Біржан сал ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № а-4/82 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 8471 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Біржан сал ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Д. Шәймерденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданының әкімі Д.Есжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Біржан сал ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы

      "28" сәуір 2021 жыл


  Біржан сал ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "28" сәуірдегі
№ а-4/82 қаулысына
қосымша

Біржан сал ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Біржан сал ауданы әкімдігінің "Біржан сал ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 23 тамыздағы № а-8/262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6784 тіркелген);

      2. Біржан сал ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2019 жылғы 2 мамырдағы № а-5/100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7178 тіркелген);

      3. Біржан сал ауданы әкімдігінің "Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 2 мамырдағы № а-5/100 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № а-8/212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8018 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады