шкафтардың қабырғаларының қалындығы 5 мм. кем емес) жүзеге асырылады және шкафтарға рұқсаты тек қару иесінде болуы тиіс.";

      136-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ОСП сақтауға беру қарудың тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға және қару иесі арасында оны сақтауға келісімшартын осы Қағиданың 27, 28 қосымшаларына сәйкес ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады;

      Тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде қару иесі қару тіркелген қару иесінің бұрынғы тұрғылықты жері бойынша азаматтық және қызметтік қару аналымын бақылау жөніндегі аумақтық бөлінісіне қару иесінің жаңа тұрғылықты жері бойынша орналасқан ОСП-мен жасалған алдын ала келісімшартты осы Қағиданың 28 қосымшасына сәйкес ұсынады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 390-бабы);";

      136-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ОСП-ға азаматтық және қызметтік қаруды беру кезінде орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару иесінің арасында сақтауға келісімшарт осы Қағиданың 27, 28 қосымшаларына сәйкес және қаруды қабылдау актісі осы Қағиданың 29 қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Акті) үш данада жасалады. Актінің бірінші данасы қарудың иесіне, Актінің екінші данасы қарудың тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына жазбаша хабарлаған кезде беріледі, Актінің үшінші данасы қару мен патрондарды орталықтандырылған сақтауды жүзеге асырған заңды тұлғада сақталады.";

      136-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      5-1) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес ОСП-ға сақтауға қабылданған азаматтық және қызметтік қаруды есепке алу журналы, осы Қағидаларға 31-қосымшасына сәйкес ОСП-дан азаматтық және қызметтік қаруды беруді/алуды есепке алу журналы, осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес ОСП-ға сақтауға қабылданған азаматтық және қызметтік қаруды ң патрондарын есепке алу журналы және осы Қағидаларға 33-қосымшасына сәйкес ОСП-дан азаматтық және қызметтік қарудың патрондарын беруді/алуды есепке алу журналы жүргізіледі, осы Қағидаларға 34-қосымшасына сәйкес ол журналдардың парақтары нөмірленеді, тігіледі және аумақтық ішкі істер органдарының "Лицензиялау-рұқсат жүйесі" деген бедерімен арнайы мөрмен мөрленеді;";

      136-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қару мен патрондар оқталмаған жай-күйде жеке нөмірленген бөлікте (орындарда) (әрбір қарудың иесі үшін) сақталады.

      Қару-жарақ бөлмелерінде оңтайлы температуралық режим және металдың тотығуын және оқ-дәрінің бүлінуін болдырмайтын қару мен патрондарды сақтау үшін ылғалдылық орнатылады;";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Қаруды алып жүру қарудың нақты түрлеріне, типтеріне және модельдеріне ішкі істер органы берген рұқсат және қару иесінің немесе пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік органның атыс қаруын сақтау мен алып жүруге құқығы бар лауазымды адамдары;

      2) қызметтік міндеттерін орындау кезінде - ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қызметкерлері;

      3) облыстық атқарушы органның орман шаруашылықтарының мемлекеттік қызметкерлері;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары - аң аулау кезінде, спорттық іс-шаралар, оқу-жаттығу атысын өткізу кезінде;

      5) марапаттау қаруы бар адамдар - марапатталған қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты негізінде.

      Шетелдіктер өздеріне тиесілі қаруды аң аулауды жүргізу орындарында, спорттық жарыс немесе оқу-жаттығу атыс өткізу кезінде пайдалануға жол беріледі.

      Қызметтік, азаматтық спорттық қаруды сақтауға жалпы рұқсат қару-жарақ бөлмесі орналасқан мекенжай бойынша тіркелген барлық қаруларға беріледі.";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Ішкі істер органдарынан қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылады.";

      179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "179. Азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрамалы) бөліктерін және оның патрондарын, аңшылық оқ-дәрілерін (бұдан әрі - қару) әкелу, әкету, транзит Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген, нысан бойынша толтырылған қорытындының (рұқсат құжаттың) болуы кезінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - қорытынды).";

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 5-қосымша нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 6-қосымша жойылсын;

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 26-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 27-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 28-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 28-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 29-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес 30-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес 31-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес 32-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес 33-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес 34-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес 35-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 27 қазаны
№ 739 Бұйрыққа
1 қосымша
  Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондары айналымы қағидасына
5-қосымша

Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері пайдаланатын қару-жарақ нормалары

      1. Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері 1 бекетке 2 бірлік қару есебінен қаруланады..

      2. Сыртқы бекеттегі күзетші, сондай-ақ жедел ден қою мобильді тобы құрамындағы күзетші (күзетші-жүргізушіні қоспағанда) азаматтық атыс ұңғысыз, жарақат салатын әрекеті бар патрондармен газды қарумен немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген электрлік қарумен немесе ұзын ұңғы тегіс ұңғылы қарумен қаруланады.

      3. Ауысымға шығатын аға күзетші, жедел ден қою мобилді тобының аға күзетшісі, ішкі бекеттегі күзетші, жедел ден қою мобилді тобы құрамындағы жүргізуші-күзетші, сондай-ақ жеке тұлғалардың денсаулығын және өмірін қорғайтын күзетші азаматтық атыс ұңғысыз, жарақат салатын әрекеті бар патрондармен газды қарумен немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген электрлік қарумен немесе қысқа ұңғы тегіс ұңғылы қарумен қаруланады.

      4. Күзеттің барлық түрлері үшін қарудың резерві - қолда бар қару-жарақтың әрбір 10 бірлігіне 1 бірлік.

      5. Объектіні күзетуге шығатын күзетшілерге мыналар беріледі:

      1) қысқа ұңғы тегіс ұңғылы қарудың, азаматтық атыс ұңғысыз, жарақат салатын әрекеті бар патрондармен газды қарудың әр бірлігіне 16 патронға дейін (2 оқжатарға, барабанға);

      2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қарудың әр бірлігіне 10 патроннан;

      3) оқу атыстарын жүргізу үшін 1 күзетшіге жылына кемінде 12 патроннан тиесілі.

      Тегіс ұңғылы қару үшін патрондар № 7 немесе № 8 бытыралармен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тиісті нормаларына сәйкес жарақат салатын әрекеті бар патрондары қолданылуы мүмкін.

      Бағалы металдар мен алмаздарды, көмірсутек шикізаттарды өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын объектілерді, банктерді, электр станцияларын, жылуэлектрорталықтарды және электр беру желілерді, жарылғыш, улы және есірткі заттардың, радиобелсенді материалдардың қоймаларын (қойма орындарын), мемлекеттік материалдық, сондай-ақ бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде теміржол және әуе көлігінің қоймаларын (қойма орындарын) күзету кезінде тегіс ұңғылы қару үшін патрондарды оқтармен немесе № 0; № 1 бытыралармен оқтауға жол беріледі.

      6. Жеке күзет ұйымдарының күзетшілері нысандарды күзету немесе жедел ден қою мобильді тобы құрамындағы күзетшілер қызметтік қаруларын қарудың әрбір бірлігіне 2 патроннан кем емес жарық-дыбыстық әсері бар патрондармен оқтайды.

      Қару бірлігіне патрондардың азайтылмайтын қоры:

      1) қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қару, азаматтық атыс ұңғысыз, жарақат салатын әрекеті бар патрондармен газды қару - 16 патрон;

      2) ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы - 10 патрон.

  Ішкі істер министрлігінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Ішкі істер министрінің
бұйрығына
2-қосымша
  Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
8-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген нормалар

№ р/с

Лауазымы

Пистолет

Карабин

Тегіс ұзын ұңғылы (карабин)

1

Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

1

немесе 1

2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

1

немесе 1

немесе 1

3

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы

1

немесе 1

немесе 1

4

Орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік орман инспекциясының және орманды мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері

1

немесе 1

немесе 1

      Оқ-дәрілер:

№ р/с

Қарудың атауы

Патрондардың саны (дана)

ауысымға арналған қызметкер

бірлікке азаймайтын қор

жылдық шығын:

бір адамға практикалық атыс үшін

қару бірлігіне атуды тексеру

1

пистолет

16 (2 оқжатарда)

24

8

4

2

карабин

10 патрон (қорапта)

30

10

5

3

Тегіс ұзын ұңғылы (карабин))

10 патрон (қорапта)

30

10

5

      Ескертпе:

      Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлікке қаруға бір резервтік ұстауға рұқсат етіледі.

      Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөліністері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.

      Мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мамандандырылған ұйымның жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор - мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, мемлекеттік табиғи резерваттың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).

      Мемлекеттік орман инспекциясының және мемлекеттік орман күзетінің қызметкері - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлінісінің орманды қорғауды тікелей жүзеге асыратын қызметкері (орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтуші, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маман).

      Тегіс ұңғылы қару үшін патрондар № 7 немесе № 8 бытыралармен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тиісті нормаларына сәйкес жарақат салатын әрекеті бар патрондары қолданылуы мүмкін.

      Шакалдарды, қарғаларды, сауысқандарды, ала қарғаларды, қаңғыбас иттерді ату үшін тегіс ұңғылы қару патрондарын № 1; № 0 немесе № 00 бытыралармен оқтауға жол беріледі.";

  Ішкі істер министрлігінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Ішкі істер министрінің
бұйрығына
3-қосымша
  Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
10-қосымша

Заңнамада белгіленген тәртіте аңшылық және балық аулау шаруашылығын жүргізу құқығы берілген аңшылық және балық шаруашылықтарының қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген нормала

№ р/с

лауазымы

Қарудың түрлері

Ұзын тегіс ұңғылы қару (бірлік)

1

Аңшылар, аң және балық шаруашылығының қорықшысы

1

      Аңшылық және балық шаруашылығының аңшылық маманына арналған оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:

№ р/с

Қарудың атауы

Патрондар саны (дана)

Ауысымға оқталған қызметкер

Бірлікке азаймайтын қор

жылдық шығын:

бір адамға практикалық атыс үшін

қару бірлігіне атуды тексеру

2

Ұзын тегіс ұңғылы қару

15 патрон

60

10

8

      Ескертпе:

      Қарудың жалпы саны бекітілген штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің жалпы санынан аспауы тиіс.

      Аңшылық маманы, қорықшы - аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген жануарлар және өсімдік әлемін күзетуді жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылығының қызметкері. Аңшылық маманы, қорықшы жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асырған кезде тек қызметтік қаруды ғана қолданады.

      Тегіс ұңғылы қару үшін патрондар № 7 немесе № 8 бытыралармен оқталады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тиісті нормаларына сәйкес жарақат салатын әрекеті бар патрондары қолданылуы мүмкін.

      Шакалдарды, қарғаларды, сауысқандарды, ала қарғаларды, қаңғыбас иттерді ату үшін тегіс ұңғылы қару патрондарын № 1; № 0 немесе № 00 бытыралармен оқтауға жол беріледі.

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
1-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
26-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің оқу мекемелерінде спорттық қаруды ұстау нормалары. Білім мекемелерінде спорттық қаруды ұстау нормалары (бір оқу мекемесіне арналған данада)


р/с

Қару атауы

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің оқу мекемелері

Оқу мекемесінің бір оқушысына калибрі 4,5 мм оқтар саны

1

2

3

4

2

Пневматикалық винтовка калибрі 4,5 мм: нысаналар бойынша оқпен ату

2

4

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
5-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
27-қосымша

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтаудың алдын ала жасалған келісімшарты № ______

      __________ қаласы                                     "___" __________ 20___ ж.

      Осы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтаудың алдын ала жасалған келісімшарты бұдан әрі "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" деп аталатын ________ЖШС директоры ________атынан бір тараптан және бұдан әрі "Қару иесі" деп аталатын _________ екінші тараптан осы Келісімшартты оны аумақтық полиция органдарына "Азаматтық және қызметтік қаруын иемдену құқығына рұқсат алу" үшін жасасты.

1. Келісімшарт мәні

      1. Тараптар болашақта осы келісімшарт жасау кезінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасауға міндеттенеді.

2. Келісімшарт шарттары

      2. "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" осы келісімшартқа қол қою күнінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған орынды (-дарды)_____ ұсынуға міндеттенеді

      3. "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 134-тармағымен белгіленген талаптарына сәйкес жабдықталған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған орынды (-дарды)_____ ұсынуға міндеттенеді.

      4. "Қару иесі" осы келісімшартқа қол қою күнінен бастап 105 (жүз бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей негізгі келісімшартты жасауға міндеттенеді.

      5. "Қару иесі" "Қаруды орталықтандырылған сақтау пункті" ұсынған (резервтік) қаруды сақтау орнына бір орынға айына _______ теңге есебінен төлеуді міндеттенеді. Мерзімі 3 күнтізбелік айынан кешіктірілмей.

      6. "Қару иесімен" Сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасамау жағдайында, төленген сома қайтарылмайды.

      7. "Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктімен" Сақтау келісімшартын (негізгі келісімшартын) жасамау жағдайында, "Қару иесіне" төленген сома толық көлемде қайтарылады.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Осы келісімшарт тараптары жағынан келісімшарт бойынша міндеттерді орындамағаны немесе тиісті үлгіде орындамағаны үшін кінәлары болғанда айтылғандары үшін жауапты болады.

      9. Келісімшарт бойынша міндеттерін орындамағны немесе тиісті орындамағаны үшін кінәлары болмағанда, міндеттерді бұзған тарап дәлелдейді.

4. Дауларды шешу тәртібі

      10. Осы келісімшарттың шарттарын орындау кезінде туындауы мүмкін дауларды тараптар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібінде достық жолмен шешуге тырысады: келіссөздер жүргізу, хат алмасу, келісімшарттың шарттарын айқындау арқылы.

      11. Өзара қабылдауға жарамды шешімдерге қол жеткізбеу жағдайында тараптар даулы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртіппен шешуге құқылы.

5. Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыру

      12. Осы келісімшарт тараптармен олардың өзара келісу негізінде оның іс-әрекеті және тараптардың осындай әрекеттерін шақырған объективті себептердің болуы кезеңінде өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін.

      13. Осы келесімшарттың өзгерістер және/немесе толықтыруларының салдарлары тараптардың өзара келісулерімен немесе келісімшарт тараптарының талабы бойынша сотпен анықталады.

      14. Осы келесімшарттың шарттарын өзгерту және/немесе толықтыру бойынша тараптардың келісімдерінің егер олар жазбаша түрде ресімделу, келісімшарт тараптары қол қою және тараптардың мөрлерімен басу (болса) жағдайында күші бар.

6. Келісімшартты бұзу мүмкіндігі мен тәртібі

      15. Осы келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

7. Уақыт бойынша келісімшарттың іс-әрекеті

      16. Осы келісімшарт тараптар қол қою күнінен бастап заң күшіне енеді және 105 (жүз бес) жұмыс күн жарамды.

      17. Осы келісімшарттың іс-әрекетін тоқтату ол бойынша тараптардың міндеттерін тоқтатуға әкеп соғады, бірақ тараптарды егер осы келісімшартты жасау немесе орындау кезінде орын алған бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

Сақтаушы:
Орталықтандырылған
сақтау пункті:
__________________________
__________________________
(қолы)
М.О.

Сақтауға тапсырушы: Қару иесі:
телефон: __________________
E-maіl: _____________________
__________________________
(қолы)
М.О. (бар болса)



      *Ескертпе: 01.07.2019 жылғы ҚР ІІМ-нің № 602 бұйрығының талаптарына сәйкес, келісімшарттың бірінші данасы қарудың иесіне беріледі, екінші дананы қарудың (патрондардың) иесі қаруды болашақта тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына береді, үшінші дананы қаруды және оның патрондарын орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғада сақталады.

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
6-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
28-қосымша

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау келісімшарты № ____

      ____________ қаласы                               "___"_________20___жылы

      Бұдан әрі "Сақтаушы" деп аталатын ________ЖШС ("Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктімен") ________атынан Мемлекеттік тіркеу туралы 20__ жылғы "___" ______ БСН № ____________ куәлігі негізінде қолданылатын бір тараптан және бұдан әрі "Сақтауға тапсырушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________________

      (азаматтың жеке басын куәландыратын құжат атауы: нөмірі, кім және қашан берді, тұрғылықты мекенжайы)

      екінші тараптан осы Келісімшартын (бұдан әрі "Келісімшарт") төмендегілер туралы жасасты.

1. Келісімшарт мәні

      1.1. Сақтауға тапсырушыға (бұдан әрі "Қару") тиесілі және 20___ж. "___" _________ № _____ Қабылдау актісіне сәйкес Сақтаушыға сақтауға берілген азаматтық, қызметтік қару мен/немесе оның патрондарын сақтау бойынша қызметі болып табылады.

2. Тараптардың міндеттері

      2.1. Сақтаушы оған Сақтауға тапсырушы берген Қаруды сақтауға және көрсетілген Қаруды сақтап, қайтаруға, сондай-ақ Сақтауға тапсырушыға сақтаумен байланысты қосымша қызметтерді (осындай қызметтердің құрамы мен бағасы Келісімшартқа жеке қосымшасымен ресімделеді) көрсетуге міндеттенеді.

      2.2. Сақтаушы Сақтауға тапсырушының талабы бойынша қабылданған Қаруды талап бергеннен кейін бір жұмыс күні ішінде (сағат 09-00-ден сағат 19-00-ге дейін уақыт аралығында), бұл ретте Беру актісін ресімдеп, беруге немесе қайтаруға міндетті.

      2.3. Сақтаушы Сақтауға тапсырушыға сақтауға берілген сол Қаруды беруге немесе қайтаруға міндетті.

      2.4. Сақтаушы оған берілген Қарудың сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының" 134-тармағымен көзделген міндеттерді, шараларды қабылдауға міндеттенеді.

      2.5. Сақтаушы Сақтауға тапсырушының келусінсіз оған беріген Қаруды пайдаланбауға, оны үшінші тұлғаларға пайдалану мүмкіндігін ұсынбауға міндеттенеді.

      2.6. Келісімшартпен негізделген сақтау мерзімі өтуі бойынша Сақтауға тапсырушы бір жұмыс күні ішінде Келісімшартты ұзарту, не болмаса сақтауға берілген Қаруды алып кетуге міндетті. Егер Сақтауға тапсырушы белгінген мерзімде өз Қаруды алып кетпесе, Сақтаушы бір жұмыс күні өтуі бойынша бұл туралы полиция органдарына осы қаруды аумақтық полиция органдарына жауапты сақтауға, полиция органдарының рұқсатымен Қаруды қоймада уақытша сақтауға тапсыру (шешім қабылданға дейін) туралы хабарлайды. Сақтауға тапсырушы Келісімшарттың 3- бөлімінде белгіленген бағаларға сәйкес қосымша сақтау мерзімін толық төлеуге міндетті.

      2.7. Сақтауға тапсырушы қаруды Сақтаушыға таза және майлы күйінде – Қаруды сақтау кезеңінде консервациялау үшін жарамды түрінде ұсынуға міндетті.

      2.8. Сақтауға тапсырушы сақтауға тазаланбаған және майланбаған Қаруды және осы тот өзгерістерінен пайда болған қарудың негізгі және құрамды бөліктерін тапсыру кезінде Сақтаушы жауапты болмайды.

      2.9. Сақтауға тапсырушының талабы бойынша Сақтаушы құрал-саймандарды және шығын материалдарды: бидай шүберек, бейтарап, әмбебап және Сақтаушымен бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес ақы үшін ұсынылатын басқа да майлау түрлерін не болмаса Сақтаушымен бекітілген қосымша қызметтерге баға көрсеткішіне сәйкес қаруды тазалау мен майлауды қоспағанда, қаруды тазалау және майлау үшін тегін орын (шеберүстел) ұсынуға міндетті.

      2.10. Сақтауға тапсырушы сақтауға құрғақ және таза күйінде қапталған түрінде (картонды, пластикалық немесе металдық қораптар) Патрондарды ұсынуға міндетті.

      2.11. Сақтауға тапсырушы сақтағаны үшін Сақтаушыға осы Келісімшартпен көзделген шарттардағы көлемінде сыйақыны төлеуге міндетті.

3. Келісімшарт сомасы және есеп тәртібі

      3.1. Осы келісімшарт бойынша сақтағаны үшін сыйақы Келісімшартқа Қабылдап алу актісі негізінде айқындалады, мұнда сақтауға тиесілі қарудың бірлік саны көрсетіледі және айына бір сақтау орын үшін ________ теңге құрайды. Егер сақтау мерзімі бір айдан аз болса, төлем бүкіл айға алынады. Сақтау орны осы Келісімшарт мақсатында 1 (бір) бірлік қару немесе 60см(ұзындығы)х30см(ені)х50см(биіктігі) өлшемдерімен оқ-дәрілерді сақтау алаңы болып табылады.

      3.2. Сақтағаны үшін сыйақы Сақтаушыға Келісімшарт жасағанда төленеді.

      3.3. Бағаға Сақтауға тапсырушы жеке Сақтаушымен бекітілген қосымша қызметтерге баға көрсеткішіне сәйкес төленетін Қаруын қоймаға/қоймадан жеткізу бойынша қызметтер құны енгізілмеген.

      3.4. Сақтау ____ ай, ____ бірлік қару (патрондар орны) төлеу сумасы ___ (жоғарыда көрсетілген сандарды сөзбен жазу керек).

4. Тараптардың жауапкершілігі және форс-мажорлық жағдайлар

      4.1. Сақтаушы егер жоғалып кету, жетіспеушілік немесе бүлдіру күштің салдарынан болуын дәлелдемесе, Қарудың жоғалып кетуіне, жетіспеушілігіне немесе бүлдіруіне жауап береді.

      4.2. Қарудың жоғалып кетуімен, Сақтауға тапсырушыға келтірілген залалдарды Сақтаушы Қарудың қалған бағасы көлемінде тараптардың келісу бойынша анықталатын оны тапсыру жай-күйін ескере отыра, өтейді.

      4.3. Егер Қарудың жоғалып кету немесе бүлдіру қаупін қоюға қажетті сақтау жағдайлары өзгерсе, Сақтаушы Сақтауға тапсырушыға хабарламай, сақтау орнын өзгертуге құқылы.

      4.4. Сақтауға тапсырушының өтінші бойынша Келісімшартпен белгіленген мерзімі өтуіне дейін сақтау тоқтатылса, Сақтаушы толық сома көлемінде сыйақыны қалдыруға құқылы.

      4.5. Егер Сақтаушы жауап беретін сақтау мән-жайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылса, ол сыйақының сомасын Сақтауға тапсырушыға қайтаруға міндетті.

      4.6. Келісімшарт бойынша оның шарттарын орындау кезінде, егер міндеттерді тиісті орындау күштің салдарынан (форс-мажор) болғанын дәлелдемесе, өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісті үлгіде орындамаған тараптар жауапты болады.

5. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі

      5.1. Осы Келісімшарт 20___ж. "__" _____ 20___ж. "__" ______ аралығындағы мерзімге жасалған және Келісімшарт жасау күнінен бастап күшіне енеді.

      5.2. Келісімшарттың жарамдылық мерзімі полиция органдары Сақтауға тапсырушыға берген азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсатының жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс.

6. Өзге де жағдайлар

      6.1. Осы Келісімшартпен көзделмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады. 6.2. Осы Келісімшарт бойынша даулар туындау жағдайында тараптар оларды келіссөз жүргізу арқылы шешуге барлық шаралар қабылдайды. Егер тараптар келісімге келе алмаса, келіссөздер арқылы дауларды шешпесе, осы дау сот органдарында қарауға жатады.

      Сақтауға тапсырушы: _________________________________________

      Сақтаушы: __________________________________________________

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

      Сақтауға тапсырушы: _______/___________/

      Сақтаушы: __________ /__________/.

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
7-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
29-қосымша
  Дана № ____

Қаруды қабылдау алу актісі ________

      ______ қаласы                                                 ___ 20__ жылы

      Осы қаруды (патрондарды) қабылдап алу актісі 20___ жылғы "___" _____№ _____ Сақтау келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады және үш данада толтырылады.

      1. Сақтауға қаруды (патрондарды) қабылдаған қойманың атауы мен мекенжайы:

      __________________________________________________________________________

      2. Сақтауға қаруды (патрондарды) қабылдаған ұйымның атау мен БСН, не болмаса азаматтың Т.А.Ж. мен ЖСН, сондай-ақ қару (патрон) иесінің болу орны (тұрғылықты жері)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Қару атауы мен саны;

Қарудың моделі, маркасы

Қарудың сериясы, нөмірі

Калибр

"Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсаты"№, жарамдылық мерзімі, қашан және кім берді

Қаруды сақтау мерзімінің аяқталу күні

1

2

3

4

5

Патрондардың атауы мен саны;

Патрондардың моделі, маркасы

Калибр

Саны

"Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсаты" №, жарамдылық мерзімі, қашан және кім берді

Патрондарды сақтау мерзімінің аяқталу күні

1

2

3

4

5

      4. Қарудың, патрондардың техникалық жай-күйінің сипаттамасы: (көзге көрінетін кемістіктер мен ақаулар міндетті түрде көрсетіледі, сондай-ақ оқжатардың, қару ұңғы арнасының, Ұра-ағытқыш механизмі" тетіктері мен бөліктерінің жай-күйі, күйіктің, оқ-әдірінің, шаңның, ылғалдың іздері және т.б.

      көрсетіледі) __________________________________________________________

Директор:
__________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________

Қару иесі:
(ЖШС, БСН немесе азаматтың Т.А.Ә, ЖСН.
мекенжайы, телефоны)
____________________________________
______________________________________



      *Ескертпе: ҚР ІІМ 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығының талаптарына сәйкес, Актінің бірінші данасы қару иесіне, Актінің екінші данасын қару иесі жазбаша хабарлаумен қару тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органындарына беріледі, актінің үшінші данасы қару мен патрондарының орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғада сақталады.

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
8-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
30-қосымша

Қаруды (патрондарды) тапсыру (қабылдау алу) актісі № ________

      ________________ қаласы                         "___" ___________20___ жылы

      Осы Қаруды (патрондарды) тапсыру (қабылдау алу) актісі 20___ жылғы "___" _____ № _____ Сақтау келісімшарты негізінде құрылды.

      1. Қаруды (патрондарды) тапсыратын (қабылдайтын) қойманың атауы мен мекенжайы:

      __________________________________________________________________________

      2. Қару (патрондар) тапсырылатын (қабылданатын) ұйымның атау мен БСН, не болмаса азаматтың Т.А.Ж. мен ЖСН, сондай-ақ қару (патрон) иесінің болу орны

      (тұрғылықты жері) _________________________________________________________

      3. Тапсырылатын қарудың атауы мен саны;

Қарудың моделі, маркасы

Қарудың сериясы, нөмірі

Калибр

"Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсаты"№, жарамдылық мерзімі, қашан және кім берді

Қаруды тапсыру уақыты мен күні
(сс.мм., кк.аа.жж.)

1

2

3

4

5

      Тапсырылатын патрондардың атауы мен саны;

Патрондардың моделі, маркасы

Калибр

Саны

"Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсаты"№, жарамдылық мерзімі, қашан және кім берді

Патрондарды тапсыру уақыты мен күні
(сс.мм., кк.аа.жж.)

1

2

3

4

5

      4. Қарудың, патрондардың техникалық жай-күйінің сипаттамасы: (көзге көрінетін кемістіктер мен ақаулар міндетті түрде көрсетіледі, сондай-ақ оқ жатардың, қару ұңғы арнасының, Ұра-ағытқыш механизмі" тетіктері мен бөліктерінің жай-күйі, күйіктің, оқ-әдірінің, шаңның, ылғалдың іздері және т.б.

      көрсетіледі) __________________________________________________________

      5. Осы Актпен сақтаудағы қару мен патрондар Актінің 3-тармағында көрсетілген уақыты мен күні қару иесіне тапсырылғаны расталады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару мен патрондарды тасымалдауына, сақтау мен пайдалануына қару иесі жауапты болады.

Директор:
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

Қару иесі:
(ЖШС, БСН немесе азаматтың Т.А.Ә, ЖСН.
мекенжайы, телефоны)
__________________________________
__________________________________



№ ______ Актінің сырт жағы

      6. Қабылданатын қарудың атауы мен саны;

Қарудың моделі, маркасы

Қарудың сериясы, нөмірі

Калибр

"Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсаты"№, жарамдылық мерзімі, қашан және кім берді

Қаруды тапсыру уақыты мен күні
(сс.мм., кк.аа.жж.)

1

2

3

4

5

      Қабылданатын патрондардың атауы мен саны;

Патрондардың моделі, маркасы

Калибр

Саны

"Қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру рұқсаты"№, жарамдылық мерзімі, қашан және кім берді

Патрондарды тапсыру уақыты мен күні
(сс.мм., кк.аа.жж.)

1

2

3

4

5

      7. Қарудың, патрондардың техникалық жай-күйінің сипаттамасы: (көзге көрінетін кемістіктер мен ақаулар міндетті түрде көрсетіледі, сондай-ақ оқ жатардың, қару ұңғы арнасының, Ұра-ағытқыш механизмі" тетіктері мен бөліктерінің жай-күйі, күйіктің, оқ-әдірінің, шаңның, ылғалдың іздері және т.б.

      көрсетіледі) _________________________________________________________

      8. Осы Актпен қару мен патрондар Актінің 6-тармағында көрсетілген уақыты мен күні қару иесі қару мен патрондарды "Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктіне" сақтауға тапсырғаны расталады.

      Директор:

      _________________________________

      _________________________________

      _________________________________

      _________________________________

      Қару иесі:

      (ЖШС, БСН немесе азаматтың Т.А.Ә, ЖСН.

      мекенжайы, телефоны)

      ______________________________________

      ______________________________________

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
9-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
31-қосымша

ОСП-ға сақтауға келіп түскен азаматтық және қызметтік қаруын есепке алу журналы

Т.А.Ж

ЖСН

Қарудың маркасы/моделі

Калибр

Қарудың сериясы

Қарудың нөмірі

Рұқсат, нөмір, қашан және кім берді (ПД, АПБ)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кестенің жалғасы

Рұқсаттың жарамдылық мерзімі

Қару иесінің іс жүзіндегі мекенжайы

Қару иесінің заңды мекенжайы

Қару иесінің ұялы телефоны

Қаруды тапсыру (қабылдау) күні

Қаруды сақтау мерзімінің аяқталу күні (келісімшарт бойынша)

Сақтау орны, қатар, ұяшық

Қаруды қабылдайтын тұлғаның ТАЖ

9

10

11

12

13

14

15

16

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
10-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
32-қосымша

ОСП-дан азаматтық және қызметтік қаруын беру/алуды есепке алу журналы

ТАЖ

ЖСН

Қарудың келіп түсу журналы бойынша есептік №

Қарудың маркасы/моделі, калибрі

Қарудың сериясы, нөмірі

Қаруды тапсыру (қабылдау) күні

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Қаруды сақтау мерзімінің аяқталу күні (келісімшарт бойынша)

Сақтау орны, қатар, ұяшық

Қаруды алу уақыты(сс.мм.), күні

Қаруды қабылдаған тұлғаның ТАЖ

Қаруды тапсыру уақыты(сс.мм.), күні

Қаруды қабылдаған тұлғаның ТАЖ

8

9

10

11

12

13

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
11-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
33-қосымша

ОСП-ға сақтауға келіп түскен азаматтық және қызметтік қаруының патрондарын есепке алу журналы

ТАЖ

ЖСН

Патрондардың маркасы/моделі

Калибр

Патрондар саны

Қаруға рұқсат, нөмір, қашан және кім берді (ПД, АПБ)

Рұқсаттың жарамдылық мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кестенің жалғасы

Қару иесінің іс жүзіндегі мекенжайы

Қару иесінің заңдымекенжайы

Қару иесінің ұялы телефоны

Патрондарды тапсыру (қабылдау) күні

Патрондарды сақтау мерзімінің аяқталу күні (келісімшарт бойынша )

Сақтау орны, қатар, ұяшық

Қаруды қабылдаған тұлғаның ТАЖ

9

10

11

12

13

14

15

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
12-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
34-қосымша

ОСП-дан азаматтық және қызметтік қаруының патрондарын беру/алуды есепке алу журналы

ТАЖ

ЖСН

Патрондардың келіп түсу журналы бойынша есептік №

Патрондардың маркасы/моделі, калибрі

Патрондардың саны

Патрондарды тапсыру (қабылдау) күні

Патрондарды сақтау мерзімінің аяқталу күні (келісімшарт бойынша)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кестенің жалғасы

Сақтау орны, қатар, ұяшық

Патрондарды алу уақыты(сс.мм.), күні

Патрондарды қабылдаған тұлғаның ТАЖ

Патрондарды тапсыру уақыты(сс.мм.), күні

Патрондарды қабылдаған тұлғаның ТАЖ

9

10

11

12

13

  Ішкі істер министрінің
кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы бұйрығына
13-қосымша
  Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарының
айналымы қағидаларына
35-қосымша

Тексерулерді, тіркеулерді, шешімдерді, анықтамаларды, талаптарды, актілерді, қорытындылардың орындалуын бақылауды есепке алу журналы

№ актісі

Тексеру актісінің тіркелген күні

Реттеуші органның атауы, толық атауы және тексеруді тағайындаған адамның лауазымы

Аты-жөні және аудитті жүргізетін тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы

Тексерілетін объектінің атауы, оның орналасқан жері және БСН

Қызмет түрі

Тексеру күндері

Бұзушылықтар анықталды

Әкімшілік құқық бұзушылық

Бұзушылықтарды жою туралы бұйрық №, күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады