Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 29 шілдедегі № 6С-7/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімі;
Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 6С-7/4 "Степногорск қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 22 тамыздағы № 6С-19/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6087 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қалалық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Н.Морозова |
Степногорск қалалық мәслихат хатшысының міндетің атқарушы |
О.Джагпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімдігі |