"Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына және "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 247-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қарашада № 21604 болып тіркелді. Бұйрық 2021 жылғы 10 шілдеге дейін қолданыста болды. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 10.07.2021 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз)

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығу тегін растайтын құжаттар тізімінде:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыртқы сауда келісімшартының (шарттың), шот-фактураның немесе шот-проформаның немесе тауардың қаржылық және (немесе) сандық параметрлерін көрсететін өзге құжаттың көшірмесі (жүк сол бір жүк жөнелтушіден екінші сол бір жүк алушыға баратын ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/мәмілелерін жүзеге асыру кезінде, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, шот-фактура немесе шот-проформа талап етілмейді).

      Тауарды көрмелерге (жәрмеңкелерге) шығарғанда, сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат рәсімдеу жағдайда, сондай-ақ, егер тауар Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін іске асырылған жағдайда, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген әкелу елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, осы Бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      3. Егер тауар толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған жағдайда, тауардың толығымен Қазақстан Республикасында шығарылғаны туралы растайтын құжаттардың көшiрмесi:

      1) егер өтініш беруші осы тармақтың 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көрсетілген тауарды өндіруші болып табылмаса, онда өтініш берушіге тауарға меншік құқығының өндірушіден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (тауар өндірушіден өтініш берушіге меншік құқығының өтуін растайтын шарт және (немесе) шот-фактура және (немесе) жүкқұжат және (немесе) өзге құжат) ұсынылады;

      2) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, не аумақтық теңізде (Қазақстан Республикасының өзге су қоймасында) немесе түбінде өндірілген пайдалы қазбаларға, минералдық өнімдерге, жер ресурстарына арналған лицензия және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу туралы акті және (немесе) сенімгерлік басқару шарты ұсынылады (көрсетілген құжаттарды жылына 1 рет ұсынады);

      3) өсімдік тектес ауыл шаруашылығы тауарларына, оның ішінде көкөністер мен жемістерге өсімдік тектес ауыл шаруашылығы тауарларына, оның ішінде көкөністер мен жемістерге жүкқұжаттың немесе астық қолхатының көшірмесі немесе астық қолхаты бойынша үзінді немесе тауарға меншік құқығының өтініш берушіге өтуін растайтын өзге де құжат, сондай-ақ өтініш берушіден өнімді жинау орны туралы анықтама ұсынылады;

      4) жабайы өсетін өсімдіктерге және осындай өсімдіктерді және олардың бөліктерін кесу, жинау немесе дайындау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

      5) тірі жануарлардың барлық түрлеріне (ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, хайуанаттар бағы, теңіз, кәсіпшілік мамық, цирктік, зертханалық және басқалар); тірі құстардың барлық түрлері (үй, жабайы, сәндік); тірі аралар, тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары; тірі сәндік жәндіктер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және рептилиялар; тірі балық (оның ішінде сәндік), тірі бақалар, шаяндар, теңіз омыртқасыздары және басқа гидробионттар, ұстау мен өсіруге арналған шарап ұлулары; ұрықтандырылған уылдырық, эмбриондар, зиготалар, жануарлар ұрығы; инкубациялық жұмыртқа; балықтарға арналған тірі азыққа (оның ішінде, гамарус, артемия салина) ауланған жері туралы анықтаманың немесе өндіріс объектісіне (жануарлар мен құстарды өсіру) есептік нөмір беру туралы растаудың немесе экспортқа рұқсаттың немесе ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі ұсынылады;

      6) ауыл шаруашылығы малдарынан алынған бүтіндей, жартылай, төрттен бір бөліктегі, бөліктегі етке, ауыл шаруашылығы құстарының етіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының сойылған субөнімдеріне, қыртыс, қақталмаған және ерітілген майларға өндіріс объектісіне (сою цехына) есептік нөмір берілгені туралы растаудың, тірі жануарлар мен құстарға (союға (союға) ұшыраған ветеринариялық анықтаманың және (немесе) өндіріс объектісіне (жануарлар мен құстарды өсіру) есептік нөмір берілгені туралы растаудың және (немесе) ауыл шаруашылығы малдарынан алынған, экпортқа рұқсаттың (болған жағдайда) және (немесе) ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі ұсынылады;

      7) жас, тоңазытылған, мұздатылған балыққа, теңіз жануарларының, су организмдерінің, оның ішінде ұлулардың, шаян тәрізділердің, басқа да су омыртқасыздарының етіне балық аулаудың шығу тегі туралы анықтаманың немесе экспортқа рұқсаттың немесе ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмелері ұсынылады. Егер Тізбенің осы тармақшасында көрсетілген тауарды аулау/қайта өңдеу жүргізілетін кемені Қазақстан Республикасының резиденті жалға алса (жал ға алса), онда осындай фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

      8) жабайы жануарлар мен құстардан алынған бүтіндей, жартылай, төрттен бір бөліктегі, бөліктегі етке, сондай-ақ жабайы жануарлар мен құстардың сойылған субөнімдеріне, қақталмаған және ерітілген майларға ветеринариялық сертификаттың көшірмесі немесе экспортқа рұқсаттың көшірмесі ұсынылады;

      9) ара балына; тауарлық құс жұмыртқасына; тері және мамық жүнді шикізатқа, эндокринді шикізатқа; ішек шикізатына; тағамдық емес субөнімдерне; өңделмеген мүйіз тұяқты шикізатқа, оның ішінде сүйектерге; шашқа (қыл, жүн, мамық, қауырсын, қыл-қыбыр, түлеген терілер), тері шикізатының шеліне және кесінділеріне, өт, балауыз, ара желімі, мерва, аналық сүт, ара уы, жылан уы, аңшылық олжа, қиға (құстың қиы) ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі немесе экспортқа рұқсаттың көшірмесі ұсынылады;

      10) бұрын пайдалануда болған және Қазақстан Республикасының аумағында жиналған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына лицензияның (рұқсаттың) немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі және түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары пайда болғаны және орны туралы анықтама ұсынылады;

      11) қайта өңдеу жөніндегі өндірістік немесе өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтарға (қайталама шикізатқа), оның ішінде түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына қалдықтарды/сынықтарды есептен шығару (пайда болу) актісінің (анықтамасының) көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды істен шығаруға (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды бөлшектеу және демонтаждау кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі ұсынылады (осы құжаттарды түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын өңдеуге байланысты қызмет түрін жүзеге асырмайтын өтініш беруші ғана береді);

      12) суға су объектілерін пайдаланудың заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе сумен жабдықтау және (немесе) суды тартуға шарттың көшірмесі ұсынылады;

      13) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға өндіруге арналған лицензияның және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және (немесе) сенімгерлік басқару шартының көшірмесі (жылына 1 рет беріледі), технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      14) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға жүкқұжаттың немесе астық қолхатының көшірмелері немесе астық қолхаты бойынша үзінді немесе өтініш берушіге тауарға меншік құқығының өтуін растайтын өзге де құжат, өнімді жинау орны туралы анықтама, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      15) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға осындай өсімдіктерді және олардың бөліктерін кесу, жинау немесе дайындау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      16) осы тармақтың 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға ветеринариялық анықтаманың көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі, тауар өндірушіге өндіріс объектісіне есептік нөмір берілгені туралы растау ұсынылады;

      17) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген шикізаттар мен материалдардан ғана өндірілген тауарларға ветеринариялық анықтаманың немесе аулаудың шығу тегі туралы анықтаманың көшірмелері, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі және өндіріс объектісіне тауарды өндірушіге есептік нөмір беру туралы растау беріледі;

      18) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарынан ғана өндірілген тауарларға қалдықтарды/сынықтарды есептен шығару (пайда болу) актісінің (анықтамасының) көшірмесі және (немесе) негізгі құралдардың істен шығуына (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды бөлшектеу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      19) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарынан басқа қалдықтардан (қайталама шикізаттан) ғана өндірілген тауарларға қалдықтардың пайда болуы туралы анықтаманың көшірмесі және (немесе) негізгі құралдардың істен шығуына (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды бөлшектеу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      20) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға; 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      21) тек қана атмосфералық ауадан өндірілген тауарларға технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      22) электр, жылу және өзге де энергия түрлеріне өтініш берушіге тауарға меншік құқығының ауысқанын растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты алу үшін осы тармақтың 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық сертификатты ұсыну талап етілмейді.";

      мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат алу үшін өтініш беруші қосымша ұсынады:

      1) өтінім берілгенге дейін кемінде 12 (он екі) ай мерзімде тауардың немесе онымен біртекті тауардың өндірісін растайтын "СТ-1" немесе "СТ-KZ" үлгісіндегі тауарлардың шығу тегі туралы кем дегенде 2 (екі) сертификаттың көшірмелерін немесе өндіріс объектісіне есептік нөмір берілгені туралы растау. Бұл ретте, ұсынылған сертификаттардың біреуі өтінім берілгенге дейін 12 (он екі) айдан ерте, ал екіншісі өтініш берілгенге дейін 12 (он екі) айдан кешіктірмей берілуі керек.

      2) есепке алынуы мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін салық берешегінің болмауы туралы мәліметтер.".

      2. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) адвалорлық үлес - пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе жеткізілетін тауардың "франко-зауыт" бағасында тіркелген пайыздық үлеске жететін қосылған құн;

      2) кері экспорт - шетелден әкелінген тауарларды қайта өңдемей елден әкету;

      3) кумулятивтік қағидат - тауардың шығарылған елін айқындау қағидаттарының бірі, оған сәйкес тауардың шығу тегі тауарды 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге немесе 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісім) қатысушы мемлекеттерде дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде түпкілікті тауарды шығарған ел бойынша айқындалады;

      4) өтініш беруші - тауардың шығу тегі туралы сертификат алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға;

      5) сараптама ұйымы - штатында тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторы бар, тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) сериялы өндіріс тауары - шығарылуы ұзақ уақыт бойы жеке топтамалармен қайталанатын тауар;

      7) сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат – "Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат қолдану туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 2 шешімінің талаптарына сәйкес (бұдан әрі – ЕАҮК шешімі) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағына шығарылатын сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде үздіксіз өндіріс процесі аясында Қазақстан Республикасының бір өндірушісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) шығарған тауардың шығу тегін және ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 10 таңбалы коды бар тауардың шығу тегі туралы сертификат;

      8) сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) - сандық белгі немесе топтық сандық белгілер (кодтар) түрінде тауарлық топтарды, позицияларды, қосалқы позицияларды, кіші қосалқы позицияларды қамтитын тауарлар жіктеуіші. Жіктеуіштің кез келген деңгейінде позицияларға берілетін түсініктер, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы түсіндірмесінің негізгі қағидалары сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады;

      9) тауардағы жергілікті қамту үлесі - пайдаланылатын жергілікті материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығынының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;

      10) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері - тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаттарының бірі, оған сәйкес егер тауарды өндіруге екі немесе одан да көп ел қатысса, тауарға тән қасиеттерді беру үшін, тауар соңғы рет елеулі қайта өңдеуге қай жерде ұшыраса, сол елден шығарылды деп саналады;

      11) тауардың шығу тегі туралы сертификат - егер әкетілетін елде сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, тауар шығарылған елді куәландыратын және осы мемлекеттің немесе әкететін мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжат;

      12) тауар шығарылған ел - тауар толық шығарылған немесе жеткілікті дәрежеде өңделген/қайта өңделген ел;

      13) тауар - Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тасымалданатын мүлік, оның ішінде энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдары;

      14) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы аудитор – тауарды шығарған елді, ЕАЭО тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі рұқсаттама талаптарына сәйкес аттестатталған маман;

      15) тауардың бірегей нөмірі - тауардың әр бірлігіне жазылатын және тауардың осы түрі үшін айқындалған қызмет/жарамдылық мерзімі ішінде пайдаланылатын, салалық стандартқа сәйкес құрылымы бар өзгермейтін бұйым нөмірі;

      16) "франко-зауыт" жағдайындағы баға - өңдірілген тауар экспорты кезінде төленген немесе төленуі мүмкін кез келген ішкі салықтарды қоспағанда, "франко-зауыт" жағдайында соңғы қайта өңдеу жүргізілген кәсіпорында өндірушіге төленуге тиіс тауардың бағасы;

      17) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      18) уәкілетті ұйым - тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды және беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      19) уәкілетті тұлға - тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу куәландыру және беру құқығы бөлінген, уәкілетті ұйымның штатындағы тұлға;

      20) сыртқы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші (СЭҚ ӨЖ) - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдерді жіктеу мен кодтау тәртібін белгілейтін өнім жіктеуіші;

      21) экспорт - отандық не бұрын шетелден әкелінген және оларды сыртқы нарықта өткізу үшін қайта өңдеуге ұшыраған тауарларды елден әкету.

      22) қарапайым құрастыру операциялары - өтініш беруші өндірмеген жекелеген тораптар мен бөлшектерден тауарды құрастыру жөніндегі операциялар оның ішінде, орындауы осындай операцияларда орындауға арналған арнайы машықтарды қолдануды талап етпейтін құрастыру, тойтармалау, нығыздау, желімдеу, бекіту бұйымдарымен қосу (бұрандалармен, сомындармен, бұрамашегелермен және метал бұйымдар).";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру шығарылым тіркелген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылатын осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінімнің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген тізбесі бойынша (бұдан әрі – Тізбе) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 тіркелген) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық топтамасының негізінде, тіркелген күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      23. Тауардың шығу тегі туралы сертификат Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттарда көзделген нысандар бойынша беріледі.

      "Түпнұсқа" тауардың шығарылған жері туралы сертификат "Тауардың шығу тегі туралы куәліктерінің нысандарын бекіту туралы") Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша беріледі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген).

      Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат ЕАҮК шешімінің №1 қосымшасында көрсетілген тауарларға қатысты беріледі және ЕАҮК шешімінің №2 қосымшасының талаптарына сәйкес толтырылады.

      24. Тауардың шығу тегі туралы сертификат:

      1) уәкiлеттi ұйымның ақпараттық жүйесi арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiмі;

      2) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, Тізбеге сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелері.

      Уәкілетті ұйымның уәкілетті адамы құжаттарды талдауды және олардағы мәліметтерді тексеруді жүргізеді және тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы немесе тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуден бас тарту туралы қорытындыны еркін түрде жасайды.

      Егер сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат алуға өтінім беру кезінде өтініш берушіде соңғы 2 (екі) жылда сұратылған тауарға қатысты CT-1 немесе CT-KZ нысанның сертификаты болмаған жағдайда, уәкілетті тұлға сериялы өнім шығарылған жерді тексеру үшін мәлімделген тауарлар өндірілген жерге барады.

      25. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат бір жүк жөнелтушіден сол бір жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын тауардың бір мезгілде жөнелтілетін әрбір легіне ресімделеді.

      Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде тасымалданатын сериялық өнімнің шектеусіз санына қолданылады. Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаты берілген өндіруші өнімнің әрбір санына ілесіп алып жүру үшін осы сертификаттың көшірмелерін өзі куәландырады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттармен айқындалады.

      "Түпнұсқа" нысанындағы сертификатты қолданылу мерзімі берілген күннен бастап 12 (он екі) айды құрайды.

      Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі үздіксіз өндіріс процесі қалған жағдайда берілген күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 33-1 және 33-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "33-1. Уәкілетті ұйым ЕАҮК шешімімен белгіленген нысаны бойынша берілген сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттардың тізілімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және оның ресми интернет-ресурсында орналастыруды және күнделікті жаңартуды қамтамасыз етеді.

      33-2. Егер сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттары сақталмайтын тиісті сериялық өнімнің өндірістік процесі өзгерсе, өндіруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті құжаттарды қоса бере отырып осындай өзгерістер мен олардың себептері туралы уәкілетті ұйымға хабарлайды, сондай-ақ өзгертілген өндіріс процесіне сәйкес шығарылған тауар партияларына қатысты сериялық өнімдердің шығу тегі туралы сертификаттың қолданылуына жол бермейді. Уәкілетті тұлға ұсынылған құжаттарға алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде талдау жүргізеді.

      Егер өндіріс процесінің елеулі өзгеруіне байланысты тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері сақталмайтындығы расталса, уәкілетті ұйым сертификаттың қолданылуын өндірістік процестің өзгермейтіндігі қалпына келтірілгенге дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, содан кейін өндірушіге қабылданғана шешім туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды және қабылданған шешім туралы ақпаратты Тізілімге енгізеді.

      Өндіріс процесінің өзгермейтіндігі қалпына келтірілген жағдайда, өндіруші сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатының қолданылу мерзімін қалпына келтіру мақсатында өндіріс процесінің өзгермейтіндігін қалпына келтіруді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті ұйымға хабарлайды. Уәкілетті тұлға ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде талдау жүргізеді.

      Өндірістік процестің қалпына келтірілуі расталған жағдайда, уәкілетті ұйым сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімін қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды, содан кейін шешім қабылданған күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде өндірушіге қабылданған шешім туралы хабарлайды және Тізілімге шешім туралы ақпарат енгізеді.

      ЕАҮК шешімінің 3-қосымшада сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификаттың күшін жою және пайдалануды бақылау тәртібі анықталған.";

      3-қосымша осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 10 шілдеге дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 4 қарашасы
№ 247-НҚ Бұйрықтың
қосымшасы
  Тауардың шығарылған
елінайқындау, тауардың
шығарылуы туралы сертификат
беру жәнеқолданысын жою
жөніндегіқағидаларға
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға арналған өтінім

      ________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Уәкілетті ұйымның басшысы__________________________________

      (Т.А.Ә.) (болған жағдайда))

      20 __ жылғы "__" ___________

      № _____ өтінім

      Тауардың шығу тегі туралы _____________ нысандағы _____________ тіліндегі тауардың шығу тегі туралы сертификатты және мынадай деректемелерді беруді сұраймыз:

      1.Тауарды жөнелтуші, оның мекенжайы, телефоны, факсы ____________

      2*. Тауарды алушы, оның мекенжайы, елі ___________________________

      3*. Тауарды өндіруші, оның мекенжайы, елі (тауардың шығу тегін растайтын

      құжаттардың көшірмелері: № ______ шарт, жүкқұжаттар шот-фактура және т.б.)

      ____________________________________________________

      4*. Сыртқы сауда келісімшарты (шарт), оның күні ____________________

      5*. Инвойс (шот-фактура), №, күні _________________________________

      6. Тауар туралы мәлімет:

Тауардың нақты атауы

Тауарлардың саны *

Өлшем бірлігі *

Масса брутто нетто, кг *

Тауар орнының саны *

Қаптама түрі *

СЭҚ ТН коды

СЭҚ ӨЖ коды









      7*. Жөнелту станциясы (пункті) ___________________________________

      8*. Межелі станция (пункт) _______________________________________

      9*. Көлік түрі мен саны __________________________________________

      10. Экспортқа және/немесе лицензияға рұқсат _______________________

      11*. Мәміленің сипаты: сату, айырбастау, консигнация________________

      12*. Теңгедегі тауарлардың құны __________________________________

      13. Есеп айырысу шоты, банк бөлімшесі, ____________________________

      14. Жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________

      15. Басшының Т.А.Ә. (болған жағдайда), телефоны ___________________

      Осы өтінімде қамтылған мәліметтердің анықтылығы және ұсынылған құжаттарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты боламыз.

      ** Сертификаттың қолдану мерзімі кезеңінде үздіксіз өндіріс процесі өзгермейтіндігін сақтауға міндеттенемін.

      Басшының қолы

      Ескерту:

      * Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат алуға өтініш берген жағдайда толтырылмайды.

      ** Сериялық өнімдердің шығу тегі туралы сертификат алуға өтініш берген жағдайда көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады