Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 31.01.2024 № 8С16-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5553 тіркелген, 2016 жылғы 03 қазанда "Алтын астық" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квази мемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";
5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
7-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
мүгедек балаларға;
мүгедек баланы тәрбиелейтін тұлғаларға;
қатерлі ісіктер бар азаматтарға;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар азаматтарға;
туберкулезбен ауыратындарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
көп балалы отбасыларға;
аз қамтылған отбасыларға;
үшінші және одан кейінгі бала туған аналарға;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге;
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста бір шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.";
9-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Әлеуметтік көмек ұсынылады:
1) Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға;
еңбек ардагерлеріне;
2) Қарттар күніне орай:
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
3) Мүгедектер күніне орай:
мүгедек балаларға;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
4) әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай келесі азаматтарға (отбасыларға) көрсетіледі:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар азаматтарға дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысы негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
туберкулезбен ауыратындарға, уәкілетті ұйымның тізімі және ауруын растайтын анықтама негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;
қатерлі ісіктер бар азаматтарға, ауру тарихы үзіндісі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету үшін жабдықтың тұратын құны мөлшерінде бір рет;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға облыстық, қалалық медицина мекемелерінде стационарлық емделуден кейін медициналық мекеме куәландыруының негізінде жиырма жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
үшінші және одан кейінгі бала туған аналарға баланың туу туралы куәлігінің негізінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге білім беру мекемесімен жасалған келісім шарттың көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты, оқуды төлеу бойынша түбіртектері негізінде оқу шығындарын жүз пайыз өтеу;
аз қамтылған отбасылардан, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Егіндікөл ауданында жұмысты өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын жүз пайыз өтеу, төлем білім беру мекемесімен жасалған келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, Егіндікөл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты, оқу орнынан берілген анықтама, ауыл, ауылдық округ әкімінің қолдаухаты негізінде көрсетіледі;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне өтініштің берілген күніне сәйкес кезек тәртібімен мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын сауықтыру үшін жолдама жылына бір рет;
әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызмет ақысы шығындарына, ай сайын:
коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеу үшін коммуналдық қызмет шығындары мөлшерінде;
жылу беру маусымына қатты отынға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ұялы байланыстан басқа, байланыс қызметтеріне телефон үшін абоненттік төлем құны мөлшерінде;
газбен жабдықтау, ай сайын өтеу күні ауданда қалыптасқан орташа статистикалық бағалар бойынша айына бір баллонның құны мөлшерінде;
5) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына табыстарын ескере отырып жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.";
11-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"11. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.";
14-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
М.Бектуров |
Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Егіндікөл ауданының әкімдігі |