Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражатының есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6С-45-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 7908 болып тіркелді.

      "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражатының есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы,
Ақмола облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
С.Аяганов

  Ақмола облыстық мәслихатының
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 6С-45-6 шешіміне
қосымша

Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражатының есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бюджет қаражатының есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау), кәсіптік қызметін Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде жүзеге асыратын педагогтерге көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау, уәкілетті орган – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.

2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау, педагогтерден өтініштерді талап етусіз, білім беру ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы педагогтердің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Педагогтерге әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражатының есебінен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      6. Алынып тасталды - Ақмола облыстық мәслихатының 23.11.2020 № 6С51-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады