"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 17 қарашадағы № 76/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 қарашада № 21651 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 9887 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру";

      "3-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, суретке түсіру, заттарына тексеру жүргізу, сондай-ақ сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттар мен тамақ өнімдерін алу";

      "4-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету";

      "5-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ бірінші қажеттілік заттарын және басқа да өнеркәсіп тауарларын алуы";

      "6-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелерді, сәлем-сауқаттарды қабылдау және беру";

      "7-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын алуы және жіберуі";

      "8-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын жолдауы";

      "9-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың діни салттарды жүзеге асыруы";

      "10-тарау. Айыпталушыларды еңбекке тарту";

      "11-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың неке-отбасылық (жұбайлық-отбасылық) қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы";

      "12-тарау. Күдіктілердің және айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу";

      "13-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету";

      "14-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың күнделікті серуендеуі";

      "15-тарау. Күдіктілердін, айыпталушылар мен сотталушылардың қорғаушыларымен, туыстарымен және басқа да адамдармен кездесулерін өткізу";

      124 және 125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Күдіктіге, айыпталушыға және сотталушыға жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесу қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе орган осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа адамдармен кездесуге рұқсат негізінде береді. Рұқсат бір ғана кездесуге жарамды.

      Кездесуге берілген жазбаша рұқсатта оның кімге және қандай адамдармен кездесуге рұқсат етілетіні көрсетіледі. Күдіктімен, айыпталушымен және сотталушымен кездесуге бір уақытта екіден артық емес ересек адамдар жіберіледі.

      125. Қылмыстық процесті жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты, сондай-ақ жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары негізінде тергеу изоляторының бастығы немесе оның орынбасары кездесуге рұқсат беру туралы жазбаша нұқсау беріп, жалпы кезектілікті ескерумен оның ұзақтығын, алайда ол үш сағаттан аспайтын уақытты белгілейді, содан кейін кезекші оны өткізуге нұсқау береді.";

      127, 128 және 129 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа да адамдармен кездесуі тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерінің бақылауымен сол мақсатқа арнайы жабдықталған орын-жайларда белгілі бір заттарды беруге жол бермейтін, алайда сөйлесуге және көзбе көз қарым-қатынас жасауға кедергі келтірмейтін ажырату қалқалары арқылы жүргізіледі.

      Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталушылардың кездесуге келген адамдармен сөйлесулері тікелей немесе сөйлесу құрылғылары арқылы тергеу изоляторы әкімшілігі қызметкерлерінің тыңдауы мүмкіндігімен жүзеге асырылады.

      128. Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғаушымен кездесуі жұмыс уақытында, бөлек, бөлу қалқаларынсыз және олардың саны мен ұзақтығына шектеусіз жүргізіледі.

      129. Күдіктімен, айыпталушымен және сотталушымен қорғаушының кездесуіне жеке тұлғасын куәландыратын құжаты, адвокатураға қатыстылығын растайтын құжаты, оның сол іске қатысатынын растайтын, қылмыстық процесті жүргізуші адам немесе орган берген құжаты және ордерінің екінші данасы болған жағдайда рұқсат беріледі.";

      130-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ақшаны, бағалы заттарды, белгілі бір құралдарды, заттарды, тамақ өнімдерін күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға рұқсатсыз беру не болмаса одан алу әрекеттері.";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Күдіктілермен, айыпталушылармен және сотталушылармен қысқа мерзімге кездесулерді тоқтатқан жағдайда (карантинге, ерекше жағдайлар режимін енгізуге байланысты және басқа да себептермен) тергеу изоляторының бастығы бұл жөнінде күзетте ұстау орындарында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сот және тергеу органдарына хабарлайды, қабылдау бөлімінде келушілер үшін хабарландыру іледі.";

      16, 17, 18, 19, 20 және 21-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Күдіктілердің және айыпталушылардың тергеу іс-қимылдары мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету";

      "17-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану";

      "18-тарау. Тергеу изоляторы бастығының және уәкілетті адамдардың күдіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы";

      "19-тарау. Тергеу изоляторларында қайтыс болған күдіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру";

      "20-тарау. Күдіктілерді және айыпталушыларды күзеттен босату";

      "21-тарау. Тергеу изоляторларында күдіктілер мен айыпталушылардың жүріп-тұруы";

      11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу изоляторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты С. С. Әбішке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 17 қарашасы
№ 76/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының тергеу
изоляторларындағы адамдарды
күзету мен қадағалауды жүзеге
асыру қағидаларына
11-қосымша
  нысан
  Тергеу изоляторының бастығы
____________________________
____________________________
атағы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Жұбайымен (күйеуімен), жақын туыстарымен және басқа адамдармен кездесуге РҰҚСАТ

      Азамат(ша) ____________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _______________________________________________________________________

      (қылмыстық процесті жүргізуші органның атауы)

      өндірісіндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің______________

      бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін

      тартылған_______________________________________________________________,

      күзетте ұсталушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      "___" ______ ____ жылы туылған, кездесуге рұқсат берілгенін хабарлаймыз.

      ________________________________________________________________________

      қылмыстық процесті жүргізуші адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

      Қолы _________________

      "__" _________________

      "КЕЛІСЕМІН" _______________________________

      қылмыстық процесті жүргізуші адамның

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Қолы _________________

      "__" _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады