"Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 7864 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 6С-50-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6122 тіркелген, 2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Амбулаториялық емделу кезінде "Ювенильді идиопатиялық артрит" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Адалимумаб", "Тоцилизумаб" дәрілік заттары, "Өкпе гипертензиясы" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Риоцигуат" дәрілік заты, "Буллезді эпидермолиз" ауруынан зардап шегетін азаматтарға арнайы тағамдар, ағзалар мен тіндерді транспланттауды өткен азаматтарға "Вальцит" дәрілік заты, орфандық ауруларымен зардап шегетін азаматтарға "Адамның қалыпты иммуноглобулині" дәрілік заты уәкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес, "Созылмалы вирустық С гепатиті" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Пегинтерферон альфа 2b" дәрілік заты, "Целиакия" ауруынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балаларға арнайы емдік тағамдар, "Эпилепсия" ауруынан зардап шегетін 18 жасқа дейінгі балаларға "Вигабатрин", "Сультиам", "Клобазам" дәрілік заттары, "Шашыранды склероз" ауруынан зардап шегетін азаматтарға "Пегинтерферон бета-1а" дәрілік заты тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
С.Аяганов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
      "Ақмола облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады