Жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 01-2 шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қаңтарда № 1258 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 01-10 шешімімен (әділет органдарда тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 28.04.2020 № 01-10 шешімімен (әділет органдарда тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Азаматтық қорғаныс туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, ауа-райының күрт нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 23 қаңтардан бастап жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандары әкімдеріне, қаланың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдары басшыларына: өрт қызметі, полиция, төтенше жағдайлар қызметі, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер, коммуналдық қызметтеріне жұмысты күшейтілсін және халықтың қауіпсіздігін, уақытылы медициналық көмек көрсетуін, авариялық-құтқару қызметтері және құрылымдары қызметтерін ұйымдастыру қамтамасыз етілсін.

      3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне азаматтық қорғау іс-шараларды жүзеге асыру барысында пайда болатын шұғыл жағдайларға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюға қатысты тиісті шараларды уақытылы қабылдасын.

      4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А. Қайсағалиев қарды тазалау және шығаруды жүзеге асыратын коммуналдық қызметтер мен арнайы техниканың үздіксіз қызметін қамтамсыз ету бойынша шараларды қабылдасын.

      5. Осы шешiм әділет органдарда тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін бастап оның көшірмесі Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберілсін.

      7 Осы шешім Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Қайсағалиевқа жүктелсін.

      Әкім А. Кульгинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады