Есіл ауданы әкімінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 4 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 шілдеде № 7972 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7830 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.И.Нұрлыбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Балжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады