"Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 8С-7/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 маусымда № 8592-03 болып тіркелді

      Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8278 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.";

      4 тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.";

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10% (пайыз) мөлшерінде айқындалады.

      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А.Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады