"Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 17-2-бабының 3-тармағына, "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 мамырда № 18709 болып тіркелді) сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
З. Жүсіпова |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысының міндетін атқарушы |
М. Шайдаров |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 тамызы № 527/71-VІ шешіміне қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 бұйрығына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастырудың тәртібін және шарттарын белгілейді.
3. Осы Қағидалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарату, орналастыру мен пайдалану үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету;
2) сыртқы (көрнекі) жарнаманың таратылуы мен орналастырылуын бақылау;
3) ұлттық мүдделерді қорғау;
4) жөнсіз жарнаманың, сондай-ақ қоғамдық құндылықтарға және жалпы қабылданған моральдық және инабаттылық нормаларға қол сұғатын жарнамалардың алдын алу және жолын кесу;
5) теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жарнама – кез келген құралдардың көмегімен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге ықпал ететін ақпарат;
2) әлеуметтік жарнама - белгілі бір адамдар тобына адресатталған және қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
3) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қолжетімді жарнама;
4) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
5) жөнсіз жарнама – оның таратылу, орналастыру мазмұнына, уақытына, орнына және тәсіліне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген теріс пиғылды, шынайы емес, әдепсіз, көпе көрінеу жалған және жасырын жарнама;
6) маңдайша – ғимаратқа кіру орындарының саны бойынша оған кіру шегінде және (немесе) алып отырған аумақтың қоршауына кіруде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ақпарат;
7) дараландыру құралы – тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), азаматтық айналым қатысушыларын (фирма атауы, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және басқасы) айыру үшін қызмет ететін белгі;
8) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
9) жарнама таратушы – мүлікті беру және (немесе) пайдалану, оның ішінде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдары арқылы және өзге де тәсілдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастырудың тәртібі және шарттары
5. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
6. Жарнама әлемдік немесе ұлттық мәдени игілікті, мемлекеттік рәміздерді (елтаңбаларды, туларды, әнұрандарды), кез келген мемлекеттің валютасын, діни рәміздерді, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаларды, қызметті, кәсіпті және тауарды құрайтын өнер объектілеріне нұқсан келтірмеуі тиіс.
7. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерімен немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.
8. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
10. Тиісті хабарламасыз сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға жол берілмейді.
11. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар сыртқы (көрнекі) жарнаманы қаланың аумағы арқылы өтетін үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастырған кезде – "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жібереді;
12. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
13. Хабарламаға:
1) Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
3) эскиздері қоса берілген қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы жарнаманың сипаттамасы.
14. "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі хабарлама бойынша ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.
"Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ескертулер берген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
15. "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыра алады.
16. Жарнаманы көлік құралдарында орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламаны жіберусіз және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем төлеусіз жүзеге асырылады.
3-тарау. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастырғаны үшін төлемақы есептеу тәртібі
17. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте стационарлық жарнама орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді, бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда, төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай, Салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқылы.
18. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жағының алаңына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төленген күнтізбелік ай ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағына бұрын енгізілген төлемді растайтын құжатты қоса бере отырып, хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Үй-жайдың ішінде орналастырылатын бейнелер мен бейнекөріністер тауар өнімін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттайтын сыртқы көзбен көру үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуіне жатады.
19. "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік кірістер органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
20. "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманың үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейнемен растау жолымен анықтайды.
21. Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.
22. Төлемақы сомасы Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік кірістер департаментіне төленеді.
4-тарау. Әлеуметтік жарнаманы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру тәртібі
23. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы салынбайтын әлеуметтік жарнама және қасбеттерді безендіру "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, "Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісіледі.
24. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік жарнамада дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді.
Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар туралы, егер осы жарнаманың мазмұны осындай коммерциялық емес ұйымдардың қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, айтуға жол беріледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде әлеуметтік жарнама орналастыру кезінде, демеушілер туралы айтуға жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.
25. Өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Салық кодексіне сәйкес төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
5-тарау. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру
26. Сыртқы (көрнекі) жарнама және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жолдың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және нұсқағыштарына ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.
27. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары мен жол жүрісі туралы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
28. Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланылатын жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін уақытша жер пайдалануға беріледі.
6-тарау. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайтын ақпараттық объектілерді үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру
29. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:
1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;
5) мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын ақпарат;
6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткіштері туралы ақпарат (мәліметтер);
7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:
- үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
- көрсетілетін қызмет түрлері;
- дараландыру құралдары;
- декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.
30. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимарат қасбетінің эстетикалық сыртқы түрін қамтамасыз етуі керек. Кіру тобында сыртқы маңдайша, яғни кәсіпорынның бейіні туралы, тұтынушыны кәсіпорынның орналасқан жері туралы хабар ететін және оған кіру есігін көрсететін оның фирмалық атауы мен дараландыру құралдары туралы ақпарат орналастырылуы керек, ол үй-жайға кіру шегінде, алып жатқан аумақтың қоршауының кіреберісінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ғимараттарының, оларға жапсаржайларының және уақытша құрылысжайларының шатырлары мен қасбеттерінде, олардың нақты орналасқан және тауарларды іске асыру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жерінде орналасуы мүмкін.
31. Сөрелерді көрсетілген кәсіпорында іске асырылатын тауарлар және көрсетілетін қызметтер, яғни тауар өнімдері туралы ақпаратпен, кәсіпорынның жеке фирмалық атауымен, декорациялық безендіру элементтерімен, мерекелік безендірумен ішкі жағынан безендіруге жол беріледі. Сөрелерді безендіру эстетикалық талаптарға жауап беруі тиіс.
7-тарау. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, өзге ақпараттық құрылғылардың ақпараттық бөлігіне қойылатын талаптар
32. Жарнама, электрондық коммерция саласын қоса алғанда, таратудың, орналастырудың нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, анық, тікелей ұсынылу кезінде арнаулы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай танылатын болуы тиіс.
33. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұнының аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс.
34. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға жол берілмейді.
Егер жарнама беруші жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиіс болса, онда тиісті тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде, лицензияның нөмірін және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.
35. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) көрсету теңгемен жүзеге асырылады.
36. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
37. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.
38. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін пайдаланылмауы тиіс.
39. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекетті (әрекетсіздікті) қоздырмауы тиіс.
40. Жөнсіз жарнамаға тыйым салынады.
41. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткіштерінде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.
42. Медициналық көрсетілетін қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.
43. Қызметтік және азаматтық қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнімдерді жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерінде жол беріледі. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсілдерін тікелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуі тиіс.
44. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде кәмелетке толмағандарды қорғау.
Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезінде кәмелетке толмағандарды олардың сенімін және тәжірибесінің жоқтығын теріс пайдаланудан қорғау мақсатында:
1) ата-ананың, тәрбиешілердің, педагогтардың беделін түсіруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенімін жоғалтуға;
2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнімді сатып алуға иландыра шақыратын тікелей ұсыныс жасауға;
3) белгілі бір өнімге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретінін, сондай-ақ қолда ондай өнімнің болмауы керісінше жағдайға алып келетінін кәмелетке толмағандарға тікелей көрсетуге;
4) кәмелетке толмағандарды қауіпті орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтіндік, көрнекі немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;
5) әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тікелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерін көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға;
6) өнімді пайдалану нәтижелері көрсетілген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнімді пайдалану дағдыларының қажетті деңгейін кемітіп көрсетуге жол берілмейді. Жарнама өнім арналған жас мөлшері тобындағы кәмелетке толмағандар үшін нақты қол жеткізуге болатын ақпарат беруі тиіс;
7) кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнімнің құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнімге кез келген отбасы бюджеті қол жеткізе алады деген тікелей немесе жанама нұсқауға жол берілмейді.
8-тарау. Жарнама туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты анықтау және жою тәртібі
45. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде жарнама салысында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
46. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
47. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі:
1) "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнаманы қаланың аумағы арқылы өтетін үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
2) "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі хабарламасыз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтайды;
4) "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар береді;
5) "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі сыртқы (көрнекі) жарнаманың Нұр-Сұлтан қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейнемен растау жолымен анықтайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де құзыреттерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
48. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау "Жарнама туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Жарнама таратушылардың және жарнама берушілердің қызметі жарнама саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.
Жарнама таратушылар және жарнама берушілер бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау айына екі реттен жиілетпей жүргізіледі.
9-тарау. . Нұр-Сұлтан қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) сыртқы (көрнекі) жарнаманы бөлшектеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру тәртібі
49. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге де заттай құқықтары бар тұлғалар:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға;
2) адамдардың өмірі мен денсаулығы, барлық меншік нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті.
50. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге де заттай құқықтары бар тұлғалар белгіленген мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеу бойынша міндетін орындамаған немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесі белгісіз болған жағдайда, "Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге де заттай құқықтары бар тұлғаларға сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеу туралы орындалуы міндетті ұйғарым береді.
51. Сыртқы жағына сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылған ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге де заттай құқықтары бар тұлғалар ұйғарым берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге де заттай құқықтары бар тұлғалар ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге де заттай құқықтары бар тұлғалардың талап етуі бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеуге байланысты шеккен шығындарды өтеуге міндетті.
Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге де заттай құқықтары бар тұлғалар шығындарды ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе кондоминиум объектісін басқару органы, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге де заттай құқықтары бар тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеу кезінде шеккен шығындарын өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуге құқылы.
52. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы жеке меншік объектілерінде орналастыру бойынша көрсетілетін қызметке тұрақты мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгілеуге тыйым салынады.
53. Көпшілік пайдаланатын орындарда қаланы мерекелік безендіруді ұйымдастыру, орналастыру және бөлшектеуді қаланың тиісті қызметтері жүзеге асырады.
54. Ғимараттарда, қоршауларда, қалалық жолаушылар көлігінің павильондарында, жарықтардың тіреулерінде, ағаштарда қандай да болсын хабарламаларды және басқа да ақпараттық мәлімдемелерді жапсыруға және ілуге жол берілмейді.
55. Өз бетінше орналастырылатын жарнамалық және өзге де хабарламаларды, жазуларды және суреттерді барлық объектілерден (ғимараттар мен құрылысжайлардың, дүкендердің қасбеттерінен, түйіспе тор тірегінен және сыртқы жарықтардан және т.б.) жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ведомстволық тиістілігіне қарамастан, қаланың аудан әкімдерінің аппараттарына, сондай-ақ өз бетінше орналастыратын жарнамалық ақпараттың иелеріне жүктеледі.
10-тарау. Қорытынды ережелер
56. Қағида Нұр-Сұлтан қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы таратуды, орналастыруды және пайдалануды жүргізетін жеке және заңды тұлғалардың қызметінде туындаған қатынастарға қолданылады.
57. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық:
1) жарнама беруші жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін, егер ол жарнама жасаушының немесе жарнама таратушының кінәсінен болғаны дәлелденбесе, жауапты болады.
2) жарнама жасаушы жарнаманы ресімдеуге немесе жасауға қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапты болады.
3) жарнама таратушы жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсіліне қатысты Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапты болады.
4) Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен туындайды.
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастырудың тәртібі және шарттары туралы қағидалар ХАБАРЛАМА
Меншік иесі _______________________________________________________________
(сыртқы (көрнекі) жарнама иесін, меншік құқығын растайтын құжатты көрсету)
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру орны және кезеңі
__________________________________________________________________________
(орналастыру орнын, орналастыру кезеңін көрсету)
Нобайдың сипаттамасы: _____________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қосымша:
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы жасалғанын растайтын құжат;
2) нобай.
Күні_____________________________ Қолы____________________________