"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 285 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде белгіленген Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты:
1) шарттары:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – ұзақ мерзімді бағалы қағаздар;
2) көлемі – 44 030 000 000 (қырық төрт миллиард отыз миллион) теңгеден аспайтын;
3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін айқындалсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Әкім | А. Кульгинов |