Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 8288 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес, Егіндікөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы, Егіндікөл аудандық
мәслихат хатшысының міндетін
атқарушы
М.Бектуров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Егіндікөл ауданының әкімдігі


  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С55-3 шешіміне
1-қосымша

Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Егіндікөл ауылы, "Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Победы көшесі, 6.

      2. Егіндікөл ауылы, "Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан орталық саябақ, Победы көшесі, 10.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Егіндікөл ауылы, Победы көшесі Школьная көшесінің қиылысынан Гагарин көшесінің қиылысына дейін.


  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С55-3 шешіміне
2-қосымша

Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      3. Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Егіндікөл ауылы, "Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Победы көшесі, 6, шекті толу нормасы 50 адам;

      2) Егіндікөл ауылы, "Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан Орталық саябақ, Победы көшесі, 10, шекті толу нормасы 50 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Егіндікөл ауылы, Победы көшесі Школьная көшесінің қиылысынан Гагарин көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      4. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.


  Егіндікөл аудындық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С55-3 шешіміне
3-қосымша

Егіндікөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Егіндікөл ауданында Заңның 9-бабының 5-тармағында көрсетілген объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 200 метр қашықтықта пикеттелді өткізуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады