Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қарашадағы N 670 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5872 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-191/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-191/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтиқалық бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Б. Садықов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 9 қарашадағы
N 670 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесі

Коды

Орыс тіліндегі атауы

Ағылшын тіліндегі атауы

дәрілік заттардың ішінде қолдануға тыйым салынған бояғыштар

Е121

2 Цитрусты қызыл

Citrus Red 2

Е123

Амарант

Amaranth

Е154

FК коңыр

Brown FK

балаларға арналған дәрілік заттардың ішінде қолдануға тыйым салынған бояғыштар

Е102

Тартразин

Tartrazine

Е104

Хинолинді сары

Quinoline Yellow

Е107

2 G сары

Yellow 2 G

Е110

FCF "Күннің батысы" сары,

S қызғылт-сары

Sunset Yellow FCF,

Orange Yellow S

Е120

Кошениль,

Кармин қышқылы,

карминдер

Cochineal,

Carminic acid,

Carmines

Е122

Азорубин,

Кармоизин

Azorubine,

Carmoisine

Е127

Эритрозин

Erythrosine

Е128

2G қызыл

Red 2G

Е131

V патенттелген көк

Patent Blue V

Е132

Индиготин,

Индигокармин

Indigotine,

Indigo Carmine

Е133

FCF жылтыраған көк

Brilliant Blue FCF

Е155

НТ қоңыр

Brown HT

Е162

Қызылша түстес қызыл,

Бетанин

Beetroot Red,

Betanin

дәрілік заттардың ішінде қолдануға тыйым салынған қосалқы заттар

1

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына енгізілмегендер

2

Қазақстан Республикасында қолданылады деп танылған, фармакопеяға енгізілмегендер

3

фармацевтика өндірісіне және дәрілік заттарды дайындауға арналған қосалқы заттардың нормативтік құжаттарына енгізілмегендер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады