Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражатының есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 6С-51-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 8170 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 12-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражатының есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7908 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешім қосымшасының 6-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы, Ақмола облыстық
мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы
А.Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады