Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 8032 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы әкімінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы әкімінің 21.10.2020 № 4 шешімімен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-28-323 ұсынысы негізінде, Шойындыкөл ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты, Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шойындыкөл ауылының әкімі Н.Бердығали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады