"Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 тамыздағы № 529/71-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қыркүйекте № 1287 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1247 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы З. Жусупова
      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады