"Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 668 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 21889 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияларда жазылсын:

      "15. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда апатқа, аварияға және оқиғаға әкеп соқпаған, тізбесі теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалған жол жүрісі қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары оқыс оқиғаларға жатады:

      1) поезды бос емес жолға қабылдау келе жатқан поезд бағдаршамның рұқсат беру кірме (бағыттық) сигналында немесе шақыру белгісінде өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе поезд машинисі басқа поезд немесе жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған бағыт кезінде станцияға жүріп өтуге рұқсат алған жағдай;

      2) поезды бос емес аралыққа (блок-учаскеге) жөнелту бағдаршамның ашық шығу сигналы немесе шақыру сигналы кезінде немесе машинистке аралыққа орналасуға берілген рұқсат бойынша және ол қажетті жағдайларда поездың жүруі туралы қосымша нұсқау немесе сигнал алғаннан кейін алда тұрған аралыққа (блок-учаске), онда басқа поездың (кез келген бағыттағы) немесе жылжымалы құрамның тұрғанына қарамастан, поездың жөнелтілуі (немесе тоқтамай өтуі) және осы жолдың шығу сигналынан (сигнал болмағанда - шектік бағанадан) локомотивтің бір бөлігімен болса да өтіп кету жағдайы;

      3) поезды дайындалмаған бағыт бойынша қабылдау (жөнелту) дұрыс дайындалмаған немесе дайын емес, соның ішінде жылжымалы құрам тұрмаған жолға әкелетін бағытқа бағдаршамның тыйым салатын кірме (шығу) сигналы кезінде келе жатқан (жөнелтілетін) поезд бағдаршамның ашық кірме (шығу) сигналынан өтіп кеткен (немесе локомотивтің бір бөлігі) немесе станцияға (станциядан) жүруге машинист рұқсат алған, сондай-ақ электр тартұышы бар поезға электрлендірілмеген жолға немесе токтың басқа түрімен электрлендірілген жолға немесе түйіспе сымында кернеуі алынған жолға қабылдау бағыты әзірленген жағдай;

      4) бағдаршамның тыйым салу сигналынан немесе шектік бағанадан рұқсатсыз өту;

      5) арнайы жылжымалы құрам және/немесе жылжымалы құрама асты немесе алды маневрлік бағыттамаға немесе поезға кіретін бағыттаманы ауыстыру немесе жылжымалы өзекшесі үшкірін ауыстыру;

      6) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа поезды қабылдау-жөнелту бағытына, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;

      7) жылжымалы құрам осінің, доңғалақ осі мойнағының, доңғалақ жұбының сынуы;

      8) жылжымалы құрам арбашасының бүйір жағының немесе рессоры үстіндегі арқалығының сынуы (жарылу);

      9) жылжымалы құрам арқалығының сынуы (жарылу);

      10) техникалық ақауларға байланысты, жолда жолаушылар поездарынан вагонның ағытылуы (жолаушылар поездарын құрастыру станцияларынан басқа, барлық станцияларда есепке алынады);

      11) поезды жабылған шеткі крандармен жөнелту;

      12) станцияларда бағдаршам белгісінің тыйым салу көрсеткішінде жылжымалы құрамның жүріп өтуіне әкеп соқтырған бағдаршамның рұқсат сигналының тыйым салу сигналына ауысуы - станцияда белгі беру құрылғыларының, рельстік тізбегінің ақаулығынан, электр энергиясының ажыратылуынан немесе персоналдың қатесінен бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінің тыйым салу көрсеткішіне ауысып, жылжымалы құрамның тыйым салу сигналынан өтіп кетуіне әкеп соқтырған жағдай (сыртқы электрмен жабдықтау бойынша құрылғыларды ажырату жағдайларында оның жүруімен тыйым салу сигналын қоспағанда);

      13) нәтижесінде ауыстыру талап етілген, аралықта, станцияда немесе кірме жолдарда локомотивтің ақауы (локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерінен, сондай-ақ негізгі немесе айналымды локомотив депосы бар пункттерден басқа, барлық станцияларда есепке алынады;

      14) жолда келе жатқанда жүктің құлауы - жүктің немесе оның бөлігінің теміржолға түсу жағдайы, сондай-ақ жүктің жылжымалы құрамға жүкті тиеудің белгіленген өлшемдерінен шығуын туғызған жүк бекітпесінің ығысуы, бұрылуы, бұзылуы және басқа да ақаулар;

      15) аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргізу орындарының сигналдық белгілермен қоршалмауы;

      16) мыналар:

      бағдаршамда тыйым салу орнына жалған рұқсат беру көрсеткіші пайда болғанда;

      автоматты локомотив сигнализациясы аралықта сигнализация және байланыс дербес құралы ретінде қолданғанда, локомотив бағдаршамында тыйым салу орнына жалған рұқсат беру көрсеткіші пайда болғанда;

      17) поездағы жылжымалы құрамның автотіркегіштерінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының өздігінен ағытылуы;

      18) поездағы жылжымалы құрам автотіркегішінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының үзілуі;

      19) жылжымалы құрам бөліктерінің теміржолға құлауы немесе сүйреуі;

      20) аралықта немесе станцияларда жүк тиеудің техникалық шарттарының бұзылуынан және/немесе қауіпті жүктің төгілуі себебінен вагонның поездан ағытылуы (коммерциялық бақылау пункты бар станциядан басқа, барлық станциялар есепке алынады);

      21) нәтижесінде поездардың аралықта немесе станцияда кідіруіне жол берілген, жолдың, жылжымалы құрамның, сигнал берудің, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс, түйіспелі желі, электрмен жабдықтау құрылғыларының және басқа да техникалық құралдардың ақаулығы;

      22) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша адамды басып кету жағдайы;

      23) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етілетін жылжымалы құрамның бүлінуі;

      24) жүк поезының жүру жолында техникалық ақаулықтарынан жүк вагонын ағыту (техникалық қызмет көрсетудің негізгі пунктерінен басқа, барлық жағдайларда есепке алынады);

      25) жолдың жоғарғы құрылысын күтіп ұстаудың бұзылуынан локомотив машинисінің жолдағы "соққыны" мәлімдеуі;

      26) сигнал берудің, орталықтандырудың және бұғаттау мен байланыстың, электрмен жабдықтаудың қалыпты жұмысының бұзылуына алып келген сыртқы ауа температурасы минус 350 С-тан төмен, жел екпіні 25 м/сек-тан астам, найзағай құбылыстары, электрлендірілген учаскелерде түйіспе сымды мұз басқанда кезіндегі ауа-райы жағдайы;

      27) жылжымалы құрамның көлік құралымен соқтығысуы кезіндегі теміржол өткелдеріндегі және темір жолдардағы жол-көлік оқиғасы;

      28) техникалық күтіп ұстауды бұзу салдары болып табылған жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының, өртену жағдайы;

      29) табиғи факторлардың (жолды су шайып кету және қар басып қалу) немесе бөгде адамдардың іс-әрекетінің салдарынан болған осы учаске бойынша поезды өткізудің кідіруін туғызған жолдың жоғарғы құрылысының бұзылуы;

      30) поезды шұғыл тежеуді қолдану қажеттілігін және оның тоқтауын туындатқан бөгде адамдардың теміржолға заттар қоюы;

      31) темір жолдарды жөндеу бойынша технологиялық жұмыстарды 1 сағаттан артық ұстау;

      32) қозғалыс қауіпсіздігін өзге де бұзушылықтар, жоғарыда көрсетілген тізбеге енбейтін бөгде себептердің салдары болып табылатын жағдайлар жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2020 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады