"Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 3 қарашадағы № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21599 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14012 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде. жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру, өзгерту және өтеу қағидаларында:

      14-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      19-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларда, қондырғы операторы уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан кешіктірмей, мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш;

      2) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

      3) валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

      4) Ұлттық жоспарды әзірлеу жылының басынан және оның қолданысқа енгізілу кезеңінен бастап көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көз енгізілген жағдайда);

      5) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемін негіздейтін есептеулер (қуаты ұлғайған жағдайда).

      Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың қосымша көлемі квоталардың негізгі көлемі жеткіліксіз болған жағдайда, қолданыстағы Ұлттық жоспар кезеңінде парниктік газдарды түгендеу туралы расталған есептер негізінде беріледі.

      Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңі үшін парниктік газдар шығарындыларына қосымша көлемге өтініш берген жағдайда, қондырғы операторы осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға келесі есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 шілдеден кешіктірмей береді.";

      31-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді мемлекеттік тізілім операторы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Таратылған қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган квоталардың пайдаланылмаған көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан ұлттық жоспар резервінің шотына ауыстыру туралы шешім қабылдайды.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 34, 34-1-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Мемлекеттік тізілім операторын парниктік газдар шығарындыларына пайдаланылмаған квоталар көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінің шотына ауыстыру туралы хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Өткен есепті жылдардағы парниктік газдарды түгендеу туралы есепте расталған парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде квоталанған қондырғының қуаты төмендеген жағдайда уәкілетті орган тиісті Ұлттық жоспар кезеңінің қолданылу қорытындылары бойынша Кодекстің 94-2-бабының 5-тармағына сәйкес бір оператордың қондырғылары арасында дербес бөлінген квоталар көлемін қоспағанда, тиісті квоталар көлемін Ұлттық жоспар резервіне алады.

      Уәкілетті орган қондырғы операторын қондырғы қуатының төмендеуі нәтижесінде пайда болған алу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде квоталар көлемінің алынғаны туралы хабардар етеді.

      Уәкілетті орган квоталар көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан Ұлттық жоспар резервінің шотына квоталар көлемін аудару қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді.";

      осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушы
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 276 Бұйрыққа
1-қосымша
  Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жаңа қондырғы бойынша/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш

1. Қондырғы операторының /квоталанатын әкімшілендіру субъектісінің атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарға сәйкес келетін қондырғы жататын экономика секторы


4. Ұлттық жоспардың қолдану кезеңінде квоталар көлемі резервінен парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемі


Соның ішінде есептік жылда парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемі


5. Ұлттық жоспар қолданылу кезеңі

20__ жылғы " " ___ бастап20__ жылғы " " _____ дейін

Парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемінің есептік жылы


6. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қондырғының верификацияланған паспорты (түпнұсқа);
2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары (түпнұсқа);

      Басшы ____________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы)

      мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш

1. Қондырғы операторының атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе (БСН)
2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына сәйкес келетін қондырғы жататын экономикалық қызмет түрі


4. Қолданыстағы Ұлттық жоспарға сәйкес белгіленген квоталар көлемі:


5. Квоталардың қосымша көлемі:


6. Квоталардың қосымша көлемі есебімен квоталардың жалпы көлемі


7. Квота көлемін өзгертуді сұрау себебі (қажеттісін белгілеу):


7.1.Қондырғы қуатын ұлғайту


7.2. Қондырғымен технологиялық байланысқан парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзін енгізу


8. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемі сұратылатын есептік жыл


9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
3) Ұлттық жоспарды әзірлеу жылынан бастап және оның қолданылу кезеңі ішінде көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
4) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квоталар көлемін негіздейтін есептеулер (қуатын ұлғайтқан жағдайда).

Атауы ________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы _______________________
Телефон _________________________
электронды мекенжайы ____________

Орындаушы __________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы))
_______
Телефон _________________________

Басшы ____________________________
Бас бухгалтер ____________________

(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы))_______
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)) _______

      Басшы _____________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы).

      мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш

1. Қондырғы операторының атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына сәйкес келетін қондырғы жататын экономикалық қызмет түрі


4. Парниктік газдар шығарындыларына өтелетін квотаның жалпы көлемі

_________
тонна

4.1. Өтеу үшін сатып алынған квота бірліктері

__________
тонна

4.2. Шығарындыларды ішкі азайту бірліктері

__________
тонна

4.3. Квота бірліктерінің қосымша көлемі

__________
тонна

5. Есептік жыл

20__ жыл

      Басшы _____________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы).

      мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады