Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8288 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | К.Шинтемиров |
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 8C27-2 шешіміне 1-қосымша |
|
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 шешіміне 1-қосымша |
Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1. Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) орталық алаң, Егіндікөл ауылы, Победы көшесі, 6;
2) орталық саябақ, Егіндікөл ауылы, Победы көшесі, 11;
3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Егіндікөл ауылы, Победы көшесінен Школьная көшесіне дейін;
4) "Егіндікөл ауданы Абай ауылы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Абай ауылы, Дружбы көшесі, 4;
5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай ауылы, Дружбы көшесінен Наурыз көшесіне дейін;
6) алаң, Бауман ауылы, Бауман көшесі, 11А;
7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Бауман ауылы, Бауман көшесінен Степан Разин көшесіне дейін;
8) "Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Буревестник ауылы, Орталық көшесі, 2;
9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Буревестник ауылы, Орталық көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін;
10) "Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі, 11;
11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесінен Мәншүк Мәметова көшесіне дейін;
12) "Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Қоржынкөл ауылы, Ленин көшесі, 21;
13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қоржынкөл ауылы, Ленин көшесінен Мира көшесіне дейін;
14) "Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Полтавское ауылы, Центральная көшесі, 10;
15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Полтавское ауылы, Целинная көшесінен Центральная көшесіне дейін;
16) "Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Спиридоновка ауылы, Горький көшесі, 3;
17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Спиридоновка ауылы, Горький көшесінен Мира көшесіне дейін;
18) "Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі, 31;
19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесінен Южная көшесіне дейін.
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 8C27-2 шешіміне 2-қосымша |
|
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 шешіміне 2-қосымша |
Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Осы Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
Егіндікөл ауданының әкімдігі Заңның 8-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес өзінің интернет ресурсында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындардың тізбесін, сондай-ақ олардың жұмыспен қамтылуы туралы ақпаратты орналастырады.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) орталық алаң, Егіндікөл ауылы, Победы көшесі, 6, шекті толу нормасы 50 адам;
2) орталық саябақ, Егіндікөл ауылы, Победы көшесі, 11, шекті толу нормасы 50 адам;
3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Егіндікөл ауылы, Победы көшесінен Школьная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
4) "Егіндікөл ауданы Абай ауылы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Абай ауылы, Дружбы көшесі, 4, шекті толу нормасы 10 адам;
5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Абай ауылы, Дружбы көшесінен Наурыз көшесіне дейін, шекті толу нормасы 10 адам;
6) алаң, Бауман ауылы, Бауман көшесі, 11А, шекті толу нормасы 20 адам;
7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Бауман ауылы, Бауман көшесінен Степан Разин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 20 адам;
8) "Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Буревестник ауылы, Орталық көшесі, 2, шекті толу нормасы 10 адам;
9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Буревестник ауылы, Орталық көшесінен Абай Құнанбаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 10 адам;
10) "Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі, 11, шекті толу нормасы 10 адам;
11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесінен Мәншүк Мәметова көшесіне дейін, шекті толу нормасы 10 адам;
12) "Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Қоржынкөл ауылы, Ленин көшесі, 21, шекті толу нормасы 10 адам;
13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қоржынкөл ауылы, Ленин көшесінен Мира көшесіне дейін, шекті толу нормасы 10 адам;
14) "Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Полтавское ауылы, Центральная көшесі, 10, шекті толу нормасы 20 адам;
15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Полтавское ауылы, Целинная көшесінен Центральная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 20 адам;
16) "Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Спиридоновка ауылы, Горький көшесі, 3, шекті толу нормасы 20 адам;
17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Спиридоновка ауылы, Горький көшесінен Мира көшесіне дейін, шекті толу нормасы 20 адам;
18) "Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы аумақ, Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі, 31, шекті толу нормасы 20 адам;
19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесінен Южная көшесіне дейін, шекті толу нормасы 20 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық 1,5 метрді құрайды.
8. Пикет өткізуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Егіндікөл ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 8C27-2 шешіміне 3-қосымша |
|
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 шешіміне 3-қосымша |
Егіндікөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Егіндікөл ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасынан 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс- тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.