"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 220-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. "Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерін тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18529 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
"____"________________2020 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-263/2020 Бұйрыққа қосымша |
Медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 220-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдары орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен және (немесе) білім беру, ғылыми, клиникалық қызмет саласындағы медициналық ұйымдармен шарт жасасады.
3. Медициналық білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік - шарт негізінде білім беру, ғылым және клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдар (бұдан әрі-әріптес ұйымдар) арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастық нысаны.
4. Стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыттары:
1) денсаулық сақтау кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша әріптес ұйымдардың қызметін жетілдіру;
2) әріптес ұйымдардың ғылыми әлеуетін дамыту;
3) медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша әріптес ұйымдардың қызметін жетілдіру болып табылады.
2 тарау. Стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру тәртібі
5. Стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру тәртібі: әлеуетті әріптестерді іріктеуді, келісімшарт жасасуды, жұмыс тобын құруды және стратегиялық әріптестік индикаторларын айқындауды, стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруды, есептерді дайындау мен ұсынуды қамтиды.
6. Әлеуетті стратегиялық әріптестерді іріктеу мынандай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) университеттердің және (немесе) ғылыми ұйымдардың танылған халықаралық рейтингтеріне кіру;
2) әріптес ұйымдардың медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру салаларындағы жетістіктерінің болуы;
3) серіктестің алдына қойылған міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналдың болуы.
7. Әріптес ұйымдар ынтымақтастық туралы шарт жасасады, онда ынтымақтастықтың нысандары мен басым бағыттары көрсетіледі.
8. Ғылыми ұйымның не Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам жауапты адамды тағайындайды және стратегиялық әріптестікті іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады.
9. Стратегиялық әріптестік индикаторларын нәтижелілік көрсеткіштері ретінде айқындауды әріптес ұйымдар ынтымақтастықтың таңдап алынған басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырады.
10. Медициналық кадрлар мен ғылыми қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі іс-шараларды, стратегиялық әріптестікті іске асыру жөніндегі қажетті құжаттарды жинау мен ресімдеуді бақылауды қоса алғанда, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жоспарлау және іске асыру.
11. Есептерді дайындау және ұсыну есепті кезеңдегі стратегиялық әріптестіктің мәліметтерін қорыту және нәтижелерін талдау және оларды медициналық білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға уақтылы ұсыну арқылы жүзеге асырылады.