Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С20-2 "Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 6С48-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 маусымда № 7893 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С20-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6395 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 ақпанда аудандық "Алтын астық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егінідкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Ошакбаев
      Егіндікөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімдігі

      "Келісілді"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады