Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18529 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-263/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-263/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресустарына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-35 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту тәртібін айқындайды.

      2. Медициналық білім беу және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік – шарт негізінде білім берудің, ғылым мен клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдар (бұдан әрі – серіктес ұйымдар) арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастық нысаны.

      3. Стратегиялық әріктестіктің негізгі бағыттары:

      1) серіктес ұйымдардың институционалдық және қаржылық тұрақтылығын арттыру;

      2) серіктес ұйымдардың денсаулық сақтау кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қызметін жетілдіру;

      3) серіктес ұйымдардың ғылыми әлеуетін дамыту;

      4) серіктес ұйымдардың медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметін жетілдіру.

2-тарау. Стратегиялық әріптестерді тарту тәртібі

      4. Серіктес ұйымдарды тарту тәртібі:

      1) Мынадай өлшемшарттар:

      университеттердің және (немесе) ғылыми ұйымдардың танылған халықаралық рейтингтеріне кіру;

      медициналық және фармацевтикалық ғылым және медициналық және фармацевтикалық білім беру салаларындағы жұмыс тәжірибесінің болуы;

      әріптестің алдына қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті мамандардың болуы бойынша әлеуетті әріптестерді таңдауды;

      2) серіктес ұйымдар арасында келісімшарт жасасуды қамтиды.

      5. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым мен білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам жауапты адам тағайындалады және стратегиялық әріптестікті іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады.

      6. Серіктес-ұйымдар:

      1) медициналық кадрлар мен ғылыми қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі іс-шараларды, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жоспарлауды және іске асыруды;

      2) шетелдік серіктестермен бірлескен бағдарламаларды іске асыру туралы келісімдердің мәтіндерін дайындау, келісу және ұсыныстар енгізуді;

      3) жасалған келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді;

      4) стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру бойынша қажетті құжаттардың жиналуын және рәсімделуін бақылауды;

      5) есептік кезеңдегі стратегиялық әріптестік бойынша жалпыланған мәліметтерді дайындауды, талдау және оларды медициналық білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады