Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-182/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қарашада № 21606 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 48-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысаны бекітілсін.

      2. "Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 181 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10866 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 4 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-182/2020 бұйрығына
қосымша
  Нысан

20___ жылғы _________________ жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Аудиттелетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы)

Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу үшін негіз (өтініш және шарт)

Аудиттелетін субъектіні (объектіні) тексеру, арнайы зерттеулер, оның қызметкерлеріне сауалнама жүргізу нәтижелері

Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдардың тізбесі

Аудиттелетін субъектінің (объектінің) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актідлер талаптарына сәкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды

1

2

3

4

5

6













      _______________________________________________________________

      (Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      __________________________________________________________________________

      (Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Жасалған күні 20 ___ жылғы "__" _____

      Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейін оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады