Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 01-2 "Жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1258 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 28 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Қайсағалиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарда тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Көлгінов |