Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 839 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 21743 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.К. Баймұқашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 8 желтоқсаны
№ 839 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1) және 2) тармақшасына сәйкес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтық тұрғындарды тарту жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына байланысты туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне негізделеді және "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңымен (бұдан әрі - Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негіз болатын жағдайлар мыналар:

      1) азаматтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуға ниетінің жоқтығы туралы өтініші;

      2) қылмыстық жауапқа тартылуы;

      3) бірнеше рет (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуі;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы (психикасының, мінез-құлқының ауытқуы (ауру), оның ішінде психикалық белсенді заттарды тұтынуға, "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жіберу қолданылмайтын алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастардың медициналық қарсы айғақтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін өзге де ауруға байланысты, не қайтыс болуы).";

      2. "Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9695 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 144 (2712) "Юридическая газетінде" жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларда:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдар үшін профилактикалық бақылауды тоқтату үшін негіздер:

      1) профилактикалық есепте болу мерзімінің өтуі;

      2) психикалық, мінез-құлық ауытқулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберу;

      3) қылмыстық жазаға сотталу;

      4) адамның кәмелеттік жасқа толуы;

      5) есепте тұратын адамның өлімі;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа мән-жайлардың туындауы болып табылады.".

      3. "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Учаскелік инспектор профилактикалық есепке қояды және дербес және (немесе) ІІО бөліністерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, оған қатысты:

      1) әкімшілік қадағалау белгіленген;

      2) бас бостандығынан айыру орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған;

      3) ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы шешім қабылданған немесе қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі немесе одан көп рет сотталған ("Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу аясына шартты түрде жататын);

      4) оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген;

      5) қорғау нұсқамасы шығарылған;

      6) соттың қылмыстық жаза тағайындап және жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқасына байланысты жазаны өтеуден босата отырып, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы айыптау үкімі шығарылған;

      7) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған сотталғандарды ауыр науқасына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы сот шешімі қабылданған адамға профилактикалық бақылау мен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асырады.

      Профилактикалық есепке қою кезінде көрсетілген адамдар санаты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1), 2), 3), 6), 7)-тармақтарда көрсетілген санаттағы адамдар бойынша криминалдық полиция бөліністеріне хабарлай отырып, профилактикалық есепте тұрған адамдар есепке алу журналына тіркеледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады