"Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 7С-8/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 8442 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 8С-29/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 24.06.2024 № 8С-29/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-64/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8278 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қосымшаның 4 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4. Шекті жол берілетін шығыстардың үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 11 (он бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";

      көрсетілген қосымшаның 5 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.";

      көрсетілген қосымшаның 9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     
      Жарқайың аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
Р.Садвакасова
      Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы А.Альжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады