БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12266 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрi – уәкілеттi орган) келiсiлген ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын, орман табиғаты мен оның компоненттерін тану, соның негiзiнде жаңа техника жасауды қоса алғанда, орман ресурстарын күзету, қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөнiнде тәсiлдер, әдiстер және технологиялық процестер әзірлеу үшін кешендi және мамандандырылған (ботаникалық, зоологиялық, орман өсiру, орман-патологиялық, топырақтану және басқа да) ғылыми зерттеулер мен экспериментальдық жұмыстар (бұдан әрi – ғылыми-зерттеу жұмыстары) жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында орналасқан өзге де табиғи объектiлердi зерделеу жатады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ресурстарын дайындау мен пайдалану мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде, судың жай-күйiне әсер ететiн су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жүргiзiлетiн экспериментальдық жұмыстарды орман пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келiсім бойынша жүргiзедi.".
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
Е. Нысанбаев |