"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 231-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 670 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5872 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің №1 жинағында 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 13 қарашасы № ҚР ДСМ-191/2020 бұйрығымен бекітілген |
Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі
Код | Қазақ тіліндегі атауы | Ағылшын тіліндегі атауы |
Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар | ||
Е121 | Цитрус Қызыл 2 | Citrus Red 2 |
Е123 | Амарант | Amaranth |
Е154 | Қоңыр FK | Brown FK |
Балаларға арналған дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар | ||
Е102 | Тартразин | Tartrazine |
Е104 | Сары хинолин | Quinoline Yellow |
Е107 | Сары 2 G | Yellow 2 G |
Е110 | Сары "Күннің батуы" FCF, қызғылт сары S | Sunset Yellow FCF, Orange Yellow S |
Е120 | Кошениль, Кармин қышқылы, Карминдер | Cochineal, Carminic acid, Carmines |
Е122 | Азорубин, Кармоизин | Azorubine, Carmoisine |
Е127 | Эритрозин | Erythrosine |
Е128 | Қызыл 2G | Red 2G |
Е131 | Көк патенттелген V | Patent Blue V |
Е132 | Индиготин, Индигокармин | Indigotine, Indigo Carmine |
Е133 | Көк жылтыр FCF | Brilliant Blue FCF |
Е155 | Қоңыр НТ | Brown HT |
Е162 | Қызылшадай қызыл, Бетанин | Beetroot Red, Betanin |
р/с № | Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған қосалқы заттар | |
1 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына енгізілмеген | |
2 | Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған фармакопеяларға енгізілмеген | |
3 | Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарды өндіруге және дайындауға арналған қосалқы заттар жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне енгізілмеген |