"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 79) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 12 қарашасы № ҚР ДСМ - 189/2020 бұйрығына қосымша |
Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 79) тармақшасына сәйкес әзірленген және клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіруді мониторингтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) клиникалық хаттама - пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және мониронингтеу кезеңдері
3. Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру процесі мен ендіру мониторингісі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) уәкілетті орган практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіруге және ендіруді мониторингтеуге жауапты ұйымды айқындайды (бұдан әрі - Жұмыс органы);
2) практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу бойынша ұлттық және өңірлік үйлестірушілерден топ қалыптастырылады;
3) медициналық ұйымдарда клиникалық хаттамаларды ендіру бойынша жауапты мамандар анықталады;
4) практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу бойынша әдістемелік қолдау жүзеге асырылады;
5) практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамалардың ендіруді үйлестіру жүргізіледі;
6) практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу бойынша талдау және клиникалық хаттамаларды ендіруді және ендіруді мониронингтеуді жетілдіру бойынша қосымшалар ұсынылады;
4. Жұмыс органы мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру бойынша ұлттық және өңірлік үйлестірушілер тобын қалыптастырады және оларды стандарттау мәселелері бойынша оқытуды жүргізеді;
2) клиникалық хаттамаларды ендіру жоспарланған медициналық ұйымдар мен медициналық білім беру ұйымдарын айқындайды;
3) медициналық ұйымдар деңгейінде клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу бойынша ұлттық және өңірлік үйлестірушілерге әдістемелік және ұйымдастырушылық - консультациялық көмек көрсетеді;
4) медициналық ұйымдар мен медициналық білім беру ұйымдары бөлінісінде практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
5) ұлттық үйлестірушілер ұсынған деректер бойынша Қазақстан Республикасының барлық медициналық ұйымдары үшін практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу тиімділігіне жиынтық талдау жүргізеді;
6) уәкілетті органға практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендірудің анықталған кедергілері бойынша ұсыныс береді.
5. Практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу жөніндегі ұлттық үйлестірушілер:
1) медициналық ұйымдар деңгейінде клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу мәселелері бойынша өңірлік үйлестірушілерге әдістемелік және ұйымдастырушылық-консультациялық көмекті;
2) жетекшілік ететін өңірлердің медициналық ұйымдары бойынша практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу тиімділігіне талдау жүргізеді және деректерді Жұмыс органына ұсынады;
3) практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіруде анықталған кедергілер туралы ұсыныстарды Жұмыс органына ұсынуды жүзеге асырады.
6. Практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу жөніндегі өңірлік үйлестірушілер мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өңірде клиникалық хаттамаларды ендіру жоспарланған медициналық ұйымдарды анықтайды;
2) медициналық ұйымдардың басшысымен бірлесіп, клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу үшін жауапты мамандарды анықтайды;
3) медициналық ұйымдардың жауапты мамандарына өңірде клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық консультациялық көмек көрсетеді оның ішінде оларды оқыту;
4) өңірдегі медициналық ұйымдар бойынша практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендіру және ендіруді мониторингтеу тиімділігіне талдау жүргізеді және деректерді жетекшілік ететін Ұлттық үйлестірушіге ұсынады;
5) Ұлттық үйлестірушіге практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды ендірудің анықталған кедергілері туралы ұсыныс береді.
7. Медициналық ұйым және (немесе) медициналық білім беру ұйымы деңгейінде:
1) бас дәрігерлердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарларының, бейінді бөлімшелердің (орталықтың) меңгерушілері, ішкі аудит қызметі өкілдері арасынан клиникалық хаттамаларды ендіру бойынша жауапты маманды анықтау;
2) әрбір клиникалық хаттамаға ендіру бойынша жоспарды әзірлеу;
3) клиникалық хаттамаларды одан әрі ендіру үшін қолданыстағы ресурстарды бағалау;
4) практикалық денсаулық сақтау мамандарын оқыту;
5) клиникалық хаттамаларды ендіру бойынша бар кедергілер туралы деректерді жинау;
6) медициналық ұйымдардың басшыларына медициналық ұйым деңгейінде шешім қабылдау үшін клиникалық хаттамаларды ендіру бойынша кедергілердің болуы туралы ақпарат беру.
8. Өңірде медициналық ұйым деңгейінде клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу тиісті бейіндер бойынша ұлттық және өңірлік үйлестірушілер жүзеге асырады.
9. Клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу процесі екі кезеңде өтеді:
1) клиникалық хаттамаларда белгіленген ұсыныстардың сақталу дәрежесін бағалау;
2) клиникалық хаттамаларды ендіру негізінде медициналық көмек көрсету сапасының өзгеруін анықтау.
10. Клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеуді жүргізу кезінде мыналарды қолдану ұсынылады:
1) клиникалық аудит деректерін;
2) медицина қызметкерлеріне, медициналық ұйымдардың басшыларына сауалнама жүргізу нәтижелері;
3) қолда бар ақпараттық жүйелерден мәліметтер;
4) статистикалық деректер;
5) бағалау парағының деректері.
11. Саулнама жүргізу процедурасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес клиникалық хаттамаларды ендіру мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері мен басшыларына сұрау жүргізу үшін жүргізіледі.
12. Клиникалық хаттаманы қолдану бойынша бағалау парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мониторингке жататын нозологияға сәйкес нақты клиникалық хаттама бойынша әрбір медициналық көмек көрсету жағдайына толтырылады.
13. Бағалау парағы негізінде осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарда клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу нәтижелері туралы есеп қалыптастырылады.
14. Клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу нәтижелері туралы ақпарат, оның ішінде клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар Жұмыс органына тоқсан сайын ұсынылады.
Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесіне 1-қосымша |
Клиникалық хаттамаларды ендіру мәселелері бойынша медицина персоналдарын сұрауға арналған сауалнама
Клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу мақсатында сізден қажетті жауапты белгілей немесе талап етілетін қосымша ақпаратты қосу арқылы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз.
1. Өзіңіздің:
1) жұмыс орныңызды_________________________________________
2) лауазымыңызды___________________________________________
көрсетіңіз2. Сіз дәлелді медицинаның қағидаттарына негізделген, КХ-ны ендіруді және мониторингтеу қажеттілігін қалай бағалайсыз (бағалау деңгейін көрсетіңіз)?
1) жоғары | ||
2) орташа | ||
3) төмен |
3. Сіздің практикаңызды КХ күнделікті қолдану қолжетімді ме:?
1) иә | ||
2) жоқ |
4. Егер иә болса, қандай нысанда?
1) қағаз жеткізгіштер | ||
2) электрондық нұсқа |
5. КХ форматы қолдануға ыңғайлы ма?
1) иә | ||
2) жоқ |
6. Егер жоқ болса, неге? _______________________________
7. Сіз ұйымыңызда клиникалық практикада КХ қолдану қағидаттарын оқыту
мақсатында персоналдар үшін семинарлар, тренингтер өткізілді ме?
1) иә | ||
2) жоқ |
8. Сіз әрдайым КХ сәйкес емдеу-диагностикалық қызметтердің толық көлемін орындай
аласыз ба?
1) иә | ||
2) жоқ |
9. Егер жоқ болса, неге?
1) қажетті жабдықтың болмауы(стационарда / емханада) | ||
2) бөлімшеде / емханадақажетті дәрілік заттардың болмауы | ||
3) жеке ерекшеліктердің болуыаурудың ағымы (дәрі-дәрмектерге(төзбеушілік), қосалқы ауру) | ||
4) дәрілік препараттардың мөлшерлемесі мен жиілігіқажеттілікке сәйкес келмейді | ||
5) емдеу мерзімдері шындыққа сәйкес келмейді |
10. Сіздің ойыңызша, КХ сізге клиникалық шешім қабылдауға көмектесе ме?
1) иә | ||
2) жоқ |
11. Сіз КХ қандай нысанда болғанын қалайсыз?
1) анықтама-кітап | ||
2) электрондық формат | ||
3) Интернетте |
12. КХ-ны әзірлеуге қатысқыңыз келе ме?
1) иә | ||
2) жоқ |
Клиникалық хаттамаларды ендіру бойынша медициналық ұйымдардың басшыларын сұрауға арналған сауалнама
Клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу мақсатында сізден қажетті жауапты белгілей немесе талап етілетін қосымша ақпаратты қосу арқылы сауалнаманың сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз.
1. Өзіңіздің:
1) жұмыс орныңызды_________________________________________
2) лауазымыңызды___________________________________________
көрсетіңіз2. Сіздің ойыңызша, КХ Сіздің ұйымыңызда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін қажет пе?
1) иә | ||
2) жоқ |
3. Сіздің медициналық ұйымыңызда КХ бар ма?
1) иә | ||
2) жоқ |
4. Сіздің ұйымдағы әрбір дәрігерге КХ қол жетімді ме?
1) иә | ||
2) жоқ |
5. Сіздің ұйымыңызда КХ қай түрі кең таралған?
1) қағаз жеткізгіштер | ||
2) электрондық нұсқа |
6. Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының жергілікті өзін-өзі басқару органдары сіздің өңіріңізде клиникалық тәжірибеде КХ қолдану қағидаттарын үйретуге арналған семинарлар, тренингтер өткізді ме?
1) иә | ||
2) жоқ |
7. Сіз өзіңіздің персоналыңызға клиникалық практикада КХ қолдану қағидаттарына оқыту өткіздіңіз бе?
1) иә | ||
2) жоқ |
8. Сізге осы оқыту бойынша көмек қажет пе?
1) иә | ||
2) жоқ |
9. Егер иә болса, онда қандай нысанда?
1) оқыту семинарлары түрінде | ||
2) типтік оқу бағдарламалары түрінде(дипломнан кейінгі оқыту үшін) | ||
4)) қашықтықтан оқыту түрінде |
10. Күнделікті дәрігерлік конференцияларда КХ ендіру және қолдану мәселелері талқыланады ма?
1) иә | ||
2) жоқ |
11. Сіздің ұйымыңызда КХ-ны ендіруге және мониторингтеуге жауапты адам бар ма?
1) иә | ||
2) жоқ |
12. Медициналық персонал мен әкімшілік арасында КХ қолдануды бағалау шеңберінде кері байланыс процедурасы жасалды ма?
1) иә | ||
2) жоқ |
13. Егер иә болса, қайсысымен?
_______________________________________________________________________
14. КХ-ны ендіру кезінде сізде қиындықтар болды ма?
1) иә | ||
2) жоқ |
15. Егер иә болса, қайсысымен?
_______________________________________________________________________
16. Сіздің ұйымның ресурстық қамтамасыз етуі КХ талап етілетін көлемге толығымен сәйкес келе ме?
1) иә | ||
2) жоқ |
17. Егер жоқ болса, себебін көрсетіңіз:
1) КХ медициналық ұйымды жарақтандыру нормативтерінесәйкес келмеуі | ||
2) медициналық ұйымда қажетті дәрілік препараттың болмауы | ||
3) медициналық ұйымда қажетті жабдықтардың болмауы | ||
4) емдеу сызбасына қымбат тұратын дәрі-дәрмектер енгізілген | ||
5) КХ-ға енгізілген дәрілік заттардыңсәйкес келмеуі | ||
6) қажетті жұмысшылардың немесе штат бірліктерінің болмауы | ||
7) басқа ____________________________________________________________ |
18. КХ-ны тиімді жүзеге асыру үшін қандай қосымша іс-шаралар мен ақпараттық материалдарды қолданасыз?
1) медициналық қызметкерлері үшін көрнекі құралдар түрінде КХ-ға сәйкес емдеу сызбаларын орналастыру | ||
2) КХ-ға сәйкес диагностиканың тиімділігі туралы пациенттерді ақпараттандыружәне емдеу, (стендтер, буклеттер) | ||
3) басқа _______________________________________________________________ |
19. Медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізу қағидалары мен тәртібімен келісесіз бе?
1) иә | ||
2) жоқ |
20. Егер жоқ болса, неге?
_______________________________________________________________________
21. KХ қаражатты ұтымды пайдалануға үлес қосады деп ойлайсыз ба?
1) иә | ||
2) жоқ |
Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесіне 2-қосымша |
Клиникалық хаттаманы қолдану бойынша бағалау парағы
МҰ_____________________________________________________________________
(атауы)
Қортынды клиникалық диагноз ____________________________________________
Қосалқы диагнозы _______________________________________________________
№ | Бағалау индикаторлары | Тиісінше | Тиісінше емес | Жартылай тиісті |
11. | Емдеу жүргізілді | |||
22. | Клинкалық хатамадан ауытқу | |||
21.2 | негізделген | |||
22.2 | негізсіз | |||
33. | Пациенттерді жүргізу КХ-дан басқа аурухана ішілік стандарттарға сәйкес жүргізілуді | |||
33.1 | Басқа диагностикалық және емдеу тактикасын қолдану (халықаралық клиникалық нұсқаулар) | |||
33.2 | Басқа да себептер (көрсету) |
Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру және ендіру тиімділігін бағалау әдістемесіне 3-қосымша |
Клиникалық хаттаманы ендіру туралы есеп
МҰ атауы
_________________________________________________________________________
_____________________________________________
Есепті кезең ____________________________________________
(ай, жыл)
Барлық емделіп шыққан науқастар
_____________________________________
Хаттама коды | Алдыңғы есепті кезең үшін осы нозологиямен емделіп шыққан науқастардың саны | Оның ішінде КХ-ға сәйкес | Ауытқулармен | Ауытқу себептері | Оның ішінде негізделген ауытқулар саны |