Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 6С20-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6395 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 6С48-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 6С48-6 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабының 3 тармағына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С10-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қаңтарда аудандық "Алтын Астық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Ошақбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Абилов

      "Келісілді"

      Егіндікөл ауданының әкімі Н.Төлепов

      2018 жылғы 30 қаңтар

      "Келісілді"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Ахметуллин

      2018 жылғы 30 қаңтар

  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 6С20-2 шешіміне
қосымша

Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады