Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, "Астана қаласы мәслихатының Астана қаласының аумағында құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешіміне (Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қарашада № 1078 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 232/26-VI шешімін іске асыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 114-73 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 113-160 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 802 болып тіркелген, "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде 2014 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Көлгінов |