Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8278 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 8С-29/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 24.06.2024 № 8С-29/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық
мәслихат сессиясының
төрағасы
К.Байжуманова
      Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы
У.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі


  Жарқайың аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 6С-64/2 шешіміне
қосымша

Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Жарқайың ауданында тұратындарға ұсынылады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.06.2023 № 8С-7/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Шекті жол берілетін шығыстардың үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 14.04.2021 № 7С-8/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.06.2023 № 8С-7/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10% (пайыз) мөлшерінде айқындалады.

      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.06.2023 № 8С-7/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Жергілікті жылу беретін қатты отынды тұтынуға өтемақы нормалары отбасына (азаматқа) жылына бір рет 5 (бес) тонна мөлшерінде көмір белгіленеді. Көмірдің құны статистика органдарының деректеріне сәйкес, өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға қабылдансын.

      7. Электр энергиясынын шығыс нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловатт белгіленсін.

      8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 8С-18/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. 9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 14.04.2021 № 7С-8/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын үй - жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табысы мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      Отбасымен (азаматпен) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілімен) заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеліп соғатын құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес ұсынған кезде, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы өз еркі тәртібінде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

      11. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша алынады.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады