Ведомстволық бағыныстағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 01-6.4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті - Елбасының Кеңсесі бастығының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 01-6.21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 21833 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысымен бекітілген Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ведомстволық бағыныстағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 01-6.4 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 16 қаңтарда № 19887 тіркелген, 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген 2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Құжаттамалық, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті –
Елбасы Кеңсесінің Басшысы
М. Қасымбеков

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      ______________________

  Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті –
Елбасы Кеңсесі Басшысының
2020 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 01-6.21 бұйрығына
Қосымша
  "Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті –
Елбасы Кеңсесі Басшысының
2020 жылғы 13 қаңтардағы
№ 01-6.4 бұйрығына
2-қосымша

Ведомстволық бағыныстағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесін автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Функционалдық мақсаты Автокөлік құралдарының заттай нормалары
Жеңіл автомобиль Жүк автомобилі және/немесе жолаушылар автобусы, микроавтобус

1

2

3

 
Жедел*

1

1

 
Қызметтік**

2


      Ескертпе:


- бір автокөліктің бір айдағы жүру лимиті 2100 км;

- бір автокөліктің бір айдағы жүру лимиті 2000 км."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады