8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш берген кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін орындайтын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) акцияларды иелену талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат.
Қаржы ұйымының акцияларын сыйлық түрінде алынған мүлік есебінен атып алу кезінде, көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушының көрсетілген мүлкіндегі шығу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғасының құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірлемелерін ұсынады;
4) Қағидалардың 28-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарының электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушы қаржылық жай-күйін талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттармен қоса, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің кірісі және мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы ақпараттың электрондық көшірмелері;
6) білімі, еңбек қызметі, іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтердің (қысқаша деректердің), сондай-ақ заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректердің электрондық көшірмелері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті - жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі;
7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - көрсетілетін қызметті алушысы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент қаржы ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растамасының электрондық көшірмесі, не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың қажет етілмейтіндігі туралы өтініші;
8) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) қаржы ұйымының акцияларын иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының тиісті органы шешімінің электрондық көшірмесі (шешім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда).
Егер көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 61-4 және 61-11-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуші банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы болып табылса, көрсетілетін қызметті алушы басқару органының банктің акцияларын иелену туралы шешімінің электрондық көшірмесі ұсынылады;
3) заңды тұлға акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шартқа сәйкес немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі (тізім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
6) банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған электрондық көшірмесі қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олар қосымша ұсынады;
7) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептіліктің, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсан үшін қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесі. Жылдық қаржылық есептілік осы есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) тармақшаларында және екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтер мен құжаттар;
3) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң)
26-бабының 1-тармағында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі - № 385 қаулы) белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған көрсетілетін қызметті алушының (не банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленген жағдайда оның бас ұйымы) кредиттік рейтингі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасы бейрезиденті-заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Көрсетілетін қызметті алушы - бейрезидент қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иеленуге ниет білдіретін Қазақстан Республикасы бейрезиденті-қаржы ұйымының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
2) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы өтініші.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) қаржы ұйымдарын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы олардың ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болуға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін ескерумен жасалған, Қағидалардың 28-тармағында көзделген ақпарат қамтылған қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында және осы тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында, осы тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар қаржы ұйымының дауыс беретін 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар немесе қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе қаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезиденті- заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның (не банкің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленген жағдайда оның бас ұйымының) кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымының бірнеше қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бір мезгілде алу үшін өтініш білдірген кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша талаптар:
1) оған қойылатын талаптар Қағидалардың 29-тармағында белгіленген құжаттар мен мәліметтерге қосымша түрінде таяудағы 5 (бес) жылға арналған бизнес-жоспарды келесі көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
орналастырылған (артықшылық берілген және қаржы ұйымы сатып алған) акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан да көп пайызын құрайтын иелену үлесімен қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар;
банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін заңды тұлғалар;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала жазбаша келісімін алмай қаржы ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, сыйлыққа тарту шарты немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде Банктер туралы заңның 17-1-бабы 16-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 14-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 14-тармағында белгіленген талаптарға сай тиісті мәртебені иеленуі туралы олар өтініш берген кезде қосымша мыналар ұсынылады:
қаржы ұйымының акцияларын сыйға тарту және қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
сыйға тарту шартының немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып бағалаушы айқындаған сенімгерлік басқару шартының мәні болып табылатын акциялар құны туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
|
9.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға не көрсетілетін қызметті алушы- заңды тұлғаның басшы қызметкері:
бұдан бұрын, көрсетілетін қызметті беруші қаржы банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады. Бұл талап көрсетілген банктердің акцияларын Банктер туралы заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының 50 (елу) және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішінде қолданылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл бойы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам да көрсетілетін қызметті алушының (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);
бұдан бұрын, қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғаның - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлға, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады;
2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мына талаптардың бірінің болуы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыздығының белгісі болып табылады:
көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін 2 (екі) жылдан аз уақыт бұрын құрылған;
көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері акцияларға орналастырылған активтер сомасын және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін шегергенде оның активтерінен және банктің иеленуге болжанатын акцияларынан асып кетеді;
аяқталған әрбір 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зиян;
көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің мөлшері қаржы ұйымының қаржылық ахуалы үшін айтарлықтай тәуекел тудырады;
көрсетілетін қызметті алушының банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
көрсетілетін қызметті алушының мүлкінің құны (көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін шегергенде) банктің акцияларын иелену үшін жеткіліксіз болса;
көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыз екендігін және (немесе) қаржы ұйымына және (немесе) оның депозиторларына шығын келтіруі мүмкін екендігін білдіретін өзге негіздер;
3) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
4) қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын жағдайлар;
5) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қаржы ұйымының ірі қатысушыларына, банк немесе сақтандыру холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
6) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжаса;
7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті -қаржы ұйымы көрсетілетін қызметті алушыда сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушыда-Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада (не банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алған жағдайда оның бас ұйымында) көрсетілген рейтингтің болуы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төмен рейтингі бар қаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуді немесе қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғасы үшін талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингінің болмауы;
9) қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіз болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы.
Осы тармақтың мақсаты үшін мінсіз іскерлік беделінің болмауы Банктер туралы заңның 20-бабының 7-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 34-бабының 7-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының 6-тармағында айқындалған өлшемшарттар болып табылады;
11) көрсетілетін қызметті алушы бұрын көрсетілетін қызметті беруші банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
12) көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға (инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайларын қоспағанда) сәйкес келмеуі;
13) Қазақстан Республикасының бейрезиденттірі –қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар - заңды тұлғалар, банк және сақтандыру холдингтері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы (инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайларын қоспағанда);
14) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
15) Қазақстан Республикасының бейрезидентірі - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
16) банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады;
17) инвестициялық портфельді басқарушының немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленген, ұсынылған құжаттардың Стандарттың 8-тармағында және Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
18) ұсынылған құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерді жоймауы;
19) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайында Стандарттың 8 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау.
Банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер;
2) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар.
|