Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 2 мамырдағы № а-5/100 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № а-8/212 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 қыркүйекте № 8018 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № а-4/82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 28.04.2021 № а-4/82 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы" бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № A-12/623 қаулысының және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6C-40- 9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7588 тіркелген, 2019 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) негізінде Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Біржан сал ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2019 жылдың 2 мамырдағы № а-5/100 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7178 тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н. Нұрғалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданының әкімі Е.Нугманов

 
  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "9" қыркүйектегі
№ а-8/212 қаулысына
қосымша
  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "2" мамырдағы
№ а-5/100 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Степняк қаласы

Біржан сал көшесі, 36, Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

2

Ақбұлақ ауылы

Мектеп көшесі, 5, ақпараттық тақта

3

Ақсу ауылы

Желтоқсан көшесі, 7, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Совет негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

4

Ақтас ауылы

Көктем көшесі, 1, ақпараттық тақта

5

Алға ауылы

Абылай хан көшесі, 11, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Алға негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

6

Аңғал батыр ауылы

Жамбыл көшесі, 8, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Амангелді орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

7

Андықожа батыр ауылы

Школьная көшесі, 1, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Донской орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

8

Баймырза ауылы

Уәлиханов көшесі, 22, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Баймырза негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

9

Бірсуат ауылы

Сатан Нұрмағанов көшесі, 9, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Бірсуат орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

10

Бұланды ауылы

Бауыржан Момышұлы көшесі, 28, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Бұланды орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

11

Еңбекшілдер ауылы

Орталық көшесі, 24, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Еңбекшілдер орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

12

Жаңалық ауылы

Бейбітшілік көшесі, 14, ақпараттық тақта

13

Жөкей ауылы

Лесная көшесі, 5, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Жөкей бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

14

Заозерное ауылы

Мөлтек ауданы көшесі, 37, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Заозерный негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

15

Заураловка ауылы

Болашақ көшесі, 19, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Заурал негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

16

Қаратал ауылы

Мағжан Жұмабаев көшесі, 1, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Қаратал бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

17

Карловка ауылы

Приозерная көшесі, 13А, ақпараттық тақта

18

Кеңащы ауылы

Ақан Сері көшесі, 33, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Кенащи орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

19

Қоғам ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

20

Краснофлотское ауылы

Мектеп көшесі, 26, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Краснофлот негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында ақпараттық тақта

21

Құдықағаш ауылы

С. Шәріпов көшесі, 20, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Рамазан Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

22

Қызылұйым ауылы

Орталық көшесі, 8, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Қызылұйм негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

23

Макинка ауылы

Валерий Чкалов көшесі, 65, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Макин орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

24

Мақпал ауылы

Орталық көшесі, 10, Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мақпал ауылдық клубының жанындағы ақпараттық тақта

25

Мамай ауылы

Шоқан Уәлиханов көшесі, 11, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Мамай негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

26

Сәуле ауылы

Ақан Сері көшесі, 2Б, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Шәрәпи Әлжанов атындағы Сәуле орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

27

Тасшалқар ауылы

Школьная көшесі, 1, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Невский орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

28

Трамбовка ауылы

Лесная көшесі, 1, ақпараттық тақта

29

Уәлихан ауылы

Ленин көшесі, 2, Біржан сал ауданының "Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

30

Үлгі ауылы

Ғарыбжан Каримов көшесі, 6, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Казгородок орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта

31

Ұйымшыл ауылы

Базарбек көшесі, 13а, ақпараттық тақта

32

Шошқалы ауылы

Жамбыл көшесі, 29, ақпараттық тақта

33

Яблоновка ауылы

Аталық көшесі, 13, Біржан сал ауданы білім бөлімінің "Яблановка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады