"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А.Смаилов |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/75 қаулысымен бекітілген |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | |||
Балабақша | Толық күн болатын шағын орталық | |||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
Көкшетау қаласы | 5863 | 1430 | 125 | 0 |
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
Балабақша | Толық күн болатын шағын орталық | |||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
30 165 теңге | 30 165 теңге | 23 005 теңге | 0 | |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||||
Балабақша | Толық күн болатын шағын орталық | |||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | |
3 жасқа дейін – 10 681 теңге |
3 жасқа дейін – 10 681 теңге |
3 жасқа дейін – 10 681 теңге | 0 |