Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 540 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 21903 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 540 бұйрығымен
бекітілген

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру қағидалары

1 тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік - тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

      2) біліктілік сәйкестігін растау - сертификатталған тұлғаның педагогтің кәсіптік стандарттарға біліктілік сәйкестігін растау және оны беру сертификаты түрінде нәтижесі құжаттамалық куәландыру болып табылатын рәсім;

      3) біліктілікті беру – тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, машықтар мен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      5) педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі мекеме – педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру жұмыстарын орындау үшін білім беруге арналған қызмет етуден тәуелсіз аккредиттелген заңды тұлға;

      6) педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру сертификаты - жеке тұлғаның білім саласындағы кәсіби стандарт талаптарына сәйкестігін және оны педагогикалық қызметке жіберу үшін біліктілігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат.

      3. Педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары педагогикалық білімі бар педагогтері мен мамандары, оның ішінде:

      1) жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері жұмысқа алғаш рет кірген кезде;

      2) аттестаттаудан және ұлттық біліктілік тестінен өту кезінде тиісінше орындамағаны туралы комиссияның шешімі бойынша;

      3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған және оқыған адамдар жатады.

2 тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтің біліктілік сәйкестігін растау тәртібі

      4. Педагогтің біліктілік сәйкестігін растау рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі мекеме (бұдан әрі – Сәйкестікті растау жөніндегі мекеме) жүргізетін кәсіптік даярлықты бағалау, білім беру саласындағы мамандардың біліктілігіне сәйкестікті растау негізінде жүргізіледі.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі мекемеге мынадай талаптар қойылады:

      1) осы Қағидаларға сәйкес педагог біліктілігін сертификаттауды жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымның болуы;

      2) сәйкестікті растау рәсімін жүргізу үшін материалдық ресурстар мен инфрақұрылымның болуы;

      3) штатта растайтын біліктілік бейіні бойынша қызметкерлердің болуы;

      4) "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде интернет-ресурстың болуы;

      5) ұлттық аккредиттеудің болуы;

      6) білім беру саласындағы тест тапсырмаларының және сарапшылардың базасының болуы;

      7) соңғы үш жылда білім мен дағдыларды бағалау бойынша тәжірибесінің болуы.

      6. Сәйкестікті растау рәсімі компьютерлік тестілеу және дағдыларды бағалау түрінде жүргізіледі. Сәйкестікті растау рәсімі өткізілетін ғимарат тестілеу рәсімдерінің объективтілігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларымен жабдықталады.

      Педагогтің жеке басын сәйкестендіру жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде жүргізіледі.

      7. Сәйкестікті растау рәсімін өтуге педагогтер бір-бірден кіргізіледі.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 112421 тіркелген) Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында көрсетілген тыйым салынған заттарды ғимаратта пайдалануға жол берілмейді.

      Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Педагогті ғимараттан шығару туралы" акт жасайды.

      8. Сәйкестікті растау жөніндегі мекеменің қызметкері педагогтерге тестілеуді өткізу тәртібі туралы нұсқама өткізеді.

      Тестілеуді өткізу барысында педагогке рұқсат етілмейді:

      1) аудиториядан Сәйкестікті растау жөніндегі мекеме өкілінің рұқсатынсыз және ілесіп жүруінсіз шығу;

      2) сөйлесуге;

      3) бір жерден екінші жерге орын орын ауыстыруға;

      4) тестілеу материалдарымен алмасуға;

      5) тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға;

      6) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген заттарды ғимаратқа және аудиторияға кіргізу, қолда болуы және пайдалануға;

      7) тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждауға, корректор сұйықтығын қолдануға, беттерді жыртуға.

      Тестілеу ережелері бұзылған жағдайда педагог нәтижесі жарамсыз болып саналады.

      9. Сәйкестікті растау рәсімі білім саласындағы кәсіби стандартының білімі мен дағдыларының (құзыреттерінің) сәйкестігіне жүргізіледі.

      10. Сәйкестікті растау рәсімі біліктілікті бағалауды жүргізудің екі кезеңінен дәйекті өтуді қамтиды:

      Бірінші кезең - келесі модульдер бойынша тест сұрақтарының көмегімен автоматтандырылған компьютерлік тестілеу арқылы мәлімделген мамандық бойынша білімді бағалау:

      1) "Пәндік білімді бағалау" модулі;

      2) "Педагогикалық құзыреттер мен құндылықтарды бағалау" модулі.

      Екінші кезең - дағдыларды орындау арқылы, оның ішінде келесі модуль бойынша симуляциялық технологияларды қолдана отырып, дағдыларды бағалау:

      1) "Педагогикалық технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын көрсетуді бағалау" модулі.

      11. Білімді бағалаудың объективтілігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.

      12. Сұрақтардың жалпы санының 50%-ын құрайтын білімді бағалаудың шекті балынан өте алмаған педагог дағдыларды бағалау кезеңіне жіберілмейді.

      13. Дағдыларды бағалау әрбір педагогтің жауаптарын бейне - және аудио-жазу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Жазбалар мұрағатталады және бағалаудан өткен күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн сақталады.

      14. Педагогтерден өтініштерді қабылдауды, сәйкестікті растау рәсіміне тіркеуді және тестілеуді сәйкестікті растау жөніндегі мекеме жүргізеді.

      Өтініш берген кезде педагогтер тестілеудің тапсыру тілін таңдайды. Тіркелу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растауға өтініш;

      2) жеке куәліктің көшірмесі;

      3) екі фотосурет (3х4);

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;

      5) соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда, білім туралы құжат шетелде алынған жағдайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5135 болып тіркелді) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес білім туралы құжатты тану рәсімінен өту қажет.

      Білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) өзгерткен адамдар үшін тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгергені туралы немесе неке қию (бұзу) туралы куәліктің көшірмесін ұсыну қажет.

3 тарау. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагог біліктілігін беру тәртібі

      15. Сәйкестікті растау рәсімі аяқталғаннан кейін педагогтерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру сертификаты беріледі, оның екі мәртебесінің біреуі болуы мүмкін:

      1) "расталды";

      2) "расталмады".

      "Расталмады" нәтижесін алған педагог тиісті өтініш берілгеннен кейін бір ай өткен соң сәйкестікті растаудың қайталама рәсімінен өтеді. Сәйкестікті растаудың қайталама рәсімі кезінде "расталмады" нәтижесін алған педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін сәйкестікті растау рәсіміне жіберіледі.

      16. Сәйкестікті растау рәсімінің оң нәтижесі педагог біліктілігін беру үшін негіз болып табылады.

      Сәйкестікті растау жөніндегі мекеме өзінің ресми интернет-ресурсында білім беру саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілігін беру нәтижелерінің дерекқорын қалыптастырады және өзектендіреді.

      17. Тест тапсырмаларының дұрыс еместігі немесе жауаптарды бағалаудың объективтілігі анықталған жағдайда педагогтің осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес апелляцияға өтініш беруге құқығы бар.

      Апелляцияға өтініш сәйкестікті растау рәсімінің нәтижесін алған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде сәйкестікті растау жөніндегі мекемеге беріледі.

      18. Апелляциялық комиссия сәйкестікті растау жөніндегі мекеменің қызметкерлері мен сарапшылардан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы саны 5 адамнан кем емес.

      Апелляциялық комиссияның отырысы 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі. Шешім дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері апелляциялық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.

      19. Апелляциялық комиссия шешімінің көшірмесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде педагогке жіберіледі.

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында педагогтің
біліктілік сәйкестігін растау
және оны беру қағидалары
1-қосымша
  Нысан

Аудиториядан шығару туралы акт

      "_____"____________________202________жыл___________сағат______минут

      Педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі мекеме өкілі

      ________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))

      Педагогтен: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ______________________________,

      металл іздегіштерді пайдаланып кіргізу кезінде төмендегі заттар табылды:

      ____________________________________________________________

      (табылған заттың атауы, маркасы, саны.)

      Аталған деректі ескере отырып шешім қабылдады:

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________ аудиториядан шығару және бағалауға

      жібермеу.

      Актімен таныстым:

      _______________________________________________________________

      (Педагогтің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)

      Актімен таныстым:

      _______________________________________________________________

      (Педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі мекеме

      өкілінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы)

      М.О

      Күні:__________________

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында педагогтің
біліктілік сәйкестігін растау
және оны беру қағидалары
2-қосымша
  Нысан
  Басшыға
______________________
(педагогтің біліктілік сәйкестігін
растау және оны беру
жөніндегі мекеме)
____________________________
____________________________
кімнен _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден маған педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру рәсімінен өтуге

      рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Тестілеуді тапсыру тілі _____________________________________.

      (керегін жазу)

  Күні
  Педагогтің қолы
  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында педагогтің
біліктілік сәйкестігін растау
және оны беру қағидалары
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(педагогтің біліктілік сәйкестігін
растау және оны беру
жөніндегі мекеме)

Біліктілік сәйкестігін растау және оны беру сертификаты

      Осы сертификат _____________________________________________________ берілді

                                          (тегі, аты-жөні)

      Тестілеудің нәтижесі ______________________________________________________

      Дағдыларды бағалау нәтижесі ______________________________________________

      Мәртебесі "расталды" / "расталмады"

      № ____________________________тіркелген

      "___" _______20__жылы берілді

      Педагогтің біліктілік сәйкестігін растау және оны беру жөніндегі мекеме

      басшысы _________________

      (қолы)

      _________________________________

      Тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда)

      МО

  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында педагогтің
біліктілік сәйкестігін растау
және оны беру қағидалары
4-қосымша
  Нысан
  Аппеляциялық комиссия
төрағасына
___________________________
(педагогтің біліктілік сәйкестігін
растау және оны беру жөніндегі
мекеме)
____________________________
____________________________
кімнен ______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(мамандығы)

Апелляциялық өтініш

      Сәйкестікті растау рәсімінің нәтижелерімен (тестілеу / практикалық дағдылар )

      (қажеттісінің астын сызу)

      Келіспеймін, себебі ___________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Осыған байланысты, менің өтінішімді апелляциялық комиссия отырысында қарап,

      осы мәселе бойынша шешім қабылдауыңызды сұраймын.

  Күні
  Педагогтің қолы
  Орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарында педагогтің
біліктілік сәйкестігін растау
және оны беру қағидалары
5-қосымша
  Нысан

Апелляциялық комиссияның шешімі

      Кандидаттың № _ "__" _____ 20___ж. апелляциялық өтінішін қарау

      кезінде __________________________________________________________

      педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қаулы етті

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Күні

      Төрағаның және апелляциялық комиссия

      мүшелерінің қолдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады