Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-67/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 8286 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 27.08.2021 № 7С-9/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Бұланды ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Бұланды аудандық
мәслихатының хатшысы
Ш.Кусаинов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының әкімдігі


  Бұланды аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С-67/3 шешіміне
1 қосымша

Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 27.08.2021 № 7С-9/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 17.

      2. Алаң, Макинск қаласы, Парковая көшесі, 2.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин және Мәлік Ғабдуллин көшелерінің қиылысынан Сәкен Сейфуллин көшесі, 17 бойынша "Қазпошта" акционерлік қоғамының объектісіне дейін.

      4. Алаң, Алтынды ауылы, Тұрсынбек Кәкішев көшесі, 18 құрылыс.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Алтынды ауылы, Тұрсынбек Кәкішев көшесі, № 22 үйден "Қазпошта" акционерлік қоғамының объектісіне дейін, құрылыс, 18.

      6. Алаң, Журавлевка ауылы, Береке көшесі, 27.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Журавлевка ауылы, Комсомольская және Астана көшелерінің қиылысынан Береке көшесі, 27 бойынша "Қазпошта" акционерлік қоғамының объектісіне дейін.

      8. Алаң, Капитоновка ауылы, Достық көшесі, 50.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Капитоновка ауылы, Бейбітшілік және Балуан шолақ көшелерінің қиылысынан Достық көшесі, 50 бойынша "Журавлевка-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісіне дейін.

      10. Алаң, Новобратское ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новобратское ауылы, Садовая және Абай көшелерінің қиылысынан "Новобратское және К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне объектісіне дейін Шоқан Уәлиханов көшесі, 1.

      12. Алаң, Никольское ауылы, Советская көшесі, 13 Б.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Никольское ауылы, Мира және Советская көшелерінің қиылысынан Советская көшесі, 13 Б бойынша "Никольское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісіне дейін.

      14. Алаң, Партизанка ауылы, Ленина көшесі, 22.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Партизанка ауылы, Ленина көшесі, 15 үйден "Партизанское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің объектісіне дейін, Ленина көшесі, 22.

  Бұланды аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С-67/3 шешіміне
2 қосымша

Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 27.08.2021 № 7С-9/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Бұланды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) алаң, Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 17, шекті толу нормасы 100 адам;

      2) алаң, Макинск қаласы, Парковая көшесі, 2, шекті толу нормасы 50 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Макинск қаласы, Сәкен Сейфуллин және Мәлік Ғабдуллин көшелерінің қиылысынан Сәкен Сейфуллин көшесі, 17 бойынша "Қазпошта" акционерлік қоғамының объектісіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      4) алаң, Алтынды ауылы, Тұрсынбек Кәкішев көшесі, 18 құрылыс, шекті толу нормасы 30 адам;

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Алтынды ауылы, Тұрсынбек Кәкішев көшесі,№ 22 үйден "Қазпошта" акционерлік қоғамының объектісіне дейін құрылыс, 18, шекті толу нормасы 30 адам;

      6) алаң, Журавлевка ауылы, Береке көшесі, 27, шекті толу нормасы 30 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Журавлевка ауылы, Комсомольская және Астана көшелерінің қиылысынан Береке көшесі, 27 бойынша "Қазпошта" акционерлік қоғамының объектісіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      8) алаң, Капитоновка ауылы, Достық көшесі, 50, шекті толу нормасы 30 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Капитоновка ауылы, Бейбітшілік және Балуан шолақ көшелерінің қиылысынан Достық көшесі, 50 бойынша "Журавлевка-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      10) алаң, Новобратское ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1, шекті толу нормасы 30 адам;

      11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новобратское ауылы, Садовая және Абай көшелерінің қиылысынан "Новобратское және К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне объектісіне дейін Шоқан Уәлиханов көшесі, 1, шекті толу нормасы 30 адам;

      12) алаң, Никольское ауылы, Советская көшесі, 13 Б, шекті толу нормасы 30 адам;

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Никольское ауылы, Мира және Советская көшелерінің қиылысынан Советская көшесі, 13 Б бойынша "Никольское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;

      14) алаң, Партизанка ауылы, Ленина көшесі, 22, шекті толу нормасы 30 адам;

      15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Партизанка ауылы, Ленина көшесі, 15 үйден "Партизанское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің объектісіне дейін, Ленина көшесі, 22, шекті толу нормасы 30 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Бұланды ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Бұланды аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С-67/3 шешіміне
3 қосымша

Бұланды ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 27.08.2021 № 7С-9/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Бұланды ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады